Об итогах социально-экономического развития области за 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.03.2003 № а-4/112 қаулысымен.
Экономиканың негізгі салаларында өндірістің тұрақтылану нышандары сақталып отыр, көптеген кәсіпорындарда оның өсе түскені байқалады, әлеуметтік салада оң өзгерістер орын ала бастады.
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 108 процент құрады. Жаңа кәсіпорындар ашу және тоқтап тұрғандарын жандандыру есебінен және істеп тұрған кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 3512 жұмыс орны ашылды. Өнім сатуға ірі республикалық компаниялармен келісім-шарттар жасау 2000 жылмен салыстырғанда көбірек жүргізілді, келісім шарттық міндеттер асыра орындалды.
Ауа райының қиын жағдайларында егін орағы сәтті аяқталды. Егіннің шығымдылығы гектарынан 13,1 центнер құрап, 4,3 млн. тонна астық жиналды. Мал шарушылығында мал мен құстың барлық түрлері бойынша көрсеткіштер жақсарды. Өнім өндіру көлемі артты.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 31,4 % өсті.
Сонымен қатар, экономика мен әлеуметтік салаларды дамытуда облыста көптеген кемшіліктер орын алып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен тамақтандыру саласында көптеген кәсіпорындар өте қанағаттанғысыз жұмыс істеді. Нан, ұн, май, арақ, спирт, темір рудасын, жылу мен электр энергиясын өндіру көлемі төмендеді. Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Қорғалжын аудандарының өнеркәсіп орындары 2000 жылғы деңгейге жете алмады.
Кейбір жерлерде мал басы мен құсты көбейту, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру өте төмен қарқынмен жүргізілуде. Мал табынын қайта өндіру және малдың өнімділігін арттыру көрсеткіштері төмен.
Күрделі құрылысқа инвестиция 2,6 есе артты. Шағын бизнес субъектілерінің саны көбеюде. Олар шығаратын өнімнің көлемі 1,4 есе, олардан түсетін салықтар мен бюджетке төлемдер 16,2 % өсті.
Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша болжам 107,1% орындалды, соның ішінде республикалық бойынша 118,1% жергілікті бюджет бойынша 101,3%.
Республикалық бюджет бойынша жоспардың орындалуын Еңбекшілдер ауданы (78%), жергілікті салық бойынша Сандықтау (83%), Астрахан (87%), Бұланды (97%) аудандары, Степногорск қаласы (88%), Көкшетау қаласы (94%), қамтамасыз ете алмады. Салықтың кейбір түрлері бойынша бюджетке 815 млн. теңге түспеді, соның ішінде 775 млн. теңге жергілікті бюджетке.
2002 жылмен салыстырғанда Сандықтау (27,2 млн.теңге), Егіндікөл (27,1 млн. теңге), Астрахан (23,9 млн.теңге) және Есіл (20,4 млн.теңге) аудандары жергілікті бюджетке салықтар мен міндетті төлемдердің түсімін төмендетіп алды.
Бюджетке берешекті қысқарту жөніндегі жұмыстар нашарлады. Оның өсімі 2001 жылдың басымен салыстырғанда Зеренді (109,4 млн теңге), Еңбекшілдер (5,5 млн. теңге) аудандарында, Степногорск қаласында (122,8 млн. теңге) байқалады.
Кіріс бойынша бюджет 94%, жұмсаулар бойынша 98% (бекітілген бюджетке) орындалды.
Көкшетау қаласына (10,3 млн. теңге), Астрахан ауданына (14 млн. теңге), Целиноград ауданына (5 млн. теңге) және т.б. облыстық бюджеттен берілген несиелерді өтеу жөніндегі жоспар орындалмай отыр.
Шаруашылық субъектілері 1,1 млрд. теңгенің жалақысын уақытында төлемей отыр, ол 2001 жылдың басымен салыстырғанда 2% жоғары. Айлық жалақы көрсеткіші Елбасының ерекше бақылауында түр.
Ресми жұмыссыздық деңгейі 1,4 тармаққа төмендеді және 3,2 % құрады. Атбасар, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын аудандары, Степногорск, Көкшетау қалалары аймақтарында бұл бағыттағы жүмыс нашарлап отыр.
Кедейлік проблемаларын шешуде жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және олардың түрлерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Атбасар, Ақкөл, Есіл, Қорғалжын сияқты аудандарда көмек көрсету жөніндегі бағдарламаның орындалуына ерекше назар аудару қажет.
