Об утверждении плана мероприятий по повышению эффективности управления государственным имуществом и приватизации на 2001 год по Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіруді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі 2001 жылға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi № 880 "Мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi басқару тиiмдiлiгiн арттырудың салалық бағдарламасын бекiту туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ұсынылғандар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) 2001 жылы Атырау облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар жоспары. (қосымша № 1);
Тармақша 2
2) директорлар Кеңестерiнде уәкiлеттi органдар мен мемлекеттiк басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi акционерлiк қоғамдардың тiзiмi (қосымша №2).
Тармақ 2
2. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментi (В. Оспанов) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлiгiнiң қаржы бақылау комитетiнiң облыстық басқармасына қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексеру жүргiзу үшiн мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсiн.
Басқа 6
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
2 қарашадағы № 332
шешiмiне № 1 қосымша
Атырау облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi 2001 жылға арналған шаралар жоспары
№
Шаралар
Аяқталу нысаны
Орындалуына жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
Коммуналдық меншік объектілерін сатып алушылармен және сенімгерлікпен басқарушылармен (концессионерлермен, жолдаушылармен келісім міндеттерінің орындалуын тексеруді жүзеге асыру (қолданыстағы келісім шарттар бойынша).
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетіне есеп беру. (әрі қарай-ММжЖК)
Коммуналдық меншік құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті (әрі қарай-КМҚжТКШД)
Жыл ішінде
2
Мемлекеттік мүлік объектілерінесепке алуды жүйелеу және оларды белгілеріне қарай жіктеу:
- Жарғылық қызметтің негізгі түрі;
- салалық бағыныстылығы;
- жұмысшылардың саны;
- қаржылық жағдайы
КМҚжТКШД ақпарат беру
КМҚжТКШД, Салалық басқармалар (департаменттер); қала және аудан әкімдері.
2001 жылдың қарашасы
3
Шаруашылық жүргізу құқығына қарай мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің уақытылы және толықтай есептелуі мен аударылуына, сонымен қатар 2000 жылдың қортындысы бойынша сметадан артық алынған кірістің тиісті бюджет пайдасына кіріске алынуына бақылау жасау
КМҚжТКШД ақпарат беру
КМҚжТКШД, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті басқармасы (әрі қарай-ҚМ ҚБК), қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар.
Жарты жылда бір рет
4
Мемлекеттік кәсіпорындар қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу.
КМҚжТКШД ақпарат беру
қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар (департаменттер)
2001 жылдың желтоқсаны
5
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізудің бекітілген ережелеріне сәйкес мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне жарты жылдық және жылдық қортындысына талдау жүргізу.
КМҚжТКШД ақпарат беру
қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар (департаменттер)
Жарты жыл, жыл аяқталғаннан кейінгі 30 күннің ішінде.
6
Мемлекеттік меншік объектілерін соның ішінде, мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беруге мониторинг өткізілуін қамтамасыз ету
КМҚжТКШД ақпарат беру
КМҚжТКШД қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар (департаменттер)
Кварталь сайын
7
2001 жылы жекешелендіруге жататын мемлекеттік меншік объектілерін сатуды жүзеге асыру
КМҚжТКШД ақпарат беру
КМҚжТКШД
Кварталь сайын
8
Қазақстан Республикасы аумағындағы және шет елдердегі заңды тұлғалардың балансына берілген мемлекеттік және жеке меншік түрлеріне мемлекеттік мүліктерді түгендеу жөніндегі дайындық шараларын өткізу
КМҚжТКШД ақпарат беру
КМҚжТКШД қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар (департаменттер)
Кварталь сайын
9
Мемлекеттік меншікке құқылы субъект функциясына уәкілетті орган арқылы тіркеу жүргізу:
- мемлекеттік акциялар пакеттері, мемлекеттік қатысу үлгісі;
- мемлекеттік емес заңды тұлғалардың балансына берілген және олардың жарғылық қорына енгізілмеген басқа да мемлекеттік объектілер;
КМҚжТКШД ақпарат беру
КМҚжТКШД қала және аудан әкімдері, салалық басқармалар (департаменттер)
2001 жылғы желтоқсан
Басқа 7
Облыс әкімінің 2001 жылғы
2 қараша № 332 шешіміне
№ 2 қосымша
Директорлар Кеңестерінде уәкілетті органдар мен мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің қатысуы міндетті акционерлік қоғамдардың тізімі
№
Акционерлік қоғамдар атауы
Орналасқан жері
Мемлекеттік акция пакетінің үлес салмағы (процентпен)
1
«Сүйіндік» ААҚ
Құрманғазы ауданы, Сүйіндік селосы
90
2
«Жасқайрат» ААҚ
Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы
90
3
«Асыл» ААҚ
Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы
70
4
«Фармация» ААҚ
Атырау қаласы
55
5
«Дезинфекция» ААҚ
Атырау қаласы
90