О плате за загрязнение окружающей среды на 2001 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сэйкес меншіктің барлық нысанындағы облыстың кәіпорындары мен ұйымдарының қоршаған ортаға келтірген нұсқанының орнын толтыру мақсатында және қоршаған органы қорғау Қорын кұру мақсатында:
Тармақ 1
1. 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап қошаған ортаны ластағаны үшін алынатын 2001 жылға арналған төлем ставкасы №1 қосымша сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы бойынша салық комитеті (Қ.Қ. Нұрпейісов), облыстық қаржы басқармасы (С.Н. Нөгербеков), облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (О.М. Ким) төлемдердің уақытында түсуін және олардың бюджеттің сәйкес кірісіне белгіленген тәртіппен есептелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (О.М. Ким), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Т. Қожахметов) қоршаған ортаны ластаудың басқа түрлеріне арналған қосымша төлемдер жөніндегі ұсынымдарды бекіту үшін осы шешімге толықтырулар ретінде ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу ставкасы инфляция деңгейіне байланысты облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының және облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының ұсынысы бойынша жылына кемінде екі мәрте Қарағанды облысы әкімінің өкімімен индекстелген.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (С.Н. Нөгербеков) мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорына түскен қаржылардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Қоршаған ортаны ластаған үшін жекелеген табиғат пайдаланушы кәсіпорындарға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлемдерді белгілеу үкіметтік келісімдер мен шарттарды ескере отырып, комиссия арқылы қаралсын және облыс әкімінің шешімімен бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жүктелген міндеттеріне және жетекшілік жасайтын іс-қимылдар бағыттарына сәйкес, оларға қатысты бөлігінде облыс әкімінің орынбасарлары С.Т. Тұңғышбековке, В.И. Пригодинге, С.Б. Өтешовке, П.А. Ильницкийге жүктелсін.
Басқа 1. Қайталама материалдық ресурстарға жатпайтын қалдықтар орналастыруға арналған НОРМАТИВТІК ТӨЛЕМДЕР
Облыс әкімінің 2000 жылғы 11 желтоқсанның № 226 шешіміне № 1 қосымша 1. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 29 бабының, Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаға қорғау Министрлігінің 17.11.2000ж. № 461-ІІ бұйрығының негізінде қоршаған ортаға тасталған ластайтын заттар және орналастырылған өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын және оны қоршаған ортаға пайдаланғаны үшін төлем төлеудің келесі ставкасы белгіленсін: -Стационарлық көздерден атмосфераға нормативтік тасталған бір тоннаға шыққандығы (лимит шегінде) ластаушы заттар үшін - 150 теңге; -Стационарлық көздерден тасталған белгіленген лимиттен тыс бір тоннаға шыққандағы ластаушы заттар үшін – 1500 теңге; - Атмосфералық ауаны жылжымалы техникалардың (автомашина, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникалар) зиянды тастамасымен ластағаны үшін – автомотор отынының жұмсалатын бір тоннасы үшін: этил бензині үшін -700 теңге; этилді емес бензин үшін - 300 теңге; дизельдік отын үшін - 250 теңге; газ үшін - 180 теңге. -Су объектілеріне, су тоғандары- жинақтаушыларға, фильтрлеу өрісіне бір тоннаға шыққанда (лимит шегінде) тасталған ластаушы заттар үшін - 12500 теңге. -Жер бетіне 1 куб.м. ағынды су тастағаны үшін нормативті тазартылған ағынды су – 4,5 теңге; тазартылмаған және жартылай тазартылған ағынды су – 9 теңге; - қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын орналастырғаны (сақтау, көму) және пайдаланғаны үшін Улы емес қалдықтар 1 тоннасы (V класс) – 100 теңге; Үйінді жыныстар, 1 – тонна 10 теңге; байыту қалдықтары, металлургиялық қалдықтар, күл-қожы қалдықтары, 1 тонна– 20теңге.  № 1 кестеге сәйкес улылық класына байланысты өндіріс қалдықтары; Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары жабдықталмаған алаңдар мен үйінділер (тезек, құс көңі), 1 тонна – 1000 теңге. -тұрмыстық қатты қалдықтарды ТБО полигондарында (үйінділерде), кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарды орналастырғаны үшін, 1 куб.м.-100 теңге - Төлем төлеу кезіне жарамды қайталама шикізаттың көтерме – сатып-алу бағасының ставкасы қайталама ресурс болып табылатын шикізаттарды орналастырғаны (сақтау, көмек) үшін төленетін ставкасымен төленетін төлем ставкасымен сәйкес келеді. - Атмосфераға (су объектілеріне) тасталған (шығарылған) рұқсат берілмеген ластаушы апаттық қалдықтарды келтірілген бір тоннасы үшін тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын осы мақсатқа арналмаған орындарға сақтағаны нормативтік төлемнен он еселік мөлшерде; - Егер қоршаған ортаға ластаушы заттар тастауға (шығаруға) және өндірістік қалдықтарды орналастыруға белгіленген тәртіп бойынша ресімделген рұқсаты болмасы барлық тасталған (шығарылған) заттар және орналастырылған қалдықтар рұқсат етілмеген деп танылады. № 1 кесте Қайталама материалдық ресурстарға жатпайтын қалдықтар орналастыруға арналған НОРМАТИВТІК ТӨЛЕМДЕР Қалдықтар атауы Өлщем бірлігі Нормативтік төлем (теңге) 1. улы заттар I класты улы заттар – аса қауіпті тонна 3200 II класты улы заттар – өте қауіпті тонна 1600 III класты улы заттар – орташа қауіпті тонна 400 IV класты улы заттар – қауіптілігі шамалы тонна 200