Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2001 год Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2001 жылға арналған квота белгілеу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру
үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2001 жылға арналған квота (бұдан әрi -
квота) экономикалық жағынан белсендi халық санының 0,15 % мөлшерiнде
белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi бiр ай мерзiмде квота санын облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша бөлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға
жатады.