Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы №44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Басқарудың тиімділігін арттыру, ақпараттық алмасуды реттеу, қағазбастылықты қысқарту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы №44 "Қызылорда облысы әкімиятының Регламентін бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысы әкімиятының Регламентінде 4 бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Кіріс хат хабарларды қарау. Әкімият және әкім кесімдерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі"; 16 тармақ келесі редакцияда жазылсын: "16. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреттеріне кіретін барлық мәселелер бойынша өздігінен шешім қабылдайды. Бірнеше жергілікті атқарушы органдардың құзыреттеріне кіретін мәселелер бойынша бірлескен шешімдер қабылданады, олар бірлескен бұйрықтармен немесе басқа кесімдермен рәсімделеді. Мемлекеттік органдар әкімиятқа, облыс әкіміне тиісті шешімдер қабылдау үшін қызметтік хат хабарларды мынадай жағдайларда жолдайды: 1) мәселені шешу әкімияттың, облыс әкімінің құзыретінде болса; 2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде; 3) мәселенің шешілуі ведомство аралық үйлестіруді талап еткенде. Облыс әкімі аппараты туралы Ережеге сәйкес облыс әкімиятының Регламентінің және облыс әкімі аппаратында іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың талаптары бұзылып рәсімделген құжаттар әзірлеушіге пысықтауға қайтарылады. Жергілікті атқарушы, басқа да мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің белгіленген есеп беруде қарастырылмаған, сынған ақпараттық материалдар, сондай-ақ, төтенше жағдайларды жоюға қатысты емес жергілікті маңыздылықтар мен мақсаттарды шешуге және өзге де алдын ала қарастырылмаған шығындарға бюджетте қаралмаған қаражаттар бөлу туралы олардың обләкімиятқа, облыс әкіміне жолдаған өтініштері қаралмай қайтарылады. Облыстық әкімиятқа, облыс әкіміне жолданған жергілікті атқарушы, басқа да мемлекеттік органдардың өтініштерінде көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін тиісті органдарда пысықталмаса құжаттар, сондай-ақ, қыстақ, ауыл округтері әкімдерінің аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерімен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштер мәселенің егелігіне қарай қараусыз жолданады. Облыстық ұйымдардан түсетін барлық құжаттама құзыреттеріне сәйкес облыс әкімі орынбасарларына, аппарат басшысына қарауға беріледі, олар сол бойынша шешім қабылдайды және шағым берушілерге жауап дайындайды. Егер қойылған мәселенің шешімі облыс әкімі орынбасары, аппарат басшысының өкілеттігі шегінен шықса, онда олар тиісті ұсыныс дайындайды және қорытынды шешім қабылдау үшін облыс әкіміне ұсынады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің аппарат басшысы Ғ. Жарқынбаевқа жүктелсін.