Об утверждении региональной программы борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Карагандинской области на 2001 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің ұтуіне байланысты Қарағанды облысы мәслихатының 2005.01.17 N 1-12/40 хатымен. «Қарағанды облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасы туралы» хабарламаны тыңдап және талқылай келіп, есірткілердің заңсыз айналымына қарсы әрекетті жандандыру, есірткі қылмысымен күресті күшейту мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасы БЕКІТІЛСІН.
Тармақ 2
2. Облыстың жергілікті атқарушы және өкілетті органдары аталмыш Бағдарламаны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың Мәслихаттары 2001 жылға арналған бюджеттерде Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз етуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Жауапты орындаушылар Қарағанды облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2001 жылға арналған аймақтық бағдаларамасын орындау барысы туралы облыстық Мәслихатқа 2002 жылдың 1 тоқсанында хабарласын.
Тармақ 5. Қарағанды облысының 2001 жылға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі Аймақтық бағдарламасы
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық Мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқықтары (О.И. Боровиков), әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау (С.М. Әдекенов) жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін. Қарағанды облысы әкімі __________________К. Мұхамеджанов Қарағанды облыстық Мәслихаты сессиясының шешімімен Бекітілген «________»_________________2000ж. Қарағанды облысының 2001 жылға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі Аймақтық бағдарламасы Бағдарламаның төлқұжаты Атауы: Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2001 жылға арналған аймақтық бағдарламасы (одан әрі- Аймақтық бағдарлама). Әзірлеу үшін негіздеме: Елбасының Қазақстан халқына «Казахстан -2030» Жолдауы, Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің стратегиясы, Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2000-2001 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы қылмыспен күрестің 2000-2002 ж.ж. арналған бағдарламасы. Негізгі әзірлеушілер: Облыс әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Агенттігінің (ҚР НЕКА) аймақтық өкілі (одан әрі-Аймақтық өкіл), облыстық ҰҚКД, ІІББ, прокуратура, әділет юасқармасы, кеден басқармасы (КБ), денсаулық басқармасы (облДБ), «Дәрі-дәрмек» дәрі-дәрмек орталығы» РМҚК облыстық филиалы («Дәрі-дәрмек» РМҚК ҚОФ), «Сот медицина сараптамасының Қарағанды бюросы» ҚМКК, қаржы басқармасы (облҚБ), білім беру департаменті (облБД), мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаменті (МАжҚКД), Салық полициясы комитетінің бас басқармасы (СПКББ), туризм және спорт комитеті, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы. Мақсаты: Нашақорлық пен есірткі бизнесінің Қарағанды облысында тарауына мемлекеттік және қоғамдық қарсы әрекеттің негізгі бағыттарын және барынша тиімді түрлерін, әдістерін әзірлеу Міндеттері: 1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте облыстың атқарушы, өкілетті құқық қорғау, бақылау органдарының, қоғамдық құрылымдарының, еңбекшілері ұжымдарының және азаматтарының куш-жігерін біріктіру.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2000-2001 жылдарға арналған Стратегия мен Мемлекеттік бағдарлама шараларын жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларын жетілдіру ұсыныстарды әзірлеу.
Тармақ 3
3. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет механизмін жетілдіру.
Тармақ 4
4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына бақылауды күшейту.
Тармақ 5
5. Наркотикалық құралдарды медициналық емес тұтынудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту.
