Об организации заготовки кормов и уборки урожая в области в 2001 году Қолданыста
Басқа 0
2001 жылы облыста мал азығын дайындау және егін жинауды ұйымдастыру туралы
Қыс айларында қардың аз болуы, Жайық, Ойыл, Ембі өзендерінің тасымауы және көлтабандардың жеткіліксіз суландырылуы салдарынан үстіміздегі жылы облыста табиғи мал азығын дайындауда едәуір қиыншылықтар туғызуда.
Алдын-ала жасақталған болжам бойынша облыс аймағында 304,1 мың тонна шөп дайындалады. Оның 30 пайызы шалғай телімдерде орналасқан шаруашылық субъектілеріне тасымалданылады, мұның өзі қосымша шығын жұмсауды қажет етеді.
Мал азығын дайындауға толықтай қамтамасыз ететін 147 бригада, 983 трактор, 319 шөп шабушы және 40 тайлағыш қатысады.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыс бойынша 11 мың тонна картоп және 25,5 мың тонна көкөніс-бақша өнімдерін жинау күтілуде. Өндірілген өнімдердің негізгі өткізу орындары - облыс орталығындағы базарлары, ал, бұл өнімдерді оған жеткізу үшін қосымша шығындар қажет.
Мал азығын дайындау және егін өнімдерін жинауды нәтижелі өткізу жәйі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жанар-жағар майды сатып алуға жеке өзінің қаражатының жоқтығынан күрделеніп тұр.
Облыста егін өнімдерін жинауды және мал азығын дайындауды ұйымшылдықпен басталуын қамтамасыз ету мақсатында, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандар және қала әкімдеріне, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Е.Нұршаев):
Тармақша 1
1) облыстағы барлық нысандағы шаруашылық малдардың алдағы қыстақ науқанына қажетті жем-шөппен толық қамту жөніндегі шараларын алсын;
Тармақша 2
2) фъючерлік негізде алынатын жанар-жағар май құнын мезгілінде өтеу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін бюджеттік мекемелерге жеткізу тендеріне қатысатын аудандар бойынша шаруашылықтардың тізімін тапсырсын.
Тармақ 2
2. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" акционерлік қоғамына (Г.Амантурлин) облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысына сәйкес шаруашылықтарды
жанар-жағар маймен фъючерлік негізде қамтамасыз етуге келісім шарт жасасу
ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Индер, Құрманғазы, Мақат аудандары әкімдері қажетті мал азығын мезгілінде дайындауды және оны мал қыстақтарына ысырапсыз жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.