Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в местном бюджете на 2001 год на представительские расходы и норм представительских расходов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылға арналған жергілікті бюджетте өкілді шығыстарға қаралған қаражатты пайдалану Ережелері мен өкілдік шығыстар нормаларын бекіту туралы Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 қаңтардағы №96-ІІ «2001жылға арналған облыстық бюджет туралы» екінші шақырылған кезектен тыс ІХ сессияның шешімін және Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы №399 «2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстар нормаларын бекіту туралы» ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырғандар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жергілікті бюджетте 2001 жылға арналған өкілдік шығыстарға қаралған қаражатты пайдалану Ережелері;
Тармақша 2
2) өкілдік шығыстар нормалары;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 17 қазандағы №46 қаулысымен бекітілген 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте өкілдік шығыстарға қаралған қаражатты пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте өкілдік шығыстарға қаралған қаржының пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығыстар дегеніміз тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджетте және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, семинар-мәжілістерді, салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге, сонымен бірге ресми делегациялардың өкілдік мақсаттарына қаралатын қаражат. Өкілдік шығыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) келуші тараптардың тұрғын-жайын төлеу, егер ол жөнінде тиісті келісімдермен тиянақталған, келісілген болса;
Тармақша 2
2) ресми түскі ас, кешкі ас, кафе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 3
3) саздық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) каде сыйлар, ескерткіш сыйлықтар;
Тармақша 5
5) автокөлікпен қызмет көрсету;
Тармақша 6
6) аудармашылар қызметінің төлемі;
Тармақша 7
7) залды жалдау;
Тармақша 8
8) облыс әкімі рұхсат еткен басқа шығыстар;
Тарау 2. 2. Өкілдік шығыстарға бөлінетін жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
2. Өкілдік шығыстарға бөлінетін жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу облыс әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы жергілікті бағдарламалар әкімнерлерінің өтініштері мына жағдайларда қаралады:
Тармақша 1
1) іс-шараларды өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) ресми делегациялардың болу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) іс-шараларды дайындау мен өткізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) келетін қатысушылар саны;
Тармақша 5
5) әрбір шығыстар бабының негізделген шығындар сметасы;
Тармақша 6
6) шығыстар сметасы жөніндегі облыстық қаржы басқармасының қорытындысы;
Тармақ 5
5. Осы ереженің екінші тармағының 3,4,7-тармақшаларында көрсетілген өкілдік шығыстар бойынша жергілікті бағдарламалар әкімнерлері калькуляция және қызмет ұсынатын ұйымның деректемелері көрсетілген куәландырылған құжаттар тапсырылады;
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкімінің шешімі негізінде белгіленген тәртіпте жергілікті бюджеттің тізімдемесіне өзгерістер енгізеді. Өкілдік шығыстарды Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанда жергілікті бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімгерінің 61 «Өкілдік шығыстар» бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындауларды азайтып, 23 «Өкілдік шығыстарға» бөлінген қаражат есебінен шаралар өткізу бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындауды ұлғайтады.
Тарау 3. 3. Есеп беру мен бақылау
3. Есеп беру мен бақылау
Тармақ 7
7. Атырау облысы бойынша қаржы бақылау комитеті басқармасы өкілдік шығыстарға бөлінетін қаржының жұмысына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті бағдарламалар әкімгерлері мен өкілдік шығыстарға қаражат ауған адамдар шаралар өткізгеннен кейінгі 5күн ішінде бөлінген қаражатты пайдаланғаны туралы бірінші басшының (оны алмастырушы адамның) қолы мен, мыналар енгізілген есеп беруі керек:
Тармақша 1
1) өткізілген іс-шараға қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;
Тармақша 2
2) осы ереженің екінші тармағының 8-тармақшасына сәйкес өзге де шығыстар жөніндегі облыс әкімінің шешімі;
Тармақша 3
3) құны және сатып алынған тауарлар жұмыстарымен көрсетілген қызметтер көлемі көрсетілген, тауарды, жұмысты және көрсетілген қызметтерді сатқан ұйымның мөрі мен куәландырылған растаушы құжаттар;
Тармақша 4
4) осы ереженің екінші тармағының 1-тармақшасында айтылған жағдайларда келісім шарттың куәландырылған көшірмелері;
Тармақ 9
9. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану үшін жауапкершілігі қаражатты алушыға жүктеледі.