Об оказании помощи на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг малообеспеченным семьям (гражданам) Атырауской области на 2001 год Қолданыста
Басқа 0
2001 жылы Атырау облысының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшін төлемдерін өтеуге көмек көрсету туралы
Облыстық Мәслихаттың ІІ шақырылған кезектен тыс ІХ сессиясының 2001 жылдың 12 қаңтардағы N 98-ІІ "Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі ережелерін бекіту туралы" шешімін орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық құрылыс кешендері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Әшімғалиев А.) уәкілетті органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңдарға сәйкес 2001 жылдың 20 ақпанына дейін тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есепке алынатын тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шағын мөлшерін және коммуналдық қызметпен пайдалану нормативтерін (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, лифтімен пайдалану) анықтасын.
Бұл ретте белгіленген нормативтер мен тарифтер облыс тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық қызметін ұсыну кезінде қолданыстағы нормативтер мен тарифтерден артып кетпеуі тиіс.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.) 2001 жылы тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығын мөлшері мен коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері белгіленгенге дейін, тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығын мөлшері мен коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері
белгіленгенге дейін, тұрғын үй көмегін халықтың тұрғын үйді ұстауға
жұмсалатын шығын мөлшері мен коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін 2000 жылы төленген нақты шығындар мөлшеріне сәйкес тағайындауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Т.К. Мұрсалиеваға жүктелсін.