Об областном бюджете на 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 01-151/01-06 хатымен.
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы
органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына,
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес
Облыстық мәслихат ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. 2001 жылға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес мына көлемде
бекiтiлсiн:
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ШҚО мәслихатының VIII сессиясының
2001.03.27. N 8/5-II, ШҚО мәслихатының IX сессиясының 2001.04.25. N 9/2-II, ШҚО мәслихатының X сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II, ШҚО мәслихатының XI сессиясының 2001.09.28. N 11/6-II, ШҚО мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II шешімдерімен.
Тармақ 2
2. 2001 жылы облыстық бюджетке түсетiн түсiмдер заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан, әлеуметтiк салықтан, салыққа жатпайтын түсiмдерден және мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң кәсiпорындарға, ұйымдарға келiсiм шарт негiзiнде көрсетiлген қызметi үшін қаражаттар аудару есебiнен қалыптастырылатыны белгiленсiн, заңды және жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен несие бергені үшін алынған сыйақы (мүдде).
📌 Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ШҚО мәслихатының VIII сессиясының
2001.06.15. N 10/5-II шешімімен.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджетке "Казцинк" ашық акционерлiк қоғамының заңды тұлғаларынан табыс салығы түсетiнi ескерiлсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың бюджеттерiне түсетiн кiрiстер "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тұрақты норматив бойынша жалпы мемлекеттiк салықтардан облыстық бюджетке аударылатын сомадан басқа, қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың бюджеттерiне жалпы мемлекеттiк салықтардан (заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, акциз және әлеуметтiк салық) түсетiн кiрiстердi бөлудiң тұрақты нормативтер мөлшерiнiң iс-әрекет мерзiмi "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихат сессиясының 1999 жылғы 21 желтоқсандағы N 2/3-П шешiмiмен 2002 жылға дейiн белгiленген.
Облыстық қазынашылық басқармасы 2001 қаржы жылында облыстық мәслихат
сессиясының жоғарыда көрсетiлген шешiмi бекiткен нормативтер бойынша
тиiстi бюджеттерге кiрiстер сомасын аударуды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджетте қоршаған ортаның жергiлiктi мемлекеттiк қорының
мөлшерi кiрiстер мен шығыстар бойынша 551800,0 мың теңге сомасында екенi
ескерiлсiн.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - облыстық мәслихатының
VIII сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II,II шақырылған облыстық мәслихатының XI сессиясының
2001.09.28. N 11/6-II шешімдерімен.
Тармақ 7
7. 2001 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттiк алымдар көлемi
1099855,0 мың теңге сомасында белгiленсiн.
Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке күнделікті
берілетін бюджеттік алымдар облыс Әкімі бекіткен пайыздық қатынаспен
тиісті бюджеттердің көлемінен алынатын, бюджеттік алымдардың берілуі
кезеңділігі белгіленсін.
📌 Ескерту. 7-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ШҚО мәслихатының
VIII сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II, ШҚО
мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II
шешімдерімен.
Тармақ 8
8. 2001 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттерiнде субвенция көлемi
4034517,0 мың теңге сомасында белгiленсiн.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - облыстық мәслихатының
VIII сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II, ШҚО
мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II
шешімдерімен.
Тармақ 9
9. Қалалар мен аудандардың бюджеттерiнде халықтың жекелеген
категорияларына арнайы мемлекеттiк жәрдем ақы төлеу ескерiлсiн, олардың
мөлшерi мына сомадан төмен болмасын:
(мың теңге)
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - облыстық мәслихатының
VIII сессиясының 2001.03.27. N 8/5-II, облыстық
мәслихатының VIII сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II
, ШҚО мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21.
N 12/5-II шешімдерімен.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Yкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша әскери қызметкерлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тұрғын үй ұстау және коммуналды қызмет шығындарын 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген мөлшерде ақшалай өтем ақы аталынған санаттағы азаматтардың қызмет етiп жүрген мекемелерiнiң шығыстар сметасының есебiнен төленетiнi ескерiлсiн.
Тармақ 11
11. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының борышы 2001 жылдың 31 желтоқсанына 6184874 мың теңге болып белгіленсін.
📌 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - облыстық мәслихатының
VIII сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II шешімімен.
Тармақ 12
12. Қалалар мен аудандардың бюджеттерiнде "Жергiлiктi деңгейде жол
жүйесiн пайдалану" бағдарламасы бойынша шығыстар көзделсiн.
Тармақ 13
13. Тұрғын үйлер салу жөнiнде Өскемен қаласының бюджетiнде 56,6 млн.
теңге шығыстар көзделсiн.
📌 Ескерту. 13-тармақ өзгерді - II шақырылған облыстық мәслихатының
XI сессиясының 2001.09.28. N 11/6-II шешімімен.
Тармақ 14
14. Облыс әкімінің 2001 жылға резерві 162645,0 мың теңге мөлшерінде
бекітілсін оның ішінде:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға - 155000
мың теңге;
сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың
міндеттемелерінің борышын өтеуге 7645,0 мың теңге.
📌 Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - облыстық мәслихатының VIII
сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II, өзгеріс
енгізілді - II шақырылған облыстық мәслихатының XI
сессиясының 2001.09.28. N 11/6-II, ШҚО
мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II
шешімдерімен.
Тармақ 15
15. Облыстық бюджетте мынадай шығыстар:
- ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерге несие беруге және
жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi дамытуға - 668233,0 мың теңге;
- жергiлiктi деңгейде жол жүйесiнiң құрылысына және күрделi жөндеуге
395300,0 мың теңге несие беру көзделiнсiн;
- ауыл шаруашылық өндiрушiлерге несие берудi қаржыландыру оларды
облыстық бюджетке керi қайтару жағдайында жүргiзсiн.