Тармақ 6. I. Кіріспе
6. Есірткі құралдарының айналымына және оларды зиян келтіре пайдалануға бақылау саласында тиімді халықаралық ынтымақтастықты орнықтыру. Қаржыландыру көздері: Республикалық және жергілікті бюджеттердің, инвестициялық бағдарламалардың қаржылары, демеушілік қаржылар. Күтілетін нәтижелер: - нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте облыстың атқарушы, өкілетті, құқық қорғау, бақылау органдарының және қоғамдық құрылымдарының өзара іс-қимылының және оны үйлестіру деңгейін арттыру; - салауатты өмір салты идеяларын тарату, азаматтардың бойында құқықты сезіну деңгейін арттыру; - нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің және олардың алдын алудың барынша тиімді түрлерін, әдістерін әзірлеу; - облыстың нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің жалпымемлекеттік, халықаралық бағдарламаларына қатысудың түрлерін кеңейту; - заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының, психотроптық заттардың көлемін ұлғайту және есірткі құралдары мен психотроптық заттарды зиян келтіре пайдалану нәтижесінде жасалатын қылмыстардың санын азайту; - есірткілерді заңсыз қолданатындығы анықталған адамдар санының өсуі, және олардың біртіндеп азаюы; - есірткіледің заңсыз айналымына байланысты істер бойынша сот өндірісінің тиімділігін арттыру; - Қарағанды облысының кедендік және облыстық шекараларының периметрі бойынша бақылауды күшейту. I. Кіріспе Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің аймақтық бағдарламасы Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» Жолдауына, Қазақстан Республикасының «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен зиян келтіріле пайдалануына қарсы әрекет шаралары туралы «Заңына және Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2000-2001 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген. Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2000-2005 ж.ж. арналған Стратегиясының бірінші құрамдас бөлігі болып табылады. II. Проблеманың жай-күйін талдау Қарағанды облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымы және зиян келтіріле пайдалануы проблемасы соңғы уақытта елеулі ауқымдарға ие болды, бұл қоғам құқықтық тәртіптің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси негіздеріне теріс әсерін тигізеді. Нашақорлықтың өсуі СПИДтің тарауы, ұйымдасқан есірткі бизнесінің күшеюі сияқты өткір проблемаларды да тереңдетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Қарағанды облысының географиялық орналасуы, атақты Шү жазығының жақындағы, оның орасан зор есірткі әлеуеті; Орта Азия республикасынан Ресейге және одан әрі баратын автомобиль, теміржол, әуе магистральдерінің болуы облысымызды халықаралық есірткі бизнесі үшін тартымды етеді, ол жөнінде соңғы жылдары алынған «ауыр» есірткілерінің ұлғайған саны куә болады. Қылмыс пен есірткілерді зиян келтіре пайдаланудың өсуі саласындағы ахуалды заңнаманың жетімсіздігі, есірткілерді зиян келтіре пайдаланудың және есірткі жасаушылар қызметінің ұлғайып бара жатқан ауқымын тежеу үшін жеткілікті мүмкіндіктердің жоқтығы, сондай-ақ есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлар қозғалысының арналарын жою жөнінде аймақтар, мемлекеттік органдар арасындағы жеткіліксіз үйлестіру шиеленістіре түседі. Қабылданған шараларға қарамастан облыста есірткілерді заңсыз таратумен күресте нақты бетбұрыстың бола қоймағандығын мойындау керек. «Есірткілердің және есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы әрекет жөніндегі 1999-2000 жалдарға арналған аймақтық бағдарламаны» орындау тек нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласындағы түбегейлі жаңғыртулар үшін негіз ғана салып берді. Жинақталған тәжірибе ұйымдастырушылық және машықтық жұмыста орын алған кемшіліктерді ескертуге, нашақорлықпен және есірткі қылмысымен күрестің барынша тиімді түрлерін, әдістерін белгілуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыстағы есірткі ахуалы былайша сипатталады: 1. Есірткілерді медициналық емес тұтынуға жол беретін адамдар санының ұдайы өсуі байқалады. Ішкі істер органдарындағы (II) опетаративті-анықтама есебінде есірткімен ұсталған 10 000-ға жуық адам турады; соның ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша «нашақорлық» диагнозы қойылғандары – 4000 адамға жуық. 1972 жылмен салыстырғанда нашақорлыпен сырқаттану 5,8 есе, жасы толмағандар арасында – 2 есе өсті. 2. Есірткілердің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар өсу үстінде, 1998-1999 жылдарда олардың саны жылына 4000 мыңнан астам құрады. 