Об установлении размеров адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2001 жылы берілетін атаулы материалдык көмектің мөлшерін белгілеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабына, Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 244 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2001 жылы берілетін атаулы материалдық көмектің мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 230 теңге мөлшерінде атаулы материалдық көмек ретінде 2001 жылға әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шара белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындаудың және төлеудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін.
Басқа 3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындаудың және төлеудің ережесі
Қостанай облыстық
мәслихатының 2001 жылғы 2 ақпандағы
№ 83 шешімімен бекітілді
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындаудың және төлеудің ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек көрсету ережелерін реттейді.
Тарау 2. 2.
Атаулы материалдық көмекті тағайындаудың тәртібі
2.
Атаулы материалдық көмекті тағайындаудың тәртібі
Тармақ 1
1. Атаулы материалдық көмек арыз негізінде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Атаулы материалдық көмек тағайындау туралы отінішті оны алуға құқығы бар адам тұратын жері бойынша аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді.
Тармақ 3
3. Атаулы материалдық көмек сұраушы белгіленген үлгі бойынша осы ереженің қосымшасына сәйкес атаулы материалдық көмекті тағайындау туралы арыз береді.
Тармақ 4
4. Атаулы материалдық көмек тағайындау үшін арызды қарауды атаулы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия 10 күндік мерзімде жүзеге асырады
Тармақ 5
5. Атаулы материалдық комек тағайындаудан бас тарту дәлелді болған жагдайда бүл туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6
6. Атаулы материалдық көмекті есептеү 2001 жылдын 1 қантарынаң жургізіледі арыз берген айдан есептеледі.
Тармақ 7
7. Берілген ақпаратты растағаны үшін арызды қабылдаған адам толық жауап береді. Ақша төленгеннен кейін ақпараттың рас еместігі, не басқа заң бұзушылық анықталса, заңсыз төленген сома заңмен белгіленген тәртіп бойынша кінәлі тұлғадан өндіріліп алынады.
Тарау 3. 3. Атаулы материалдык көмекті төлеу
3. Атаулы материалдык көмекті төлеу
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне атаулы материалдық көмек төлеу аудандық және қалалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аудандық (қалалық) еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары комиссияның шешімі негізінде атаулы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, ай сайын қаржыландыруға аудандық (қалалық) қаржы бөлімдеріне өтінім ұсынады.
Тармақ 10
10. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің тиісті банкілік операцияларына лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жүзеге асырыдады.
Тармақ 11
11. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының ұсынған тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Атаулы материалдық көмек өткен ай үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Атаулы материалдық көмек алушының қайтыс болған уақытынан тоқтатылады.
Тарау 4. 4. Атаулы материалдық көмек төлеуге бақылау жасау.
4. Атаулы материалдық көмек төлеуге бақылау жасау.
Тармақ 14
14. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары ай сайын АХАТ органдарынан атаулы материалдық көмек тағайындалғандардың қайтыс болған жағдайларын тіркеу туралы мәлімет сұратып отырады.
Тармақ 15
15. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер туралы мәлімет сұратып отырады.
Тармақ 16
16. Дұрыс ресімделмеген құжаттар бойынша заңсыз атаулы материалдық көмек төленіп кетсе, осыған кінәлі лауазымды адамдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Тармақ 17
17. Төленген сомаларға бақылау ай сайын атаулы материалдық көмекті төлеуді жүргізіп отырған конкурсты жеңіп алушы мен аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының арасындағы салыстырып тексеру актілері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Аудандық (қалалық) қаржы бөлімдері атаулы материалдық көмекке бюджет қаражатының дұрыс шығындалуына кейінгі тексерулерді жүзеге асырады.
Басқа 26. Арыз
(Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындау туралы )
Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектеріне атаулы
материалдык көмек тағайындау
мен төлеудің ережесіне қосымша
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
________________________
( қаланың, ауданның атауы )
Атаулы материалдық көмек
тағайындау жөніндегі комиссияға
Арыз
(Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне атаулы материалдық көмек тағайындау туралы )
Тегі _______________________________________________
Аты________________________________________________
Әкесінің аты________________________________________
Мекен - жайы_______________________________________
Телефон____________________________________________
Куәліктің немесе төлқұжаттың нөмірі______________________________
Ұлы Отан соғысына қатысқаны және мүгедектігі туралы куәліктің нөмірі
______________________________________________________________
СТТН___________________________________________________
Зейнеткерлік шоттың нөмірі_______________________________
Маған ай сайын 230 теңге көлемінде атаулы материалдық көмек тағайындауды сұраймын.
Арыз берілген уақыт_________________________ Арыз берушінің қолы__________________________
Арыз берушінің ұсынған құжаттарының сенімділігін растаймын.
Арыз қабылдап алушы
лауазым иесінің аты- жөні __________________________________
қолы
Арызды қабылдап алған уақыт_______________________________