О разработке проекта бюджета Костанайской области на 2001 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылға арналған Қостанай облысының бюджет жобасын әзірлеу туралы 2001 жылға арналған Қостанай облысының бюджет жобасын әзірлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 наурыздағы № 433 «2001 жылға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу туралы» Қаулысына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың 25 cәyipінe дейін жұмыс тобы шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бағдарламалары бойынша 2000 жылға арналған бюджет жобасын құрастырудың бірегей тәртібін әзірлесін.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшіліктері және облыстық мекеме басшылары Қостанай облысыныц қаржы департаментіне 2000 жылдың 10 мамырына дейін мыналарды ұсынсын: - жұмыс тобының әзірлеген нысанына сәйкес 2001 жылы қаржыландыруға ұсынылған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша негіздеулер және есептеулермен бюджеттік тапсырыстар; - мемлекеттік ведомстволық бағыныстағы мекемелермен көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдердің көлемi туралы мәліметтер.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы бойынша салық комитеті (келісім бойынша) Қостанай облысының қаржы департаментіне 1999 жылдың және 2000 жылдың соңғы есеп беріліп отырған мерзімінің мына мәліметтерін ұсынсын:
Тармақ 3.1
3.1. 2000 жылдың 20 cәyipiнe дейін облыс бойынша: - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 1999 жылдың мағлұмдамалары бойынша жинақтық мәліметтерді; - әлеуметтік салық жөніндегі мағлұмдамалар бойынша мәліметтерді; - есептеген және төлеген жалақының сомасы, жұмыс істейтіндердің саны мен олардың орташа жалақысы туралы мәліметтерді; - жеке кәсіпкерлердің саны туралы мәліметтерді: патент бойынша жұмыс істейтіндерді; куәлік бойынша жұмыс істейтіндерді; 1 патенттің орташа айлық құнын (оның ішінде патент құнында есептелген табыс салығының орта проценті); 1 куәлік бойынша (түрлері бойынша) салық түсімдерін; - шаруа қожалықтарының саны мен жердің бағалануы туралы мәліметтерді; - мүлік салығы жөніндегі мағлұмдама бойынша негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны туралы мәлiметтерді (көлік құрал-жабдықтардан басқа); - 1999 жылғы жер салығы жөніндегі мағлұмдамалардың мәліметтерін (жер учаскесінің алаңы, 1 га немесе 1 м2 үшін ставка, жер салығының сомасы); - аудандар мен қалаларда салық түpлepi бойынша 2000 жылдың 1 қаңтарына және 1 cәуipiнe арналған асыра төлеудің сомасы туралы мәліметтерді; - кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын және кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын жеке тұлғалар мүлігінің құны туралы 1999 жылдың мағлұмдамалары бойынша мәліметтерді, оның ішінде: құны 1 млн. теңгеге дейінгі; 1 млн. теңгеден 2 млн. теңгеге дейінгі; 2 млн. теңгеден 3 млн. теңгеге дейінгі; - 1999 жылғы және 2000 жылдың 1 тоқсанында түскен мемлекеттік баж салығының сомасы туралы мәліметтерді: соттардан; АХАТ-тардан; нотариалдық кеңселерден; басқа мекемелерден; - қызмет ететін автотұрақ рыногінің, автомайқұю стансаларының саны мен алаңы туралы мәліметтерді. 2000 жылдың 10 мамырына дейін аудандар мен қалалар бойынша 3.1. - тармағына ұқсас мәліметтерді.
Тармақ 4
4. Облыстық статистика басқармасы (кeлісім бойынша) 2000 жылдың 20 сәyipiнe дейін Қостанай облысының қаржы департаментіне 2000 жылдың 1 қаңтарына арналған негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны туралы мәліметтерді (автокөлiктi алмағанда) 6epciн.
Тармақ 5
5. Экономика, индустрия және сауда департаменті 2000 жылдың 20 сәуіріне дейін Қостанай облысының қаржы департаментіне 2001-2003 жылдарына арналған облыстық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасын 6epciн.
Тармақ 6
6. 2000 жылдың 10 мамырына дейін аудандар мен қалалар әкімдері Қостанай облысының қаржы департаментіне мыналарды 6epciн: - қаржы департаментімен келісілген жергілікті атқарушы органдар берешегінің лимитін; - 2001 жылға арналған жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамдары және жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың көлемін; - 2001 жылға арналған аудандар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларында ұсынылған шараларды қаржыландыру үшін қажетті қаражаттар сомасының есептерін.
Тармақ 7
7. Қостанай облысының қаржы департаменті 2000 жылдың 20 мамырына дейін жұмыс тобының қарауына енгізсін: - бюджеттік бағдарлама әкімшіліктері 2001 жылы қаржыландыруға ұсынған, облыстық бюджет бағдарламалардың тізбeci мен көлемдерін; - Қостанай облысы бойынша салық комитетімен келісілген облыстық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің болжамын; - 2001 жылға арналған жергілікті атқарушы органдар берешегінің лимитін.
Тармақ 8
8. Жұмыс тобына: - қосымша әзірлеген кестеге сәйкес, кipicтep мен шығыстар бойынша ұсынылған бюджеттік тапсырыс жөнінде аудандар мен қалалардың әкімдерін тыңдасын; - 2000 жылдың 1 қазанына дейін 2001 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы Қостанай облысы әкімі шешімінің жобасын облыс әкімінің қарауына енгізсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қаржы департамент директоры М.А. Щегловаға жүктелсін.