Об областном бюджете на 2001 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 05.07.2002 № 19/2 шешімімен
Тармақ 1
1. 2001 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде белгіленсін: Кірістер – 3780017 мың теңге; Ресми алынған трансферттер – 3252656 мың теңге; Шығыстар – 6964673 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2001 жылғы арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» заңына келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылды деп белгіленсін: Төмен тұрған бюджеттерге есептелінетін сомаларды қоспағандағы төлем көзінен ұсталанатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; Әлеуметтік салық; Республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағандағы акциздер.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттің кірістері келесі салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады деп белгіленсін: мемлекеттік меншікті жалға беруден түскен түсімдер (облыс әкімінің коммуналдық меншікті жалға беруден түскен қаражаты); республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, қоршаған твби ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер; қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін айыппұл;
Тармақ 4
4. Төмен түрған бюджеттер кірістері келесі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылады деп белгілесін: республикалық бюджетке түсетін сомаларды қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы; облыстық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұсталатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; республикалық және облыстық бюджеттерге аударылатын сомаларды қоспағанда, акциздер; кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; көлік құралдарына салық; бірыңғай жер салығы; су үшін төлемдер; орманды пайдаланғаны үшін төлемдер; кәсіби және кәсіпкерлік қызметін жүргізгені үшін алымдар;
Тармақ 5
5. Төменгі тұрған бюджеттердің кірістері келесі салықтық емес түсімдерден қалыптастырылғаны белгіленсін: мемлекеттік меншік болып табылатын акция пакеттеріне дивидендттік түсімдер; жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелердің мүлкін сатудан түскен төлемдер; жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелермен ұсынған қызметті жүзеге асырудан түскен түсімдер; жер учаскілерін жалға беруден алынатын түсімдер; жылжымайтын мүлікке деген құқыкты мемлекеттік тіркегені және олармен мәміле жасағаны үшін төлемдер; мемлекеттік баждар; басқа да әкімшілік алымдар; Қазақстан Республикасы заңдар актілерінде қаралған жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелер алатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялардан түсетін түсімдер; медициналық айықтырғыштарға түскен тұлғалардан алынатын түсімдер; мемлекеттік меншіктегі мүлікті (аудандар мен Петропавл қаласы әкімдері) жалға беруден түскен түсімдер; қаруларды тіркегендігі үшін төлемдер; салыққа жатпайтын басқа да түсімдер;
Тармақ 6
6. 2001 жылға арналған жалпы мемлекеттік салықтардан түсетін жалпы түсімдердің сомасын бөлу аудандар мен Петропавл қаласына төменгі көлемдерде белгіленсін:
Тармақша а
а) заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлютка, Тайынша, Тимирязев, Уәлихан, Целинный, Шал ақын аудандарына, Петропавл қаласына - 50 пайыз;
Тармақша б
б) төлеу көзінен ұсталынатын, жеке тұлғалардан табыс салығы бойынша: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлютка, Тайынша, Тимирязев, Уәлихан, Целинный, Шал ақын аудандарына, Петропавл қаласына - 50 пайыз;
Тармақша в
в) акциздерден: жанармай және дизельді отынды бөлшек саудада сатудан: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлютка, Тайынша, Тимирязев, Уәлихан, Целинный, Шал ақын аудандарына, Петропавл қаласына -100 пайыз; Алкогольды өнімдерді сатудан: Шал ақын ауданына- 50 пайыз.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік білім мекемелері, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер, туберкулездік мекемелер, соттық сараптау органдары, психоневрологиялық мекемелер, жалпы типті мүгедектер және қарттар интернат-үйлері, ақыл-есі кем балалар интернаты және психоневрологиялық интернаттар, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұсынылған тауар және қызмет көрсетуден түскен түсімдер Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша колданылып белгіленсін.
Тармақ 8
8. 2001 жылы аудандар және Петропавл қаласы бюджеттеріне 3659334 мың теңге сомасында трансферттер бөлінсін, соның ішінде: Барлығы (мың теңге) соның ішінде: Республикалық бюджеттен Облыстық бюджеттен Айыртау ауданына 306250 165817 140433 Ақжар ауданына 214856 93929 120927 Аққайын ауданына 194419 102798 91621 Есіл ауданына 227172 116461 110711 Жамбыл ауданына 256544 125699 130845 М.Жұмабаев ауданына 264197 142375 121822 Қызылжар ауданына 268730 128239 140491 Мамлют ауданына 172441 88032 84409 Тайынша ауданына 394532 194785 199747 Тимирязев ауданына 141563 70865 70698 Уәлихан ауданына 223033 99100 123933 Целинный ауданына 307747 159924 147823 Шал ақын ауданына 172150 99584 72566 Петропавл қаласына 515700 494039 21661 Қаржы департаменті төменде тұрған бюджетке трансферттер беруін келесі тәртіппен жүзеге асырсын: республикалық бюджеттен - олардың түсімі шамасында; облыстық бюджеттен - облыс бюджетін әзірлеу барысында айқындалған сәйкес аумақтарда жеке тұлғалардан төлем көздерінен ұсталынатын төлемдер көлемінде әлеуметтік салық табысы контингенті бойынша жиналым жоспарының орындалуына бара-бар.