1991 жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 15 есе ұлғайды. 3. Есірткіні жастай тұтыну белең алуда: есірткіні алғашқы медициналық емес тұтыну шегі 14-15 жасқа ауысты, бұл бір мезгілде есірткімен заңсыз іс-әрекеттерге тартылуға барынша бейімділік кезеңі де болып табылады. 4. Облыста ВИЧ/СПИД таралуының негізгі себептерінің бірі – есірткіні күретамыр арқылы енгізу ұлғаюда. 01.01.2000ж. ахуал бойынша ВИЧті жұқтырғандардың жалпы саны 919 адамды құрайды, солардың 80%-дан астамы – «шприцті» нашақорлар. 5. Облыстың аумағы ортаазиялық республикалардан Ресейге апиын мен гороинді тасымалдау үшін транзиттік дәлсіз ретінде пайдалануда; контрабанда күшейіп, халықаралық есірткі бизнесінің аймақтық есірткі жасаушылармен орнықты байланыстары тиянақталуда, бұл заңсыз айналымнан алынған есірткілер саны мен көлемінің елеулі ұлғаюымен дәлелденеді (жылына 1200-1500кг). Қарағанды облысындағы есірткі ахуалының күрделуімен байланысты теріс тенденциялар халықтың денсаулығына қауіп төндіреді, экономикалық реформалардың барысын қиындатады, әлеуметтік ахуалды тұрақсыздандырады, шиеленісті қылмыстық жағдайды жасайды. III. Бағдарламаның міндеттері Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі басым міндеттерді шешу көзделеді: 1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте облыстың атқарушы, өкілетті, құқық қорғау, бақылау органдарының, қоғамдық құрылымдарының, еңбекшілері ұжымдарының және азаматтарының күш-жігерін біріктіру. 2. Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2000-2001 жылдарға арналған Стратегиясы мен Мемлекеттік бағдарлама шараларын жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу. 3. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет механизмін жетілдіру. 4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына бақылауды күшейту. 5. Есірткі құралдарын медициналық емес тұтынудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту. 6. Есірткі құралдарының айналымына және оларды зиян келтіре пайдалануға бақылау саласында тиімді халықаралық ынтымақтастықты орнықтыру. IV. Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі негізгі шаралар Алға қойған мақсаттарға жету және басым міндеттерді шешу үшін Аймақтық бағдарлама облыстағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің іс- қимыл үстіндегі жүйесін жетілдіруге бағытталған жиынтық шараларын жүзеге асыруды көздейді. 4.1 Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласына барлық мемлекеттік органдарды, еңбек ұжымдарын, қоғамдық құралдарды және азаматтарды тарту. Пәрменіндегі заңнаманың, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің Мемлекеттік және Аймақтық бағдарламаның орындалуына қатаң бақылау жасау, салауатты өмір салтын құқықтық насихаттау саласын кеңейту, бұқаралық ақпарат құралдарын кең пайдалану негізінде нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына төзгісіз жағдай жасау. 4.2. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте облыстың өкілетті, атқарушы, құқық қорғау және бақылау органдарының күш-жігерін біріктіру. Олардың өзара іс-қимыл, өзара ақпарат алмасу жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау. Облыстың құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің, жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл проблемаларын қарау және әдістемелік қамтамасыз ету тұрғысындағы қызметін жандандыру, нашақорлықтың таралуымен күресте алдын алу саласын кеңейту. 4.3. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу. Халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес есірткі бизнесіне және есірткілерді зиян келтіре пайдалануға бақылау коятын тиісті нормативті-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. 4.4. