Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 2001 г. Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн 2001 жылға арналған төлемдер нормативтерiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 29-бабына, Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 1213 Қаулысына, "Қоршаған ортаны ластағаны және табиғатты қорғау заңдылығын бұзғаны үшін төлемдердi есептеу және енгiзу тәртiбi туралы" 1999 жылғы 5 қазандағы N 925 Нұсқаулыққасәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған төлемдер нормативтерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры, Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетi (Б.Сатпаев) ластау объектiсi орналасқан жер бойынша заңды тұлғадан қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің дұрыс есептелуi мен дер кезiнде аударылуы үшiн бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетi (Б.Сатпаев) қоршаған ортаны нормативтi және нормативтен тыс ластағаны үшін төлемдердiң дұрыс жатқызылғандығы үшiн бақылау жасауды жүзеге асырсын:
Тармақша 1
1) табиғатты пайдаланушы кәсiпорындар қоршаған ортаны ластағаны үшiн нормативтi төлемдердi өнiмнiң өзiндiк құнына (қызметтерге) жатқызады;
Тармақша 2
2) нормативтен тыс төлемдер және табиғатты қорғау заңдылығын бұзғаны үшін зиянның орнын толтыруға қаражаттар-заңды тұлғалардан табыс салығын төлегеннен кейiн таза пайда есебiнен.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Р.Адамов) қоршаған ортаны ластауға лимиттердi және табиғатты қорғау заңдылығының талаптарын сақтауға, айыптарды өтеп алуға бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын (тастамаларын) тастауға белгiленген тәртiпте рұқсат алмаған табиғатты пайдаланушылар төлемдердi есептеудiң көтерiңкi коэффициентiмен - 10 есе төлейдi.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаны жекешелендiруге, банкроттыққа, таратуға, қайта ұйымдастыруға және басқа объективтi себептерге байланысты арнайы табиғатты пайдалануға рұқсаты жоқ табиғатты пайдаланушыларға Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен (Р.Адамов) және Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорымен келiсiм бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу есебiне еселiктiң көтерiңкi коэффициентi - 10 есе қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Патент негiзiнде жұмыс iстеушi және куәлiк негiзiнде жеке iс-әрекеттермен шұғылданушы жеке тұлғалар қоршаған ортаны ластауға байланысты iс-әрекеттердiң әрбiр түрi бойынша Шығыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қорына жылдық соманың 1/12 бөлегi негiзiнде жиынтық жылдық табыстың 0,1% мөлшерiнде ай сайын белгiленген ставка төлеуге мiндеттi.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетi (Б.Сатпаев) патент пен куәлiк негiзiнде жұмыс iстеушi жеке тұлғалардан қоршаған ортаны ластағаны үшін ақша қаражаттарының дұрыс есептелуiне және қоршаған ортаны қорғау қорына дер кезiнде аударылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры, Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетi (Б.Сатпаев), облыстық "Рудный Алтай" (Т.Посачилина), "Дидар" (Ж.әдiлбаев) газеттерiнiң редакциялары, Шығыс Қазақстан телерадиокомпаниясы (Е.Городнянский) баспасөз, радио және теледидар органдары арқылы осы шешiмдi қабылдағаннан кейiн 5 күн iшiнде қоршаған ортаны ластағаны үшін 2001 жылға арналған бекiтiлген нормативтерiн және төлемдер есебiнiң үлгiсiн табиғатты пайдаланушыларға және салық комитеттерiне жеткiзсiн.
Тармақ 10
10. "Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеудiң 2000 жылға арналған нормативтерiн бекiту туралы" ШҚ облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы шешiмi күшiн жойды деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.
Тармақ 12
12. "Қазақмыс" корпорациясының "Востокмедь" филиалы Ертіс мыс балқыту зауытында Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген табиғат қорғау іс-шараларын міндетті түрде орындаған және заңнамалық белгілеген тәртіппен арнайы табиғат пайдалануға рұқсат алған жағдайда "Қазақмыс" корпорациясының "Востказмедь" филиалына қоршаған ортаны ластағаны үшін тіркелген төлем жылына 67000000 (алпыс жеті миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін. <*> 📌 Ескерту. 12-тармақ толықтырылды - ШҚО әкімінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 1020 шешімімен.
Басқа 15. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеудiң 2001 жылға арналған нормативтерi
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы N 956 шешiмiне қосымша Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеудiң 2001 жылға арналған нормативтерi N р/р Ақы төлеу нормативтерiнiң көрсеткiштерi 2001 жылға арналған ақы төлеу нормативтерi 1. Стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттарды тастағаны үшiн 150 теңге/шартты тонна Халықты қамтитын жылу көздерiнен (жылуэлектр стансалары, қазандықтар) ластаушы заттарды тастағаны үшiн 100 теңге/шартты тонна 2. Сутартқыштарға лай суларды ағызғаны және жер асты суларын ластағаны үшiн 7000 теңге/шартты тонна Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы кәсiпорындары үшiн сутартқыштарға лай суларды ағызғаны үшiн 6000 теңге/шартты тонна 3. Рельефке, сүзу алаңдарына, су жинағыштарға лас суларды ағызғаны үшiн 10 теңге/текше метр 4. Өнеркәсiп кәсiпорындарынан өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн 5 сынып 100 теңге/тонна 4 сынып 200 теңге/тонна 3 сынып 400 теңге/тонна 2 сынып 1600 теңге/тонна 1 сынып 3200 теңге/тонна Халықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырғаны үшiн 30 теңге/тонна Iрiтонналық қалдықтарды орналастырғаны үшiн байыту қалдықтарын 5 теңге/тонна аршу кендерiн 3 теңге/тонна Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын (көңдi) суды қорғау аймағында орналастырғаны үшiн: жабдықталмаған алаңдарда 25 теңге/тонна жабдықталған алаңдарда 5 теңге/тонна Арнайы пункттерде қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды орналастырғаны үшiн 3200 теңге/тонна 5. Арнайы пункттерде иониздейтiн сәулелендiрудiң жабық көздерiн жерлеу үшiн Жерлеу жөнiндегi орындалған жұмыс құнынан 20 % 6. Қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды нормативтен тыс мерзiмге уақытша сақтау үшiн Жерлеу жөнiндегi орындалған жұмыс құнынан 10 % 7. Мыналарды пайдалану кезiнде жылжымалы көздердiң барлық түрлерiнен зиянды заттарды атмосфераға тастағаны үшiн: 1 тонна бензиндi 170 теңге 1 тонна дизотынды 150 теңге 1 тонна қысымдалған және сұйық газды 100 теңге 1 тонна керосиндi 100 теңге ШҚО ҚОҚҚ директорының мiндетiн атқарушы ШҚ облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы