О неотложных мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах Атырауской области в 2001 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылғы Атырау облысының су тоғандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-1 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңын орындауда және Атырау облысының су тоғандарында азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) суға шомылатын маусым кезінде облыстың барлық су тоғандарын есепке алсын;
Тармақша 2
2) демалыс аумақтары мен базалары және басқа да су объектілері бар барлық меншік түрiндегі кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына құтқару бекеттерін ұйымдастыруға міндеттесін;
Тармақша 3
3) өзен жағалау алқабын көркейту және су тоғандарының түбін тазалау жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 2
2. Облыстық судан құтқару қызметі (Б.Қойшыбаев):
Тармақша 1
1) жазғы маусымдағы құтқару стансалар қызметкерлерінің құрамы мен іздестіру топтарын іріктеп жинақтау жөнінде шаралар қабылдансын;
Тармақша 2
2) меншік түріне және ведомстволық бағынысына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардағы барлық қолданыстағы жүзу құралдарын және сүңгуірлер санын есепке алсын;
Тармақша 3
3) облыс су тоғандарына төтенше жағдайларын саөтандыру жөніндегі алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рахымжанов Т.): Солтүстік-Каспий аймақтық биоресурстар қорғау жөніндегі басқармасымен (Ақботин А.) бірлесе сәтсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында суға шомылу кезінде облыс су тоғандарында, оның ішінде Каспий теңізінің жағалауында күзетуді күшейтсін.
Тармақ 4
4. Облыстық санэпидстансасы (Жарылғасова Ж.) су тоғандарының жағалау алқаптарының санитарлық бақылау жөніндегі шаралар қабылдансын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.