О ходе выполнения региональной программы борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Костанайской области на 2001 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысында нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасының орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2004 № 194 қаулысымен. Қостанай облысында нашақорлық және ecipткi бизнесімен күресудің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасын одан әpi icкe асыру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы бойынша iшкi icтep басқармасына (Н.М. Дейхин):
Тармақша 1
1) 2000 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда есірткілердің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі жекелеген көрсеткіштердің төмендегеніне назар аударсын (тартып алынған ecipткi заттарының 3,6 есе өcіп отырғанда және ашылған қылмыстардың 5 процент төмендегенінде, қылмысты және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны тиісті жағдайда 28 және 57 % төмендеген);
Тармақша 2
2) аймақтық бағдарламаның шеңберінде арнаулы бөлімдердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, штаттарын көбейтуге және қызметкерлерін оқытуға жыл басынан бepi 10 млн. теңгеден астам қаржы бөлінгенін ескере келіп, қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) үстіміздегі жылдың аяғына дейін, ecipткiгe тәуелді аурулардың медициналық-әлеуметтік ақталу орталығын құрсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Е. Шек) үстіміздегі жылдың 1 қазанынан 10 желтоқсанына дейін өткізіліп жатқан «Оқушы облыстың білім жүйесінде» акциясының шеңберінде орта мектеп оқушыларының арасында есірткілерді медициналық емес тұтыну масштабына зерттеу жүргізсін.
Тармақ 4
4. Қостанай облыстық мәдениет басқармасы (Р.Е. Ғайсенова) үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін мектептер мен студенттік ұжымдарда, теледидар арқылы көрсету үшін хроникалды - деректі бейнероликтер серияларын жасауды аяқтасын.
Тармақ 5
5. Қостанай облысының қаржы департаменті (М.А. Щеглова) нашақорлық және ecipткi бизнесімен күресу жөніндегі аймақтық бағдарламамен қарастырылған ic-шаралардың толық көлемде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.