О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2001 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылғы көктемгі су тасқыны кезеніңдегі төтенше жағдайлардың алдың-алу жөніндегі шаралар туралы Көктемгі су тасқыны кезеніңде облыстың экономикасы мен инфрақұрылымның құрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды алдын-алу мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыста су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері 2001 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде: - су тасқынын кедергісіз өткізу, көктем кезінде экономиканың тұрақты қызмет істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және бекітсін және төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға берсін; - су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін бақылау жасау жөнінде комиссиялар құрсын; Баланстарында су қоймалары және канализациялық ағын суларының су жинақтағыш-буландырғыштары, оларды бөгеттер мен су шығарғыштар бар ұйымдардың басшыларына оларға кезектен тыс байқау жүргізуді, апттық су шығаруларға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдауды, су тасқыны өтетін кезеңде басшылар мен апаттық бригадалардың тәуілік бойы кезекшіліктерін белгілеуді, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасасын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері облыстық экономика, индустрия және сауда департаментімен бірлесіп (Д.Т. Әбенов) су тасқыны басталғанға дейін осы тасқындарға ұшырайтын елді мекендерге осы мерзімге қажет болатын азық түлік, ең бірінші қажет болатын тауарларды алдын-ала жеткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары, облыс әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі № 173-ашешіміне сәйкес су тасқыны басталғанға дейін қолданыстағы азаматтық қорғаныс құрылымдарын мүмкін болатын көктемгі су тасқынын жою үшін, дайындық жағдайына келтірсін.
Тармақ 5
5. Қаржы департаменті (М.А. Щеглова) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге Қостанай облысы әкімінің резервтік қорынан 6512352 теңге қаражат бөлсін, оның ішінде: - инфрақұрылым және құрылыс департаментіне – 5512352 теңге; - облыстық суда қорғау орталығына – 1000000 теңге.
Тармақ 6
6. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстары облыстық ТЖ жөніндегі комиссияға басшылық ететін төраға-облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық ТЖ жөніндегі басқарманың бастығына (Е.В.Батов) жүктелсін.
Басқа 8. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 22 ақпандағы № 44а шешіміне 1 қосымша Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары Іс-шараладың атауы Орындалу мерзімі Жауаптылар 1 2 3 1. Тобыл өзеніндегі су қоймаларында және суды өткізу каскадтарын толтыру жөніндегі кешенді шаралар орындау Су тасқыны кезеніңде Қостанайсушар АМК Ж.Р. Райымқұлов (келісім бойынша) 2. Автомобиль және темір жолдарында су жіберетін құбырлады тазалау және ағынды суларды өткізуді қамтамасыз ету Су тасқыны басталғанға дейін Облыстық автожолдар басқармасы МК Р.Т. Келтенов Казахавтодор РМК А.С. Демеев Қазақстан темір жолы РМК Е.Н. Рахметжанов (барлығы келісіммен) Қостанайоблавтожол МКК А.М. Горват 3. Автомобиль жолдарының жер қыртысының еруі мерзімінде ауыр жүкті көлік құралдары қозғалысына уақытша тыйым салу Облыстық автожол басқармасы МК Р.Т. Келтенов Костанайоблавтожол МКК А.М. Горват Көлікті бақылау басқармасы С.С. Джунусов ІІБ Жол полициясы Б.Ж. Бектаев 4. Болатын аса қатерлі су тасқыны апаттары туралы дер кезінде және сапалы мәліметтерді қала, аудан әкімдеріне, облыстық ТЖ жөніндегі басқармаға, онымен қоса басқа да мүдделі ұйымдарға жеткізу Барлық мерзімде Казгидромет РМК Гидрометеорология бойынша Қостанай орталығы А.Н. Толканев (келісім бойынша) 5. Қорғау стансаларын дайындау, жүзу құралдарында кезекшілік және күзету жұмыстарын ұйымдастыру Барлық мерзімде Су қаупінен құтқару қызмет Қостанай облыстық оргалығы А.И. Решетняков 6. Елді мекендерді және шаруашылық объектілерін су тасқыны жағдайларында тұрақты байланыс және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету Барлық мерзімде Облыстық телекоммуникациялық дирекция Л.С. Пак КРЭК АҮАҚ А.А. Чегодаев Оңтүстік электр желілері М.Х. Мұсабеков (барлығы келісімен) 7. ЖЖМ қажетті қорларын жасау, көлік және техника құмыстарын сапалы және апатсыз қызмет етуін қамтамасыз ету Тасқын басталғанға дейін Облыстық автожолдары басқармасы Р.Т. Келтенов Казахавтодор А.С. Демеев (келісім бойынша) 8. Облыс аумағын ұшып шығуға және су тасқыны жағдайын бағалау үшін вертолеттердің әрдайым дайын болуын қамтамасыз ету Барлық мерзімде ССКБӨБ М.М. Турдахунов (келісім бойынша) 9. Өзендерде суға бөгет болатын жерлерге арналған карталар дайындап қою, мұз жүретін кезеңдерде өзендер бойындағы тиесілі жарғыш жұмыстары мөлшерін айқындау. Төтенше жағдайларда шартты негізде Костанайвзывпром еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен келісіп алып, мүмкін болатын жарылыс жұмыстарына алдын-ала дайындалу Су тасқыны басталғанға дейін Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы Е.В. Батов 10. Кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындарды хабарландыру, адамдарды апатты жерлерден тасымалдау жөніндегі маршруттарды дайындап қою Су тасқыны басталғанға дейін 11. Төтенше жағдайлар бола қалған кезеңдердегі, су тасқынына дайын болу үшін жергілікті жағдайларға бейімделген нақты тиесілі жаттығу құмыстарын тұрғындарға үйрету Су тасқыны басталғанға дейін 12. Су тасқынына және осы мерзімдерге арналған дайындық туралы іс-шараларды әрбір жеті сайын ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасына баяндап отыру Барлық мерзімде бойынша
Басқа 9. Су тасқыны қарсы іс-шараларды жүзеге асыру шығындарының сметасы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 22 ақпандағы № 44а шешіміне 2 қосымша Су тасқыны қарсы іс-шараларды жүзеге асыру шығындарының сметасы Шаралар өлшемі саны бір дана құны сомасы (т-е) - мұз турып қалған жерлердегі жарылыс жұмыстары 1273662 - гидрометеоорталығы қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін 396830 - судан құтқару қызметі орталығының шығыны 1000000 - телефон-телеграф қызметінің шығыны 312660 - кезекші самолет немесе вертолет қызметі үшін сағ. 40 2479200 - кезекті машинаға керекті ЖЖМ шығының өтеу 50000 - есептелінбеген басқа да шығындар 1000000 ЖИЫНТЫҒЫ: 6512352