О некоторых вопросах повышения размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий в 2001 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың кейбір мәселелері туралы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 455 теңгеге (2000 жылы 3500 теңге мөлшерінде белгіленген ең аз зейнетақы төлемінің 13 пайызы) арттыруды жүргізсін. Бұл ретте арттыруды қоса есептегендегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2001 жылы белгіленген ең аз зейнетақы мөлшері - 4000 теңгеден кем болмауға тиіс.
Тармақ 2
2. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 31 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.