Қаржыландыру көздерінен аз қамтамасыз етілгендерге көмек ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет, көрсетілетін көмек мөлшерін әсіресе Жарқайың, Шортанды, Егіндікөл және Целиноград аудандарында өсіру керек.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту мақсаттарында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың бастықтары:
Тармақша 1
1) әрбір кәсіпорынның жұмысын сараптасын және соның негізінде 2001 жылғы өнім өндіру деңгейін жақсартуды ескере отырып, олардың жұмысын жақсарту жөніндегі нақты шаралар белгілесін;
Тармақша 2
2) жылу кезеңін өткізу барысына тұрақты бақылауды жүзеге асырсын, кем дегенде үш айға жететін отын қоры болуын қамтамасыз етсін, оларды әрдайым толықтырып отырсын, көрсетілген коммуналдық қызмет үшін ақының толық жиналуына қол жеткізсін;
Тармақша 3
3) экономиканың тиімді салаларына инвестңция тартуды басым бағыт ретінде белсенді түрде жүргізсін;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттен шағын бизнеске несие бөлу жөніндегі іс-шаралар қолдансын;
Тармақша 5
5) салық салу аумағын кеңейту мен салық төлемдерінің өсуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) салық түрлері бойынша түсім жоспарын сапалы түрде орындау және бюджетке берешекті азайту жөніндегі нақты шаралар қолдансын;
Тармақша 7
7) бюджеттік несиелер мен кредиттерді қайтару, кредиторлық және дебиторлық қарыздарды азайту бойынша жүмыстарды жандандарсын;
Тармақша 8
8) кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 9
9) жалақы бойынша берешекті азайту және Елбасының барлық меншік түрлеріне қарасты шаруашылық субъектілері жүмысшыларына жалақыны 30% өсіруі туралы тапсырмасын орындау бойынша нақты іс-шаралар қолдансын;
10) үстіміздегі жыл денсаулық жылы деп жарияланғандығын ескере отырып, денсаулық жылын өткізу жөніндегі аудандық, қалалық комиссиялар құрсын, іс-шаралар жоспарын дайындасын және денсаулық сақтаудың басым бағдарламаларын қаржыландыруды қарастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы (М.Б.Батырханов):
Тармақша 1
1) тоқтап тұрған кәсіпорындардың жағдайларын қарастырып оларды 2002 жылы іске қосу мүмкіндіктерін қарастырсын, тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру және жаңа кәсіпорындар құру кестесін дайындау кезінде қалпына келтіру және жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмаларды толығымен орындау міндеттерін қойсын, олардың міндетті түрде жүзеге асырылуына қол жеткізсін;
Тармақша 2
2) республикалық импортты ығыстыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы кәсіпорындардың шеңберін кеңейту, олардың өнімін өткізудің кепілді нарқын өсіру мақсаттарында өнімдерін өткізу жөніндегі келісім-шарттық міндеттерін көбейту бойынша іс-шаралар қолдансын;
Тармақ 3
3. Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуниқация, ауыл шаруашылық басқармалары, аудандар мен қалалардың әкімдері ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың жұмысына ерекше назар аударсын, 2001 жылғы егін орағының қолда бар астығын ескере отырып, 2002 жылдың аяғына дейін диірмендер тоқтаусыз жүмыс істеуін қамтамасыз етсін, спирт-арақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыстарын тұрақтандырсын, ет комбинаттарында мал өнімін өңдеу қарқынын күшейтсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, аудан әкімдері, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы жағдайларын жақсарту үшін:
Тармақша 1
1) қолда бар астық ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сатып алған жанар-жағар май үшін, тұқымдық несие бойынша, товар-материалдық құндылықтар бойынша кредиторлық қарыздарын өтеуі жөніндегі нақты іс-шаралар қолдансын;
Тармақша 3
3) тұқымдық материалдарды жоғары егістік көрсеткіштеріне дейін жеткізу, тазаланған тұқымды лабораториялық зерттеулерге тапсырып, олардың сапасын анықтау бойынша жұмыстарды жандандырсын, тұқым түрлерін жаңарту үшін жоғары сапалы жерсіндірілген тұқымдар сатып алу мәселелерін шешсін;
Тармақша 4
4) 2002 жылғы егістік жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізуге дайындалу бойынша іс-шаралар қолдансын, машина-трактор паркін жөндеу жұмыстарына баса назар аударып, оларды жұмыстың басталуына дейін дайын етсін;
Тармақша 5
5) мал басын көбейту және олардың өнімдерін арттыру, мал қыстатуды ұйымдасқан түрде өткізу бойынша іс-шаралар қолдансын;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылық техникалары паркін ауыл шаруашылық товарларын өндірушілердің өз қаржылары есебінен және инвесторлардың қаржысына, сонымен қатар, ауыл шаруашылық техникаларын лизингтік сатып алу жүйесін кеңейту арқылы жаңарту жөніндегі іс-шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық салық комитетінің бастығы А.Х. Райымбаевқа және облыстық қаржы басқармасының бастығына Д.Е.Савицкийге бюджеттің кіріс бөлігін көбейту және бюджеттік бағдарламаларды тиісінше қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) салық салу шеңберін кеңейту және салық төлемдерін жинауды өсіру;
Тармақша 2
2) салық түрлері бойынша түсімдер жоспарын сапалы орындау мен бюджетке берешекті азайту жөніндегі нақты іс-шаралар қолдану;
Тармақша 3
3) бюджеттік несиелер мен кредиттерді қайтару, кредиторлық және дебиторлық қарыздарды азайту жөніндегі жүмыстарды жандандыру.
Тармақ 6
6. Ақкөл (Р.Ш. Керейбаев), Аршалы (Е.Я. Каппель), Еңбекшілдер (Т.Қ. Құсайынов), Қорғалжын (С.А. Төлебаев), Целиноград (С.Е. Қамзебаев) және Шортанды (Қ.У. Ахмедиянов) аудандарының әкімдері шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шаралар қолдансын.
Тармақ 7
7. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Г.В. Долгих), сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (А.М. Рыспаев), «Қазақавтодор» РМК-ның Ақмолалық филиалы (Б.Ш. Құлышев) аудан әкімдерімен бірлесе отырып жолдардың қысқы маусымды жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Жарқайың (А.Ж. Мәдиев), Шортанды (Қ.Ү. Ахмедиянов), Егіндікөл (В.Н. Сергиенко), Целиноград (С.Е. Қамзебаев) аудандардың әкімдері кедейлік деңгейінен төмен жағдайдағы азаматтарға материалдық көмек көрсетуді жақсарту қажеттігіне баса назар аударсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау өз қадағалайтын салалары бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.