Об установлении ставок платы в Павлодарский областной Фонд охраны окружающей среды для закрытого акционерного общества "Экибастузский Энергоцентр" на 2001 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Екібастұз Энергоорталығы" жабық акционерлік қоғамына айналадағы ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлем мөлшерлемелерін белгілеу туралы "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамының қызметiн тұрақтандыру мақсатында, осы кәсiпорынның айналадағы ортаға ластаушы заттарды шығаруды азайтуға бағытталған табиғат қорғау iс-шараларының үлкен көлемiн атқарғанын ескере отырып, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамына 2001 жылға белгiленген мөлшерлер мен лимиттер шеңберiнде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемелерi белгiленсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсiн.
Басқа 1. "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамына 2001 жылға белгiленген мөлшерлер мен лимиттер шеңберiнде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемелерi
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 2001 жылғы 21 тамыздағы № 56/7 қаулысына қосымша "Екiбастұз Энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамына 2001 жылға белгiленген мөлшерлер мен лимиттер шеңберiнде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлемелерi № Көрсеткiштер Өлшем бiрлiгi Улылық класы Мөлшерлемелер (теңге/бiрлiк) 1 2 3 4 5 1. Ауаға ластаушы заттарды шығару шартты*) тонна 100 2. Ведомстволық жинақтау орындарында көп тонналық қалдықтарды орналастыру тонна ІҮ 38,2 Ескерту: *) Ластаушы заттың улылығына байланысты болатын салыстырмалы бiрлiкке келтiрiлген физикалық көлем