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту. Емдеу- оңалту шараларын жүргізу үшін облДБ, құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығйту, қосымша штат бірліктерін бөлу және заңды есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге, пайдалануға бақылауды күшейту. Мүдделі ұйымдардың, мекемелердің және ведомстволардың дәл белгіленген өкілеттіктерімен дәрілік есірткі бар препараттарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды есепке алу, пайдалану және босату жөніндегі бақылау жүйесін әзірлеу. 4.5. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет механизмін жетілдіру. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын тоқтату мақсатында құқық қорғау және бақылау органдарының өзара іс-қимылын күшейту жөнінде нақты шараларды жүзеге асыру, олардың қызметінің, соның ішінде есірткі бизнесімен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрестегі іс-әрекетінің тиімділігін арттыру. Сот медицина сараптамалары орталығының Қарағанды ғылыми-өндірістік зертханасы (ССОҚҒӨЗ) мен Қарағанды медицина академиясының (ҚММА) негізінде есірткілермен байланысты құқық бұзу туралы істер бойынша проблемалардың ғылыми зерттеулерін жүргізу. Зертханаларды тиісті жаңғырту. Тиісті талдау жүргізу үшін құқық қорғау органдарынан есірткі қылмысының ахуалы, заңсыз есірткілер туралы деректерді жинауды ұйымдастыру мақсатымен облыс прокуратурасы жанындағы ҚСжАО мүмкіндіктерін кеңейтуді күшейту. Мамандандырылған соттар жүйесін одан әрі дамыту мақсатымен Қарағанды қаласында есірткілермен байланысты істер бойынша мамандандырылған соттарды құру мүмкіндігін қарау. ҚР IIМ Қарағанды заң институтының негізінде құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыспен – есірткі бизнесімен күресте кездесетін проблемаларды шешу мақсатымен «тар» бағытта даярлау үшін кадрларды арнайы оқыту. Нұсқаушыларды даярлаудың және есірткілерді табу үшін қызметтік- іздестіру иттерін (ҚІИ) оқытудың ұлттық бағдарламасын қолдау мақсатымен Қарағанды облысы IIББ ҚІИ қолда бар питомнигін нығайту жөнінде шаралар қабылдау. Құқық қорғау органдарының есірткілерді заңсыз өндірумен күрес шеңберінде жыл сайынғы республикалық кең ауқымды «Допинг», «Қызғалдақ», «Арна» және «Құқық тәртібі» атты оперативті алдын алу операцияларына белсенді қатысуы. 4.6. Есірткі құралдарын медициналық емес тұтынудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту. Мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырудың негіздерін жасау, есірткіледрі зиян келтіре пайдаланудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, есірткілерді зиян келтіре пайдаланудың мониторингі, оларды зиян келтіре пайдалану туралы деректерді жинау және талдау мақсатымен Қарағанды қаласында ОНД ашу. СПИДпен, ЖЖЖА және нашақорлықпен күрес жөніндегі облыстық бағдарламаға сәйкес ВИЧ-СПИДтің зиянын азайту жөніндегі алдын алу шараларын өткізу. Зиянды заттарды тұтынудың алдын алу жөніндегі, барлық сыныптарды қамтитын, сабақтарды енгізу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) жүргізілетін мақсатты жұмысты жетілдіру жолымен қоғамдық санада салауатты өмір салтын қалыптастыру, әдістемелік, насихаттық және оқу-танымдық өнімдерді, дыбыс, бейнематериалдарды шығару. Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту жөніндегі мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін көтермелеу. 4.7. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына және оларды зиян келтіре пайдалануға бақылау жасау саласында тиімді халықаралық ынтымақтастықты орнықтыру. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына бақылау жасау саласында тиімді халықаралық ынтымақтастықты орнықтыру мақсатында Қарағанды облысының құқық қорғау органдарынынң шетелдік ұқсас қызметтерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мемлекетаралық келісімдер шеңберінде есірткілерді анықтау, ескерту, заңсыз операциялар мен контрабанданы тоқтату жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыру. Мамандардың есірткілерге бақылау жасау проблемалары бойынша халықаралық кездесулер мен форумдарға қатысуы. Есірткімен күрес саласында жұмыс істейтін барлық қызметтердің қызметіне қолдау көрсету, оларды жарықтандыру үшін; кадрларды даярлауда және қайта даярлауда, тәжірибе алмасуда, нашақорларды оңалтудың перспективалық бағдарламаларын әзірлеуде халықаралық ұйымдар мен