Тармақ 9
9. 2001 жылдың қаңтардың 1-інен ішкі істер органдары әскери бөлімшелерінің жауынгерлеріне және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қатардағы жауынгерлерінің аттестатталған құрамына айлық ақшалай өтемақы төлеуге ассигнация Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбесі бойынша Петропавл қаласы және облыстық бюджеттер шығыстарында белгіленгені ескерілсін.
Тармақ 10
10. 2001 жылғы облыс бюджетінің шығыс құрамында кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеуге 68000 мың теңге ассигнация қаралғаны ескерілсін.
Тармақ 11
11. Облыстық бюджетте 63444 мың теңге мөлшерінде резервтік қор, соның ішінде төтенше жағдайлар және табиғи және техногендік сипаттағы шараларды қаржыландыру үшін 30000 мың теңге, белгіленсін.
Тармақ 12
12. 2001 жылдың басындағы 77000 мың теңге сомадағы бос қалдықтар облыс әкімінің қорын ұлғайтуға жіберілсін.
Тармақ 13
13. 2001 жыл қаңтардың 1-інен аудандар және Петропавл қаласы, облыстық бюджеттерінің шығыстар құрамында қарастырылған азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу азаматтардың жәрдемақы алу құқығы ҚР «Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының 4 бабының 3), 5), 12) тармақшаларында бергіленген ассигнования 508071 мың теңге сомада белгіленсін.
Тармақ 14
14. 2001 жыл қаңтардың 1-інен аудандар және Петропавл қаласы, облыстық бюджеттерінің шығыстар құрамында кітапаналық қорларды жаңарту үшін оқулыұтар әкелу және орта білім мекемелеріне компьютерлік техника алу үшін қарты қаралғаны белгіленсін.
Тармақ 15
15. 2001 жылғы облыстық бюджетті орындау барысында қысқартуға жатпайтын облыстық бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 16
16. Қысқартуға жатпайтын бағдарламалардың тізбесін белгілеу туралы аудандар және Петропавл қаласы әкімдеріне ұсыныс жасалсын.
Тармақ 17
17. 2001 жылғы желтоқсанның 31-іне аудан, Петропавл қаласы және облыстық бюджеттердің қарыз лимиті 1555734 мың теңге мөлшерінде, соның ішінде (мың теңге) Айыртау ауданына 25383 Ақжар ауданына 8581 Аққайын ауданына 18556 Есіл ауданына 19365 Жамбыл ауданына 14547 М.Жұмабаев ауданына 29688 Қызылжар ауданына 18026 Мамлют ауданына 15623 Тайынша ауданына 26476 Тимирязев ауданына 12625 Уәлихан ауданына 8500 Целинный ауданына 30727 Шал ақын ауданына 2470 Петропавл қаласына 357928 Облыстық бюджетке 945004
Тармақ 18
18. Қоршаған ортаны қорғау қоры шығыстары 48750 мың теңге сомасында ескерілсін. Облыстық қаржы департаментіне қоршаған ортаны қорғау қорына қосымша түскен төлемдерді табиғат қорғау шараларын қаржыландыруға, олар бойынша белгіленген болулер мөлшерінде, және облыстық бюджетте кезделген шараларға бағыттап отыруға рұқсат берілсін, жұмсалған шығыстар кейін облыстық мәслихатта бекітілсін.
Тармақ 19
19. Бюджеттік саладағы қызметкерлердің салымдары мен картесептеріне еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жөніндегі шығыстар, сондай-ақ басқа да жергілікті бюджеттерде қарастырылатын бюджеттік ұйымдардың қолда бар қаражатттары ескерілсін.
Тармақ 20
20. «Бюджет жүйесі туралы» Заңның 26 бабына сәйкес бюджетті атқару үрдісінде кіріс көздерінен Жоспарланған түсімдер кеміп кеткен жағдайда, облыстық бюджетте қарастырылған шығыстар әр бағдарлама бойынша бекітілген соманы 10 пайызға дейін қысқарту туралы шешімді облыс әкімі, 10 пайыздан жоғары - облыстық мәслихат қабылдайтыны ескерілсін.
Басқа 24
Қосымша 1 Мәслихат сессиясының "25"желтоқсан 2000 ж. № 8/2 шешіміне 2001 жылға Солтүстік Қазақстан облыстық бюджеті
Басқа 25
Қосымша 2 облыстық мәслихатының "25"желтоқсан 2000 ж. № 8/2 шешіміне 2001 жылға облыстық бюджетту орындау процессінде қысқарутға жатпайтын облыстық бюджеттік бағадарламалар тізімі