Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2001 год на представительские расходы, и норм представительских расходов Қолданыста
Басқа 0
2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі мен өкілдік шығыстардың нормаларын бекіту туралы
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950
қаулысын іске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға
көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі;
Тармақша 2
2) өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға
көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 наурыздағы
N 399 қаулысымен
бекітілген
2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға
көзделген қаражатты пайдаланудың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығыстар - тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар,
салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ мемлекеттің ресми
делегацияларының шет елдердегі өкілдік мақсаттарына бөлінетін қаражат.
Өкілдік шығыстарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен көзделген
жағдайларда, iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылған
тұлғалардың тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығыстарына ақы
төлеуге;
Тармақша 2
2) ресми түстіктерге, кешкі астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге;
3) музыкалық сүйемелдеуге;
4) кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөліктік қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі рұқсат еткен өзге
шығыстар жатады.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен.
Тарау 2. 2. Республикалық бюджеттің өкілдік шығыстарға бөлінетін
қаражатын пайдаланудың тәртібі
2. Республикалық бюджеттің өкілдік шығыстарға бөлінетін
қаражатын пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде және 2001 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражат көлемде өкілдік шығыстарды талап ететін Іс-шаралардың жылдық жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге ұсынады.
Тармақ 4
4. Жоспардың негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы қаулымен бекітілген нормаларға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Республикалық бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджеттен өкілдік шығыстарға қаражат бөлу туралы өтінімдерін:
Тармақша 1
1) іс-шараны өткізу қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның болу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) іс-шараларға дайындалудың және оларды өткізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың күтілетін саны;
Тармақша 5
5) шығыстардың әрбір бабының негіздемесімен бірге шығыстар сметасы;
Тармақша 6
6) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиісті іс-шара болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарайды.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкілдік шығыстар бойынша республикалық бағдарламалардың әкімшілері көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың қызметтерiнiң құны мен деректемелерін көрсете отырып, растайтын құжаттарды ұсынады.
📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұйрығының негізінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің жазбасына өзгерістер енгізеді:
Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді;
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өкілдік шығыстарды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 42 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды азайтуды және 23 "Өкілдік шығыстарға арналған қаражаттың есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша жоспарлы арналуларды ұлғайтуды жүргізеді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі шетелге шыққан кезде өкілдік шығыстарға қолма-қол шетелдік валюта бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бөлінген қаражатты айырбастау үшін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Қазынашылық басқармасында валюталық есепшот ашады.
Астана қаласының Қазынашылық басқармасының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Орталық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүзеге асырады және оның корреспонденттiк (валюталық) шотына аударады.
Астана қаласының Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Орталық филиалының үзiндi көшiрмесiнiң негiзiнде шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық есеп шотына аударады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын айдың 10-шы күніне дейін тиісті айға жоспарлы арналуларға бара-бар сомада келесі күнтізбелік айда қолма-қол шетелдік валютасын алуға Астана қаласының Қазынашылық басқармасына өтінім жолдайды;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға қаражатты бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде шетелдік қолма-қол валютаны алуға арналған сенімхатты беру үшін ресми делегацияның құрамына кіретін адамды көрсете отырып, Астана қаласындағы Қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласындағы Қазынашылық басқармасы Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген адамға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валюта алуға арналған сенімхат береді.
📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Есеп беру және бақылау жасау
3. Есеп беру және бақылау жасау
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдік шығыстарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен өкілдік шығыстарға арналған қаражатты алған адамдар, іс-шаралар өткізілгеннен кейін 5 күннің ішінде бірінші басшының (оны алмастыратын адамның) қолы қойылған:
Тармақша 1
1) өткізілген іс-шараға қатысушылардың іс жүзіндегі санын растайтын құжатты;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өзге де шығыстар жөніндегі шешімі;
Тармақша 3
3) сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатқан ұйымның мөрімен расталған құны мен көлемін көрсету арқылы растайтын құжаттарды (түбіртектерді, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды);
Тармақша 4
4)
Тармақша 5
5) осы Ереженiң 10-тармағымен анықталған тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретiн тұлға үш банктiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары бекiткен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шетелге шығуы кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары бекiткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкiлдiк
мақсаттарға арналған шығыстар жөнiндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол
қаражатты қайтару туралы түбiртектi және Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Орталық филиалының кiрiс ордерiн тапсырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен.
13. Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді
пайдаланылуы үшін жауаптылық қаражатты алушыға жүктеледі.
Басқа 1. Өкілдік шығыстардың
Нормалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 28 наурыздағы
N 399 қаулысымен
бекітілген
Өкілдік шығыстардың
Нормалары
📌 ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1115
қаулысымен.
_______________________________________________________________________
Шығыстардың атауы ! Құны теңгемен
_______________________________________________________________________
1. Ресми түстіктерді, кешкі астарды беруге
арналған шығыстар делегация үшін күнінен бір
адамға арналған есеппен жүргізіледі 6 500-ге дейін
2. Аудармашыны және бірге жүрген адамдарды
қоса алғанда, келіссөздер, мәдени бағдарлама.
лар іс-шаралары кезіндегі күніне бір адамға 1 040-қа дейін
арналған буфеттік қызмет көрсету
3. Делегацияны қабылдайтын мемлекеттік
органның штатында тұрмайтын аудармашының 700-ге дейін
еңбегіне ақы төлеу (сағатына)
4. Автокөліктік қызмет көрсету
<*>
700-ге дейін
______________________________________________________________________
Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетелдік делегацияларға автокөлікпен қызмет көрсетуге арналған
шығыстар, сағаттық төлеу есебімен шығыстардың сметасында көзделеді.
Тармақ 2
2. Түстік, кешкі ас немесе шетелдік делегацияларды ресми қабылдауға
байланысты басқа да осы секілді іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы
тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың тарапынан
қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға
қызмет көрсететін ілесіп жүретін адамдар мен аудармашылардың саны
делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе ілесіп жүруші есебімен
айқындалуы тиіс.