донор-елдердің техникалық және өзге көмегін тарту жөніндегі жұмыста жалғастыру. V. Бағдарланаманы жүзеге асыру механизмі Барлық облыстық мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың, олардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, өзара іс-қимылының және қызметін үйлестірудің жоғары деңгейі негізінде белгіленген шараларды кезең-кезеңмен орындау. Есірткі құралдарының айналымына бақылауды күшейту, лауазымды адамдардың орындаушылық тәртібінің деңгейін арттыру, есірткімен күрес үшін қолда бар әлеуетті дамыту және нығайту, озық тәжірибені зерделеу және тарату. Нашақорлықпен және есірткімен күрес үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы-қаражатты нақты шараларды орындау үшін жауапты ұйымдарға, мекемелер мен ведомстволарға техникалық көмек ретінде бағыттау. Сыртқы техникалық көмекті Бағдарлама шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ есірткілерге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасының бірлескен жобасының негізінде уйлестіру. VI. Күтілетін нәтижелер Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте облыстың атқарушы, өкілетті, құқық қоғау, бақылау органдарының және қоғамдық құрылымдарының өзара іс-қимылының және оны үйлестіру деңгейін арттыру. Салауатты өмір салты идеяларын тарату, азаматтардың бойында құқықты сезіне деңгейін арттыру. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің және олардың алдын алудың барынша тиімді түрлерін, әдістерін әзірлеу. Облыстың нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің жалпымемлекеттік және халықаралық бағдарламаларына қатысудың түрлерін кеңейту. Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың көлемін ұлғайту және есірткі құралдары мен психотроптық заттарды зиян келтіре пайдалану нәтижесінде жасалатын қылмыстардың санын азайту. Ескілерді заңсыз қолданатындығы анықталған адамдар санынң өсуі, олардың біртіндеп азаюы. Есірткілердің заңсыз айналымына байланысты істер бойынша сот өндірісінің тиімділігін арттыру. Қарағанды облысының кедендік және облыстық шекараларының периметрі бойынша бақылауды күшейту. VII. Қарағанды облысының 2001 жылға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ №№ п/п Шаралар атауы Жүзеге асыру мерзімі Аяқталу үлгісі Жауапты орындаушылар Ескерту I.Шаларды ұйымдастыр Аймақтық комиссия 1.1 Қазақстан Республикасының Президентінің 17.02.2000 ж. №345 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі агенттігінің» құрылуына байланысты нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі Аймақтық комиссия құрамына, Ережесіне өзгертулер енгізу 01.01.2001 ж. дейін Облыс әкімінің шешімі Мемлекеттік құқықтық бөлім, облыс әкімінің ішкі саясат және сала бөлімі 1.2 Құқық қоғау, бақылаушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың жұмыс жағдайына талдау жасауды қамтамасыз ету; нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі мәселелер бойынша қылмыстық жағдай серпінін болжау. 2001 ж. (жарты жылда 1 рет) Ұқсас анықтамалар, нұқсамалар Аймақтық комиссия, аймақтық өкіл, ІІББ, ҚЖІІБ, КБ, ҚСПББ, ҚР ІІМ ҚӘИ, облыстық әділет басқармасы, БАҚ 1.3 Облыс қалалары мен аудандарында, ұйымдарда «Қазақстан Республикасындағы 2000-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу стратегиясын», нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиналыстар өткізу. 2001ж. I тоқсан Ақпараттық хат ұсыныстарымен Қалалар және аудандар әкімдері, құқық қорғау органдары, облДБ, облыстық БД, ҚСПББ, ҚР ӘМ ҚАҒӨЛССО 1.4 Есірткіні бақылау жөніндегі жұмыс тобының отырысында есірткі құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорларды теріс пайдалану қарсы іс-қимылдары мен таратылуы жөніндегі өзара іс-қимылдарды арттыру мәселелрін құрастыру. Тоқсан сайын Аймақтық комиссияға есеп беру Қалалар және аудандар әкімдері, құқық қорғау органдары, облыстық ДБ, облыстық БД, қалалық және аудандық әскери комиссияттары 1.5 Облыс әкімін есірткінің тарауына себеп болып отырған кемшіліктер, себептер мен жағдайлар туралы хабардар ету. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сақталуын қамтамасыз ету тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынытар беру. Жарты жылда 1 рет Ақпараттық хат Аймақтық комиссия, ІІББ, ҰҚКД, КБ 1.6 Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы №395 Жарлығымен бекітілген нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу мемлекеттік бағдарламасынынң 14 тармағын есірткі, психотропты заттар және прекурсорлармен байланысты құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөнінде мамандандырылған сот құру бөлігінде жүзеге асырылуына көмек көрсету. I-II тоқсан 2001 ж. Аймақтық комиссия Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі, облыстық сот II.Есірткі, психотропты заттармен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін жетілдіру 2.1. Есірткімен күресу, құқық қорғау, атқару және фискалды органдардың, қоғамдық ұйымдардың есірткі қылмысын жетілдіру жөніндегі өзара қарым-қатынасын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылай отырып, отырыстар өткізу. Ай сайын Шешімдер, аймақтық комиссия ұсыныстары Аймақтық комиссия, аймақтық өкіл 2.2. Соттық-іздестіру машықтарын жинақтау, ішкі істер органдарында қолдануға арналған «Есірткі құралдарды немесе психотропты заттар қолдануға тарту (ҚР ҚК 261 бабы), «Есірткі заттар немесе психотропты заттарды қолдануға арналған орындарды ұйымдастыру немесе ұстау (ҚР ҚК 264 бабы), есірткі, психотпроты, қатты әсер етуші және улы заттарды ұстау ережесін бұзғаны (ҚР ҚК 265 бабы)» үшін қылмыстық істерді құжаттандыру және тергеу жөніндегі амалдар мен әдістердің әдістемелік нұсқамаларын әзірлеу. 2001 ж. I тоқсан Әдістемелік нұсқамалар Қазақстан Республикасы ІІМ, ҚӘИ, ҚарМУ, ІІББ ІҚ, ҰҚКД, облыстық сот 2.3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне материалдық-техникалық базаны нағайту және нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресуді ұйымдастыру үшін есірткі операцияларының барысында алынған мүліктер мен ақшалай құралдардың 30% облыстық ішкі істер органын беру туралы ұсыныс жасау. Желтоқсан 2000 ж. Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс жасау ІІББ, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚӘИ 2.4. Мемлекеттік органдар және қоғамдық құрылымдарды қатыстыра отырып, есірткі, психотропты, улы заттармен прекурсорлады келу келу және таралу арналарын анықтау және келу жолын кесу жөніндегі «Допинг», «Көкнәр», «Арна», «Құқық қорғау» жедел- профилактикалық операцияларын жүргізуде қатысу Кестеге сәйкес Есеп беру және ұсыныстармен анықтама Қалалр және аудандар әкімдері, ІІББ, ҚБ, КСПББ, ҰҚКД 2.5. Есірткі заттарды тығуы мүмкін жүкпен келе жатқан автокөліктерді толық тексеру мақсатында «Кеденкөліксервис» РМК уақытша сақтау қоймасында ауыр жүкті автомобильдреге және автобустарға арналған арнайы жабдықталған екіден кем емес қарау аумақтарын орнату. Жүктерді жылдам түсіру және тиеу мүмкіндігін қамтамасыз ету (жұмыс қолы, техникалық жабдықта). 2001 ж. I тоқсан Аймақтық комиссияға анықтама ұсыну КБ, «Кеденкөліксервис», РГК 2.6. Қазақстан Республикасының нашақорлықпен және есірткімен күресу жөніндегі Агенттікке есірткі заттарды тасымалдаумен айналысатын автокөліктерді анықтау мақсатында шағын әуежолы бөлімшесін құру туралы ұсыныс енгізу. Қаңтар 2001 ж. Қазақстан Республикасының ЕНКА ұсыныс ІІББ, Қарағанды әуекомпаниясы, әуежайдың ЖІІБ, КБ 2.7. Күзет органдарымен жастардың демалу органдарында (дискотека, ойын-сауық клубтары, барлар, казинолар және т.б.) есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында бірлескен іс-қимылдар туралы келісім шартқа отыру. Тоқсан сайын Аймақтық комиссияға анықтама Облыстық ІІББ 2.8. Қарағанды облыстық ІІББ ІКП ЕКБ бөлімшелері қызметкерлерін материалдық-техникалық және арнайы құралдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау. 2001 жыл Қалалар және аудандық мәслихаттар сессиясының шешімдері Қалалр және аудандар әкімдері, облыстық ІІББ III. Есірткі, психотропты заттармен прекурсорлардың заңсыз айналымына бақылауды күшейту 3.1. Құрамында есірткі бар емдеу препораттарының, есірткі, психотропты, қатты әсер етуші, улы және прекурсорлардың келу және таралу жолдарны кесу жөніндегі «Допинг» жедел алдын алу операциясын жыл сайын өткізу. Ақпан-сәуір жыл сайын Аймақтық комиссияға анықтама Қарағанды облысы бойынша ІІББ 3.2. Есірткі емдеу препораттарының, есірткі, психотропты, улы және прекурсорларды