📌 Ескерту. 15-тармақ өзгерістер мен толықтырулармен - ШҚО мәслихатының
VIII сессиясының 2001.03.27. N 8/5-II, ШҚО мәслихатының IX сессиясының 2001.04.25. N 9/2-II, ШҚО мәслихатының X сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II , ШҚО мәслихатының XI сессиясының
2001.09.28. N 11/6-II, ШҚО мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II шешімдерімен.
Тармақ 2001.09.28
Тармақ 15-1
15-1. 2001 жылға арналған облыстық бюджетте мыналар көзделсін:
республикалық бюджеттен жылдық сый ақы 9,4 % ставкасымен 200000,0 мың
теңге сомасында несие түсу;
"Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге 2001 жылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру" жергілікті бюджет бағдарламасы 200000,0 мың теңге сомасында;
ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер алған 200000,0 мың теңге сомасындағы несиені қайтару;
жергілікті атқарушы органдардың 10967,0 мың теңге сомасындағы несие қарызына қызмет ету;
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет алдындағы 200000,0 мың теңге қарызын 2001 жылдың 1 желтоқсанына дейін өтеу.
📌 Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - облыстық мәслихатының
IX сессиясының 2001.04.25. N 9/2-II, соңғы абзац алып тасталды - облыстық мәслихатының X сессиясының
2001.06.15. N 10/5-II шешімдерімен.
Тармақ 2001.06.15
Тармақ 16
16. 2001 жылға облыстық бюджеттің атқарылуы кезінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізімі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Қалалар мен аудандардың бюджетінің атқарылуы кезінде азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдем және мемлекеттік адрестік көмек төлеу бойынша шығындар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
📌 Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - облыстық мәслихатының
VIII сессиясының 2001.06.15. N 10/5-II шешімімен.
Тармақ 17
17. Облыстық бюджетте Семей қаласының Ертiс өзенiне көпiр салуға республикалық бюджеттен 2427227,0 мың теңге трансферт көзделсiн, құрылысқа қаражат Семей қаласының бюджетi арқылы жолдансын.
📌 Ескерту. 17-тармақ өзгертілді - ШҚО мәслихатының VIII сессиясының
2001.06.15. N 10/5-II шешімімен, ШҚО мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II .
Тармақ 2001.06.15
Тармақ 18
18. Жергiлiктi атқарушы органдардың 2001 жылға аймақтық инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыруға қарыз алу лимитi 1000000,0 мың теңге сомасында белгiленсiн.
Облыстық бюджетте қарыз беру мерзiмiнде секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi атқарушы органдарды заемдары бойынша негiзгi қарызға қызмет ету бойынша қаражаттар қарастырылсын.
Соның ішінде "Аймақтық инвестициялық бағдарлама және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының қарыз алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 385 Қаулысымен бекітілген қарыз алу қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын "Большевик" кен орнында алтыны бар кенді биометаллургиялық әдіспен өңдеп, тауарлық алтын алу" жобасы бойынша.
📌 Ескерту. 18-тармақ толықтырылды - ШҚО мәслихатының VIII сессиясының
2001.03.27. N 8/5-II, ШҚО мәслихатының IX сессиясының 2001.04.25. N 9/3-II шешімдерімен.
Тармақ 2001.03.27
Тармақ 19
19. Облыстық бюджетте облыстық маңыздағы жеке зейнеткерлерге арнайы мемлекеттiк жәрдем ақы төлеуге 2001 жылдың»1 сәуiрiнен бiр айлық көрсеткiшi мөлшерiнде төлеу және жеткiзу шығындарын қоса отырып, 6654,0 мың теңге көзделсiн. <*>
📌 Ескерту. 19-тармақ толықтырылды - ШҚО мәслихатының VIII сессиясының
2001.03.27. N 8/5-II, ШҚО мәслихатының XII сессиясының 2001.12.21. N 12/5-II шешімдерімен.
Тармақ 2001.03.27
Тармақ 20
20. Облыс әкіміне азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем" бағдарламасы бойынша қаржы жұмсауға құқық берілсін деп толықтырылсын.
📌 Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - облыстық мәслихатының
2001.06.15. N 10/5-II шешімімен.
Тармақ 2001.06.15
Тармақ 21
21. Семей қаласының, Аягөз және Жарма аудандарының бюджеттерінде
2001 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Қазақстан темір жолы" РМК-нан берілетін
білім беру объектілеріне қаржы қаралсын.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 556
қаулысы негізінде Семей қаласының бюджетінде Семей ядролық
полигонының жабылуына арналған монумент құрылысын салуға 50000,0 мың теңге
қаралсын.
📌 Ескерту. Жаңа 21-тармақпен толықтырылды - ШҚО мәслихатының
2001.06.15. N 10/5-II шешімімен .
Тармақ 2001.06.15
Тармақ 22
22. Облыстық бюджетте Курчатов қаласының Әкіміне қаланы күзгі-қысқы
кезеңге әзірлеуге республикалық бюджеттен 63924,0 мың теңге трансферт
көзделсін.
📌 Ескерту. Жаңа 22-тармақпен толықтырылды - ШҚО мәслихатының
2001.12.21. N 12/5-II шешімімен.
Тармақ 2001.12.21
Басқа 32. 2001 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет
Облмәслихатының
VII сессиясының шешiмiнің
N 1 қосымша
📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ШҚО мәслихатының 2001.12.21. N
12/5-II шешімімен
2001 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет
Басқа 33. 2001 жылы секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тізімі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың
2001 ж. 15 маусымдағы сессиясының
N 10/5-ІІ шешіміне 2 қосымша
2001 жылы секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тізімі