О размерах пособий семьям, имеющим детей, на 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
Балалары бар отбасыларына 2001 жылы берілетін жәрдемақының мөлшері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен.
«Бюджеттік жүйе туралы»
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 12 бабына, «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-1 Заңына, «Атаулы әлеуметтіқ кемек корсетүдің уақытша ережелерің бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 қаулысына, «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Балалары бар отбасыларына 2001 жылға жәрдемақы, егер отбасының айлық орта есеппен жан басына шаққандағы жиынтық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, төмендегі мөлшерде анықталсын:
Тармақша 1
1) балалары бар отбасыларына бірыңғай жәрдемақы — 1,0 айлық есептік корсеткіш;
Тармақша 2
2) 7 жасқа дейін 4 және одан да көп балалары бар жүмыс істемейтін көп балалы аналарға — 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) кезекті әскери қызметін өтеушілердің балаларына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) ЖИТС - пен ауыратын әйтпесе осы аурудың вирусы жұққан адамдардың балаларына- 1,4 айлық есептік көрсеткіш ;
Тармақша 5
5) үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға — 2 айлық есептік көрсеткіш.