анықтауға арналған қоймалардың, дәріханалардың, емханалардың, ауруханалардың және басқа да сақтау орындарының бекітілу және жарамдық дәрежесін тексеру. ІІББ бірлескен жоспарына сәйкес Аймақтық комиссиға анықтама ІІББ, КСПББ, КБ 3.3. Құрамында есірткісі бар емду препораттарының, есірткі, психотропты, улы және прекурсорлардың ресми айналым саласында қызмет етушілер мен сыртқы экономикалық іс-қимылдарға қатысушыларды тексеру жөніндегі бірлескен рейдтік шараларға қатысу. ІІББ, КБ, ҚСПББ, облыстық ДБ, «Дәрі-дәрмек» РМКК ҚҚҚ бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес анықтама ІІББ, КБ, ҚСПББ, облыстық ДБ «Дәрі-дәрмек» РМКК ҚҚҚ 3.4. Меншік нысанына қарамастан ес қызметтің осы түріне қызмет көрсетуге құқығы бар есірткілік бағыттағы мекемелердің лицензиялық талаптарының орындалуын тексеру. I-II тоқсан 2001 ж. Аймақтық комиссиға анықтама Облыстық ДБ, ІІББ IV. Медициналық емес есірткі заттарды қолданудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту 4.1. Салауатты өмір салтының алдын алудың әсерлі шаралары жүйесін әзірлеу және нәтижесін жинақтай отырып, оның орындалуын қамтамасыз ету. I тоқсан 2001 ж. облДБ, БҚБАКДИ, ОБЛДБ, МАҚКД, ІІББ 4.2. Есірткіге тәуелділік проблемалары бар құрдастарына қолдау көрсету үшін жас өспірімдер арасында жетекшілерді анықтай отырып, оның орындалуын волонтерлік топтар құру. 1 тоқсан 2001 ж. Волонтерлік топтар Облыстық ДБ 4.3. Жасы кәмелетке толмаған балалары бар қолайсыз отбасыларының аймақтық мәліметтер банкін құру, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі бағдарлама әзірлеу және оның орындалуын қамтамасыз ету. Тоқсан сайын 2001ж. Аймақтық комиссияға ақпарат облБД, туризм және спорт комитеті, қалалр және аудандар әкімдері 4.4. Есірткі қолдануға және есірткі орындарын құруға жарамды үй астыларын, шатырларын және басқа да тұруға жарамайтын орындарды анықтауға және бақылауға бағытталған «Үй асты», «Үлкен ау», «Жас өспірім» операцияларын жүзеге асыру 2001 ж. Аймақтық комиссияға анықтама Облыстық ІІББ, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия 4.5. Мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарында есірткіге психикалық тәуелділік проблемалары бойынша анонимді кеңесті жүзеге асыру үшін консультациялық пунктер ашу, сонымен қатар қалалардағы консультациялық кеңес штаттарына сатылы түрде психолог және психотеропевт енгізу мәселесін зерделеу. 1тоқсан 2001ж. Аймақтық комиссияға ұсыныс беру Қалалар және аудандар әкімдері, облБД,облДБ, БҚБАҚДИ 4.6. Ынталы ұйымдармен және ведомстволармен бірлесе отырып, педагогтар, медицина мекемелері, құқық қорғау органдары қызметкерлерін «қауіптілігі жоғары» топтарда алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруға әзірлеу және оларды нашақорлықпен ерте айналысу және алдын алу әдістеріне оқытуды ұйымдастыру. 2001 ж. Аймақтық комиссияға ақпарат облБД,облДБ, ІІББ 4.7. Есірткіге тәуелді адамдардың нәтижелі емделуі мен оңалуы үшін дәрігерлердің кәсіптік әзірлігін және біліктілігін арттыру, сондай-ақ басқа мамандығы дәрігерлердің нашақорлық «сақтылық» қауіпсіздігін қалыптастыру. 2001 ж. Тоқсан сайынаймақтық комиссияға ақпарат тапсыру ҚММА, облДБ 4.8. Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жарыс сөз», «Оңтүстік Басшы», «Үйлесімдік», «Қадамнан соң қадам», «Салауатты өмір салты үшін» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізу. тұрақты Аймақтық комиссияға тоқсан сайын ақпарат тапсыру ОблБД 4.9. Балалар мен жас өспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, алкоголизм, нашақорлық, токсикомания, темекі тартудың алдын алу жөніндегі көрнекті құралдар, стенділер, бұрыштар безендіру. 2001ж. Аймақтық комиссияға тоқсан сайын ақпарат тапсыру ОблБД, облДБ 4.10. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен арнайы рубрикалар, телевидение және радио арқылы арнайы хабарлар өткізу арқылы балалардың, жас өспірімдер мен жастардың қоғамдық санасында есірткіге жиреніш факторын қалыптастыру. 