Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысының атқарушы органдарының құрылымындағы өзгерістерге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН: облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 «Қызылорда облысындағы жер қойнауын пайдалану құқығының келісім-шарттарды жасау және орындау жөніндегі облыс әкімінің құзыретті органы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтағы «департамент» сөзі «басқарма» сөзіне ауыстырылсын; 2 тармақта: комиссия құрамына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлімұлы Ретаев, комиссия төрағасы және облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Бақтиярұлы Мұхамедов комиссия мүшесі болып енгізілсін; «С. Мырзашев - облыстық өнеркәсіп және көлік департаментінің бастығы» жолдағы, «департаментінің» деген сөзді «басқармасының» сөзіне ауыстырылсын; «М. Қарқынбаев - өнеркәсіп және көлік департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы» жолдағы «департаментінің жер қойнауын пайдалану» деген сөздерді «басқармасының минералдық ресурстар» сөздеріне ауыстырылсын; комиссия құрамынан К.Н.Нұрекешов және А.Камалатдин шығарылсын; 4 тармақтағы «облыс әкімінің орынбасары К.Н.Нұрекешовке» деген сөздері «облыс әкімінің орынбасары С.С.Ретаевқа» сөздерімен ауыстырылсын.