Об утверждении Правил организации лизинга в сельском хозяйстве на 2001 год Қолданыста
Басқа 0
Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың
2001 жылға арналған ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көрсетілген мақсатқа
арнап көзделген қаражаттың есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді
лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшін
"ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы уәкілетті ұйым болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған
ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 29 наурыздағы
N 405 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған
ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы шарттар
1. Жалпы шарттар
Тармақ 1
1. Осы Ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына сәйкес "Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" (бұдан әрі - Лизинг) 10 212 85 бағдарламасы бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджет ақшасы (бұдан әрі - Қаражат) есебінен 1 188 700 000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың) теңге сомасында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы саласында лизингтік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін белгілейді.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.23. N 87 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қаражат жаңа ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі - Техника) сатып алып, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында Лизинг ережелерінде орналастыру үшін және осыған байланысты шығыстарды жүзеге асыруға арнап сыйақының (мүдденің) жылдық 7 (жеті) пайыз ставкасы бойынша Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, 7 (жеті) жыл мерзімге бөлінеді.
Тармақ 3
3. Лизингті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттілік берген ұйымды (бұдан әрі - Ұйым) тартады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржымині) Ауылшарминінен және Ұйыммен қаражатты Ұйымға бөлу тәртібін және оны республикалық бюджетке қайтару мерзімін реттейтін тиісті несиелік келісім (бұдан әрі - Несиелік келісім) жасасады.
Тармақ 5
5. Пайдаланылуы Лизинг ережелерінде жүзеге асырылатын машина жасау өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін және жобалардың шығыстар сметасын Ауылшармині бекітеді.
Тармақ 6
6. Ұйым лизинг беруші ретінде әрекет етеді және қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен оның республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Лизинг алушыға Техниканы Лизингке берген ретте Ұйымның Қаражатты Қаржыминінен қайтаруы Ұйым лизинг алушылардан қабылдайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне (екінші деңгейдегі банктер кепілдеріне, кепілзатқа, кепілгерлікке, мүлікті ұстап қалуға) талаптар қою құқықтарын Ұйымның Қаржыминіне беруі олардың араларында шарттарға қол қою жолымен немесе Ауылшармині, Қаржымині және Ұйым арасында жасалатын Несиелік келісімде көзделетін Қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ұйымның талаптар қою құқықтарын Қаржыминіне беруі шартының күшіне енуі және талаптар қою құқықтарының іс жүзінде берілуі талаптар қою құқықтарын беру шартында көзделген жағдайларда және Қаржыминінің жазбаша талабы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мыналар Лизинг субъектілері болып табылады:
Тармақша 1
1) лизинг беруші - Ұйым;
Тармақша 2
2) сатушылар - ауыл шаруашылығы техникасын жеткізушілер (бұдан әрі - Сатушылар);
Тармақша 3
3) лизинг алушылар - Лизинг заттарын Лизинг шарты ережелерінде кәсіпкерлік мақсаттар үшін қабылдайтын лизингтік мәміленің қатысушылары.
Тарау 2. 2. Лизингтік операцияларды жүргізу
2. Лизингтік операцияларды жүргізу
Тармақ 9
9. Лизинг беруші мен лизинг алушы Лизинг ережелері, тараптардың кепілдіктері, міндеттері мен құқықтары бекітілген Лизинг шартын жасасады.
Тармақ 10
10. Лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ретінде екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, өтемді мүліктің және мүліктік құқықтардың кепілзаты, кепілгерлік, банктер аккредитивтері, мүлікті ұстап қалу қолданылады.
Тармақ 11
11. Лизинг беруші Техниканы лизинг алушыға бергенге дейін Сатушылар
ұсынған шот-фактураға сәйкес Техниканы өзінің бухгалтерлік теңгеріміне
кіріске алады.
Тармақ 12
12. Лизинг алушы өз кезегінде, келіп түскен Техниканы Лизингке
алынған ретінде өзінің бухгалтерлік теңгеріміне есепке алады, заңда
белгіленген тәртіппен ол бойынша тозуды қосып есептейді, Техникаға
салынатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлейді және Лизинг шартында белгіленген мерзімдерде лизингтік төлемдерді
өтейді.
Тармақ 13
13. Жылжымалы мүлік Лизингінің шарты жылжымалы мүлік кепілзатын
тіркеуді жүзеге асыратын органдардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 14
14. Техника бойынша Лизинг мерзімі 7 жылға дейін болады.
Тармақ 15
15. Лизинг беруші Ауылшарминімен келісім бойынша өз пайдасына сыйақы
(мүдде) ставкасын жылдықтың 5 пайызына дейінгі мөлшерде тағайындай алады.
Тармақ 16
16. Лизинг шарты өзіне мыналарды енгізуі тиіс:
Тармақша 1
1) Лизинг шартының мәнісі және оның сипаттамасы;
Тармақша 2
2) Лизинг затын Сатушының атауы;
Тармақша 3
3) Лизинг алушыға Лизинг затын беру ережелері мен мерзімі;
Тармақша 4
4) лизингтік төлемдер мөлшері және кезеңділігі;
Тармақша 5
5) Лизинг затының құны;
Тармақша 6
6) Лизинг шартының қолданылу мерзімі;
Тармақша 7
7) егер шартта Лизинг затының лизинг алушының меншігіне өтуі
көзделген болса, мұндай өтудің ережелері;
Тармақша 8
8) Лизинг затын ұстау және жөндеу тәртібі;
Тармақша 9
9) Лизинг затын сақтандыру;
Тармақша 10
10) Лизинг затын лизинг берушінің атына міндетті мемлекеттік тіркеуді
тараптардың біріне жүктеу;
Тармақша 11
11) лизинг алушының Лизинг шарты бойынша міндеттемелерін орындауына
лизинг берушінің бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 12
12) тараптардың жауапкершілігі;
Тармақ 17
17. Лизинг субъектілері оны жүзеге асыру және ұйымдастыру барысында
Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығында Лизингті қаржыландыру үшін бөлінген
қаражаттың пайдаланылуын бақылау
3. Ауыл шаруашылығында Лизингті қаржыландыру үшін бөлінген
қаражаттың пайдаланылуын бақылау
Тармақ 18
18. Несиелік қаражатты Ауылшарминінің бюджеттік шотынан Ұйымның шоты есебіне аударуды Ауылшармині Несиелік келісімде белгіленген тәртіппен, Қаржыминінен міндетті түрде келісе отырып, Ұйымның тапсырысы негізінде Техниканы жеткізуге келісім-шартты ұсынған ретте жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Ұйым:
Тармақша 1
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей
Ауылшарминінен және Қаржыминіне бөлінген несиелік қаражаттың пайдаланылуы
туралы есеп ұсынады;
Тармақша 2
2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей
лизинг алушылардан төлемдердің түсуі туралы Қаржыминінен және
Ауылшарминінен есеп ұсынады.
Тармақ 20
20. Ауыл шаруашылығында Лизинг ұйымдастыруға арнап бөлінген
Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы
қайтарылуын бақылауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде
Ауылшармині және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті
мемлекеттік органдар жүзеге асырады.