2001ж. Аймақтық комиссияға тоқсан сайын ақпарат тапсыру МАҚКД, облДБ, облБД, туризм және спорт комитеті, ІІББ 4.11. Қарағанды қаласында 125 орынға арналған облыстық стационарлық нашақорлық диспансерін ашу. 1 тоқсан 2001 ж. ОНД ашу ОблДБ 4.12. Облыстық накологиялық диспансерді ұйымдастыру техникасымен, биологиялық ортада есірткілерді анықтауда арналған лабороториялық қондырғылармен жабдықтау I тоқсан 2001 ж. ОНД жабдықтау ОблДБ 4.13. Облыс қалаларындағы клиникалық- диагностикалық емханалар (КДЕ), селолық аудандарындағы алғауыл шаруашылықты медициналық көмек көрсету орталықтары құрамынан наркологиялық кабинеттер ашу, оларды ҚР ДМ 1997 жылғы 22 мамырдағы №250 «ҚР халқына накологиялық көмек көрсетуді әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жинақтау және жабдықтау. 1-11 тоқсан 2001ж. Аймақтық комиссияға тоқсан сайын ақпарат беру ОблДБ 4.14. Қарағанды облыстық балалар психоневрологиялық бірлестік (ҚОБПНБ) құрамынан накологиялық потологиялы балаларды емдеуге арналған 30 орынды наркологиялық балалар бөлімшесін ашу. I-II тоқсан 2001ж. Бөлімше ашу ОблДБ 4.15. Жалпы білім беру мектептер, КТМ, колледждер және ЖОО оқушыларын медициналық тексерістен өткізу кезінде есірткіге тәуелді тұлғаларды анықтау, оларды тіркеуге алу және оларды әрі қарай емдеу медициналық әлеуметтік оңалту үшін сәйкес білікті медициналық қызметкерлерді қатыстыру. Медициналық тексерістер жоспарына сәйкес Аймақтық комиссияға ақпарат Қалалар және аудандар әкімдері, облБД, облДБ, ІІББ 4.16. Әскери дәрігерлік комиссия құрамындағы нашақорлық диспансер дәрігерлерін есірткінің емдеу мақсатсыз пайдалануына жол берген тұрғаларды қабылдау және аталған тұлғаларға қатысты емдеу және алдын алу сипатындағы шаралар қабылдау жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету. I-II тоқсан 2001 ж. Аймақтық комиссияға ақпарат тапсыру Қалалар және аудандар әкімдері, әскери комиссиаттар аумақтық денсаулық сақтау органдары V. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресуде облыстың атқару, өкілетті, құқық қорғау, бақылаушы органдарының, қоғамдық құрылымдар, еңбек ұжымдары және азаматтар күштерін біріктіру. 5.1. «Жастар есірткі мен СПИД ке қарсы» алдын алу акциясын өткізу Жылына 2 рет Арнайы бағдарлама бойынша акциялар сериясы МАҚСД, облДБ, облБД 5.2. Ынталы тұлғалардың қатысуымен нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу проблемалары бойынша «дөңгелек стол» ұйымдастыру Жылына 2 рет «дөңгелек стол» отырысы МАҚСД, облДБ, облБД 5.3. Қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, діни конфференциялардың, оларды әрі қарай осы бағыттағы жұмыстарға қатыстыра отырып, балалар, жас өспірімдер және жастар арасындағы есірткі және есірткіге тәуелділіктің алдын алуға қатысу үлгілерін кеңейту. I I-I I I тоқсан 2001 ж. Аймақтық комиссияға ақпарат беру МАҚСД, облДБ 5.4. - балалар, жас өспірімдер және жастарға арналған нашақорлықпен күресуге байланысты шағын-спектакльдер, театрландырылған қойылымдар; - нашақорлықпен күресуге арналған әртістердің, жастар ансамбльдерінің концерттік қойылымдарын әзірлеу. 2001ж. Спектакльдер, қойылымдар, концерттік бағдарламалар, фестифальдер МАҚСД VI. Есірткі заттардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына бақылау саласында тиісті халықаралық ынтымақтастық орнату. 6.1 Нашақорлықпен және есірткімен күресу жөніндегі халықаралық бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысу. 2001ж. ұсыныс Облыс әкімі, аймақтық комиссия 6.2. Есірткінің заңсыз тасымалдауын анықтау, алдын-алу және жолын кесу мақсатындағы Қарағанды облысының құқық қорғау және арнайы қызметтерінің басқа мемлекеттердің осындай қызметтерімен жасалған халықаралық келісім шарттары шегіндегі бірлескен шараларын жүзеге асырудағы өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету. 2001 ж. Аймақтық комиссия есебі ҚР нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі агенттігі, СІМ, ІІМ, ІІББ, ҰҚКД, КБ, облыстық прокуратура 6.3. Халықаралық ұйымдармен елдердің нашақорлықпен күресу саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қызметіне, кадрларды даярлауға, тәжірибе алмасуға, қондырғылармен жабдықтауға, оңалтудың перспективалық бағдарламаларын әзірлеуге қолдау көрсетуге арналған техникалық және басқа да көмектерді қатыстыру 2001 ж. Келісімдер, бірлескен бағдарламалық жобалар Облыс әкімінің аппараты, ІІМ, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі ҚР агенттігі, ҚР әділет Министрлігі, ІІМ