О неотложных мерах по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций в период паводка 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылғы су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен.
Өткен жылдардың гидрологиялық жағдайын талдау көрсеткенiндей, алынған шараларға қарамастан жыл сайын су тасқыны кезiнде автомобиль жолдарының, суландыру жүйелерiнiң, инженерлiк желiлер мен құрылыстардың қирап бүлiнуiне жол берiледi.
Елдi мекендердi су басу қаупi де жиi туындайды.
Тасқын суды апатсыз өткiзудi, жайылмаларды және негiзгi су қоймаларын суға толтырып алуды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.К. Чудровтың төрағалығымен тасқын суға қарсы комиссия № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi апталық мерзiм iшiнде тасқын суға қарсы комиссия құрсын және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуi және өз аумақтарында тасқын суды апатсыз өткiзу жөнiнде шаралар әзiрлесiн.
Елдi мекендерге және басқа объектiлерге судың өтуiн болдырмайтын бекiнiс құрылыстарын нығайтсын, қолда бар тоғандар мен су жинағыштарды толтырып алуды бақылауға алсын.
Инженерлiк құрылыстарды, өндiрiстiк ғимараттарды, әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық объектiлер мен тұрғын үйлердi қар мен мұздан дер кезiнде тазарту жөнiнде шаралар алсын.
Су тасқыны кезiнде тәулiк бойы кезекшiлiктер қойсын.
Тармақ 3
3. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Сағынов), облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы (Котов), «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Орал тасымалдау бөлiмшесi (Сахтанов) автомобиль және темiр жолдарды қорғау жөнiнде шаралар алсын, құбырлар мен көпiр құрылыстары арқылы судың жiберiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов) қажет болған кезде, қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiп туған учаскелерде көлiк қозғалысын дер кезiнде шектеудiң шараларын алсын.
Тармақ 5
5. «Батыссушаруашылығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (Кенжеғалиев) су режимiн бақылауды және қазiргi жобалар мен ережелерге сәйкес су қорларын пайдалануды реттеудi ұйымдастырсын, су тораптарының, су қоймаларының, магистралды және басқа каналдардың тұрақты қызмет iстеуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Орал қаласындағы «KEGOK» акционерлiк қоғамының өкiлдiгiне (Дәулетбаев), «Оралэнерго» акционерлiк қоғамына (Отарбаев), «Оралоблгаз» акционерлiк қоғамына (Мұташев), «Орал» пайдалану орталығына (Лехман), облыстық телекоммуникация дирекциясына (Тәжiмұханов) су тасқыны кезiнде электр және байланыс желiлерiн, газ құбырларын қорғауды және сақтауды қамтамасыз ететiн нақты шаралар әзiрлеу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Азимут Энерджи Сервисиз» акционерлiк қоғамының Орал өкiлдiгi (Тоқтарғұлов) облыстың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың тапсырмасы бойынша қажетiне қарай жарылыс жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков), облыстық бiлiм басқармасы (Катаев) өздерiне қарайтын объектiлердi су тасқыны кезiнде бүлiнуден сақтау жөнiнде қажеттi жұмыстар жүргiзсiн.
Тармақ 9
9. Орал қаласының әкiмi (В.К. Мұқатаев) апталық мерзiмде ағын суларды жинағыштардың және облыс орталығын қоршаған бөгеттердiң жағдайына кешендi түрде тексеру жүргiзсiн.
Тармақ 10
10. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма 2001 жылдың 20 наурызына дейiн:
құтқару және басқа кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге, адамдар мен материалдық құндылықтарды дер кезiнде көшiруге арналған шұғыл әрекет ету отрядтарының әзiрлiгiн тексерсiн;
болуы мүмкiн төтенше жағдайларды жою үшiн жану-жағар май материалдарының қорын, қапшықтар әзiрлесiн;
жұзу және құтқару құралдарын әзiрлесiн, маневрлiк - iздестiру топтарын және құтқару бекеттерiн толық әзiрлiкке келтiрсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) тұрғындар мен аумақтарды қорғау жөнiндегi шаралар үшiн жергiлiктi атқару органдарының резервiнен облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға есепке сәйкес 12,350 мн. теңге бөлiнсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 12
12. «Ақжол» акционерлiк қоғамы (Аманғалиев) су басуы мүмкiн аудандарда барлау және құтқару жұмыстары үшiн тiкұшақтар әзiрлесiн.
Тармақ 13
13. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы департаментi (Сапаров) аудандардың әкiмдерiмен бiрлесiп, автомобиль қатынастары тоқтауы мүмкiн елдi мекендердегi ауыл шаруашылығы малдарын жемшөппен қамтамасыз ету мәселесiн әзiрлесiн.
