О внесении изменений и дополнений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата "Об областном бюджете на 2001 год" от 26 декабря 2000 года N 7/2-II Күшін жойған
Басқа 0
"2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан 2000 жылғы облыстық Мәслихатының 26 желтоқсандағы N 7/2-II шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 01-151/01-06 хатымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының"6 бабы негiзiнде, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердi 2001 жылғы көктемгi егiс және жинау жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджетке несие берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 503
қаулысына сәйкес "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс
Қазақстан (облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 наурыздағы N 8/5-II
Шешiмiмен оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып) облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы шешiмiне мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 1 тармақта
"3439001,0 мың теңге" "3571001,0 мың теңгеге";
"363992,0 мың теңге" "1037992,0 мың теңгеге";
"16896662,0 мың теңге" "17136439,0 мың теңгеге";
"1159000,0 мың теңге" "2152033,0 мың теңгеге" өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. 15-1 тармағы мына мазмұнда толықтырылсын:
Тармақ 15-1
" 15-1. 2001 жылға арналған облыстық бюджетте мыналар көзделсiн: республикалық бюджеттен жылдық сый ақы 9,4% ставкасымен 200000,0 мың теңге сомасында несие түсу;
"Ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге 2001 жылы көктемгi егiс және
жинау жұмыстарын жүргiзуге несие беру" жергiлiктi бюджет бағдарламасы
200000,0 мың теңге сомасында;
ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер алған 200000,0 мың теңге
сомасындағы несиенi қайтару;
жергiлiктi атқарушы органдардың 10967,0 мың теңге сомасындағы несие
қарызына қызмет ету;
Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық
бюджет алдындағы 200000,0 мың теңге қарызын 2001 жылдың 1 желтоқсанына
дейiн өтеу.
Көрсетiлген несиелердi өтеуге және қызмет етуге байланысты бюджеттiк
бағдарламалар 2001 қаржы жылы бойында секвестрлеуге жатпайды".
Тармақ 3
3. "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 7/2-II шешiмiне қосымша жаңадан сараланып берiлсiн (ұсынылып отыр).
Басқа 5. 2001 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет
ШҚ Облыстық мәслихаттың
2001 ж. 25 сәуірдегі
IХ сессиясының N 9/2-II шешіміне
N№1 қосымша
2001 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет