Қолданыстағы ред. 28.02.2006

2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 28.02.2006 г. № 25-4 (2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабы және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 12-7 «Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Бөрлі ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды ұстаудың Ережесіне (2001 жылдың 25 шілдедегі № 1000 тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1

1) аталған ереженің 2 тармағындағы «Тәуелсіз тұқұмына, басқада нәрсеге тағайындалуына қарамастан, қарғы баумен, жетонмен жәнеде тұмсық тормен болсада, көшеде, базарда, қаланың шағын гүл алаңында, қалалық паркте қожасыз жүрген иттер қаңғыған деп есептелінеді, сондықтан олар ұсталынуға және жойылуға жатады.» деген сөздер алынып тасталсын.

2

2. Осы шешім қолданып жүрген Заңдарға сәйкес заңды күшіне енеді.