Об инструкции о порядке бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства Акмолинской области в 2001 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2001 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі жөніндегі нұсқау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 29.01.2002 № 4 шешімімен. Ақмола облыстық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы «2000 жылғы облыстық бюджет туралы» № С-6/4 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңына және, ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «ҚР Үкіметі мен ҚР жергілікті атқару органдарының несие беру Ережесін бекіту туралы» № 1440 қаулысына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. 2001 ж. Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу тәртібі туралы нұсқауды басшылыққа алып облыстық бюджет қаржысынан несиелеуді жүзеге асыру (қосымша).
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелеу бағдарламасының әкімшісі болып облыстық экономика жөне шағын бизнесті дамыту басқармасы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Бағдарламаның әкімшісі бөлінген бюджеттік қаражаттың мерзімді және толық пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындауын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің 22 мамыр 2001 жылғы № 106 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендіру жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешімінің күші жойылсын.
Басқа 7
Қосымша 1 Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2001 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі туралы НҰСҚАУ Бұл нұсқау ҚР Үкіметі 2000 жылғы қыркүйектің 22-сі күні қабылдаған «ҚР Үкіметі мен ҚР жергілікті атқару органдарының несие беру Ережесін бекіту туралы» № 1440 қаулысына сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджеттік несиелеудің негізгі мақсаты облыстық мәслихаттың IX кезектен тыс сессиясы 2001 жылғы 11 мамырда өз шешімімен бекіткен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасын орындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелеу мақсаттандырылған болып табылады және ең алдымен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау бағдарламасында белгіленген басымдылық бағыттарын несиелеуге бөлінеді.
Тармақ 3
3. Шағын бизнесті дамытуға бөлінген облыстық бюджет қаражаты ҚР 1997 жылғы маусымның 19-ы қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңының 3 бап талаптарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге арналған.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу үшін Несиеші (облыс әкімі), Басқарма (облыстық қаржы басқармасы), банк-беруші («Қазақстан халық банкі» ААҚ Ақмола аймақтық филиалы) және бағдарламаның әкімшісі (облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы) арасында Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу туралы келісім-шарты жасалады.
Тармақ 5
5. Облыс әкімиятының қаулысымен кеңестік-мәжілістік орган - облыс әкімінің жанында шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу бойынша Комиссия құрылады (бұдан былай - Комиссия).
Тармақ 6
6. Несие беру немесе оны бермеу туралы, сондай-ақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
Тармақ 7
7. Бюджеттік несиелеуді орындау тәртібін несиеші банк-берушімен келісіп бекіткен осы нұсқаумен ҚР Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысына және осы мәселе бойынша басқа заңды актілерге сәйкес реттейді.
Тарау 2. 2. Бюджеттік несиелеу шарттары
2. Бюджеттік несиелеу шарттары
Тармақ 8
8. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу қысқа мерзімді немесе орта мерзімді несиелеу түрінде, бірақ 2 жылдан асырмай жүзеге асырылады. Мүдделі жақтардың келісімімен несиені мерзімінен бұрын қайтару қарастырылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Бір несие алушыға берілетін несиенің ең көп мөлшері 2,0 млн. теңгеден аспауы керек. Ерекше жағдайларда, егер бағдарламаның жобасы облыста ең маңызды инвестиция бағдарламасын шешетін болып табылса, бір несие алушыға берілетін несие мөлшері көп сомаға көбейтілуі мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-жобаларын банк-берушінің меншікті қаражатымен қосымша қаржыландыруы мүмкін.
Тармақ 10
10. Бюджеттік несиелер ұлттық валютамен (теңге) жеделдік, төлемдік, қайтарылымдық шартта беріледі.
Тармақ 11
11. Бюджеттік несиелер банк-берушіге қаржыландыру сомасына байланысты - жылына 11 - 22 % ынталандырумен беріледі. Ынталандыру ставкасы банк кірісіне енгізіледі, Бағдарламаның әкімшісі одан алмайды.
Тармақ 12
12. Несие алушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Тармақша 1
1) бюджеттік несиелерді мерзімінде қайтару бойынша тиісті мүмкіншіліктің болуы;
Тармақша 2
2) бұрынғы алынған несиелер бойынша қарыздың болмауы;
Тармақша 3
3) берілген несиені мақсаттылықпен пайдалану.
Тармақ 13
13. Банк-беруші берілген несиенің толық және мерзімінде қайтарылуына өз активтерімен жауапты болады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік несиелеу тәртібі.
3. Бюджеттік несиелеу тәртібі.
Тармақ 14
14. Несие алушы облыстың аудан, қала әкімияттарына несиелік өтініш пен бизнес-жобасын тапсырады.
Тармақ 15
15. Тапсырылған несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар ауданның қоғамдық-эксперттік комиссия отырыстарында қаралады.
Тармақ 16
16. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу туралы шешім қабылданған жағдайда несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар залогтік қамсыздандыруды растайтын құжаттармен бірге облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына (бұдан былай - бағдарлама әкімшісі) жіберіледі. Несие берілмейтін жағдайда несие сұраушыға себебі көрсетіліп жазбаша жауап берілуге тиіс.
Тармақ 17
17. Бағдарламаның әкімшісі келген құжаттарды залогтік мүлікті қарауға және бағалауға банк-берушінің несие бөліміне жібереді.
Тармақ 18
18. Банк-берушінің оң тұжырымын алған жобалар бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі, оң тұжырым алмағандар несие алушыға өңдеуге қайтарылады.
Тармақ 19
19. Бағдарламаның әкімшісі банктің оң тұжырымы бар жобаларды Комиссия отырысында қарауға жібереді.
Тармақ 20
20. Комиссия қолдаған және бекіткен жобалар комиссия отырысының хаттамасымен банк-берушіге жіберіледі, ол несие алушыға бюджеттік несие беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 21
21. Комиссия отырысының көшірмесі облыстық қаржы басқармасына жіберіледі, ол банк-берушіге ақша аудару үшін бағдарлама әкімшісіне қаражат бөлуге негіз болып табылады.
Тарау 4. 4. Қаражатты қайтару тәртібі.
4. Қаражатты қайтару тәртібі.
Тармақ 22
22. Берілген несиелерді қайтаруды несие алушы несиені ңақты қайтарған күннен бастап үш банктік күн ішінде облыстық бюджет шотына төлемдік тапсырма арқылы банк-беруші жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Бағдарлама әкімшісі берген қаражат бойынша қарызды қайтармаған жағдайда банк-беруші кепілдікке қойылған затты өндіріп алуды қолдану арқылы несиені мәжбүрлікпен қайтаруға шаралар қолданады.
Тармақ 24
24. Несие алушы қарызды нақты өтегеннен кейін банк-беруші қаражатты облыстық бюджет шотына мерзімінде қайтармаса әр созылған күн үшін ҚР Ұлттық банкінің бейқаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде өсім есептеледі.
Тармақ 25
25. Несие алушы несиені мерзімінде қайтармаған жағдайда, егер банк-беруші қолданған процедуралық нормалар қарызды 6 айда қайтаруға әкеліп соқпаса, банк бюджетке қаражатты өзінің меншікті ақшасы есебінен қайтаруды қамтамасыз етеді.