Тармақ 14
14. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.К. Чудровқа жүктелсiн.
Басқа 15. Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 2 наурыздағы
№ 63 шешiмiне № 1 қосымша
Су тасқынына қарсы облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Яхия Қиндашұлы Чудров - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссияның төрағасы
Александр Федорович Маючий - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Талғат Сарыұлы Қарасаев - облыс әкiмi аппаратының отын энергетика кешенi бөлiмiнiң бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Александр Құмарұлы Ажғалиев – «Алау» ЖШС директоры
Олег Ибатұлы Аманғалиев – «Ақжол» ААҚ президентi
Алексей Иванович Бирюков - облыстық мемлекеттiк санитарлық эпидемиялық бақылау басқармасының бастығы
Төлеген Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Ғайса Хамедоллаұлы Қапақов - Орал қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Қазбек Оразұлы Кенжеғалиев – «Западводхоз» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төрағасы
Геннадий Қадырұлы Мұқатаев - Орал әскери горнизонының бастығы
Мариям Мұқашқызы Мұқашева - Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамының төрайымы
Қайсар Әбiлекұлы Сұлтанбаев - облыстық жол полициясы басқармасының бастығы
Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы
Нұрлан Өмiртайұлы Сахтанов – «Қазақстан темiр жолы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Орал бөлiмшесiнiң бастығы
Роберт Хамитұлы Сүйербаев - облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы
Марат Мырзахметұлы Тәжiмұханов - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
Сұлтан Законұлы Тоқтарғұлов – «Азимут Энерджи Сервисиз» акционерлiк қоғамының Оралдағы өкiлеттiгiнiң президентi
Самиғолла Хамзаұлы Оразов – «Казавтодор» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының облыстық филиалының директоры
Жетiбай Жолдасұлы Отарбаев – «Оралэнергоқуаты» АҚ президентi
Асқар Шаңгерейұлы Хамитов - облыстық финанс басқармасының бастығы
Арғын Мергенұлы Шаленов – «Оралөзенфлоты» АҚ президентi
Басқа 16. 2001 жылдың көктемгі су тасқынына әзірлікке байланысты қаражат шығынының есебі.
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 2 наурыздағы
№ 63 шешiмiне
№ 2 қосымша
2001 жылдың көктемгі су тасқынына әзірлікке байланысты қаражат шығынының есебі.
Тармақ 1
1. Өзендер мен бөгеттердің, гидроқұрылыстардың арналары бойымен қауіпті жерлерге байқау ұшуларын жүргізу (1 рет) – 800 мың теңге.
Тармақ 2
2. Кіші өзендер мен Орал өзендеріне су келуінің барысы туралы гидрометеорологиялық облыстық орталық пен келісімдер жасау, күн сайын Орал және Шаған өзендеріндегі судың өсуін қадағалау – 500 мың теңге.
Тармақ 3
3. Арнайы жедел топтарын су тасқыны кезінде (жану-жағар майлармен, мешоктар, арнаулы киімдер, құрал-жабдықтар, құрғақ тағамдар мен) қамтамасыз ету, «Западводхоз» РГП және ТЖ басқармасының есебіне сәйкесті жүргізіледі – 2000 мың теңге.
Тармақ 4
4. «Азимут Энерджи Сервисиз» АҚ келісім шарттар жасай отырып жарылыс жұмысын жүргізетін кезекші бригадаларды жасақтайды – 500 мың теңге.
Тармақ 5
5. Орал өзені мен Көшім каналы арасындағы ұстатқыш қондырғыларды су жуып кетпеуін «Оралводпроект» жобалау институты Владимировка поселкасы тұсындағы су ағысының өзгерісіне тәулік бойы байқау жүргізеді – 400 мың теңге.
Тармақ 6
6. Владимировка поселкасы ауданында қатты ағыс баратын бөгетке 1800 м3 қатты тастан (бута-камень) бөгесіндер жасау – 5000 мың теңге.
Тармақ 7
7. Казталовка және Жаңақала аудандарында су ағысын ұстау мақсатында су ұстағыш қондырғыларды «Западводхоз» РГП және «Оралводпроект» институтының есептеріне сәйкесті жүргізу үшін – 1400 мың теңге.
Тармақ 8
8. 1999-2000 жылдардағы «Западводхоз» РГП және «Оралводпроект» институтының есептеріне сәйкесті су тасқынында бүлінген гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстарын жүргізу – 1750 мың теңге.
ЖИЫНТЫҒЫ: 12350мың теңге