О создании тендерной комиссии по закреплению рыбохозяйственных водоемов и промысловых участков за природопользователями области, распределению лимитов (квот) вылова рыбы на 2001 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың табиғатпайдаланушыларына балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін бекіту, балық ұстаудың 2001 жылға арналған лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерлік комиссия құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 139 қаулысымен. "Жануарлар дүниесін қорғау, үдемелі өсіру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Балық шаруашылық су айдындарында балық ұстаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 243 Қаулысына, "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 04 желтоқсандағы № 1480 Қаулысына сәйкес және балықшаруашылық су айдындарында қажетті тәртіп орнату, балық шаруашылығының тиімділігін арттыру, облыстың балық ресурстарын кешенді және ұтымды пайдалану мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Облыстың табиғатпайдаланушылары арасында балықшаруашылық су айдындары мен балықкәсіпшілігі учаскелерін бекіту, Бұқтырма, Шульба су қоймаларында, Алакөл, Сасықкөл көлдерінде балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендер (конкурс) өткізу Ережелері бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың балықшаруашылық су айдындарында балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу және балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту жөніндегі облыстық тендер комиссиясының құрамы бекітілсін (№ 2 қосымша). Аталған комиссияға тендер (конкурс) өткізу шарттары мен Ережелерін табиғатпайдаланушыларға таныстыру және бір ай мерзім ішінде облыстың балықшаруашылық су айдындарында табиғатпайдаланушылар арасында балық кәсіпшілік учаскелерін бекіту мен балық ұстаудың лимиттерін бөлуді аяқтау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау басқармасы (Тоқсейітов Н.Т.), облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқарма (Қалмақов А.Ғ.), балық қорларын қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан инспекциясы (Өлмесеков М.Қ.) "Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы" Қағиданың, Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау (Тоқсейітов Н.Т.) және орман және биоресурстар жөніндегі (Қалмақов А.Ғ.) басқармаларының бастықтары балық аулау жөніндегі лимиттердің пайдалануы туралы облыс Әкімінің аппаратына тоқсан сайын ақпарат берсін.
Тармақ 5
5. "Облыстың табиғатпайдаланушыларына балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін бекіту, балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерлік комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 842 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсін.
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысының балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін табиғатпайдаланушыларға бекітіп беру, балықшаруашылық су айдындарында балық және басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендер (конкурс) өткізу
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 1015 шешіміне № 1 қосымша 📌 Ескерту. № 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 1040 шешімімен. Шығыс Қазақстан облысының балықшаруашылық су айдындары мен кәсіпшілік учаскелерін табиғатпайдаланушыларға бекітіп беру, балықшаруашылық су айдындарында балық және басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендер (конкурс) өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тендер (конкурс) өткізудің мақсаты Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылық су айдындарындағы балық ресурстарын игеруге тілек білдіруші табиғатпайдаланушыларға (заңды және жеке тұлғаларға) балықты кәсіпшілік аулау үшін рұқсат алуға тең мүмкіндіктер беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Тендер мына міндеттерді шешу үшін өткізіледі: - табиғат қорғау заңнамасы мен басқа да нормативтік-құқықтық кесімдердің талаптары негізінде балық ресурстарын барынша тиімді игеруге, балық қорларын үдемелі өсіру және балықшаруашылық-мелиоративтік шаралар жөніндегі талаптарды тиімдірек орындауға қабылетті ұйымдар мен жеке тұлғаларды конкурстық іріктеу; - облыстың әкімшілік шекаралары шегіндегі меншік түріне қарамастан барлық табиғатпайдаланушылардың балықшаруашылық айдындарда кәсіпшілік балық аулауға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиттері мен квоталарын барынша толық игеруі.
Тармақ ii. II. Тендер өткізу тәртібі
II. Тендер өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Тендер комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында су жануарларын кәсіпшілік пайдалану үшін төлемдердің ставкалары мен спорттық- әуесқойлық (рекреациялық) балық аулау жүргізуге арналған рұқсаттың құнын бекіту туралы " 1998 жылғы 28 шілдедегі № 711 C:\zaneditor\2017\кучина 23\BKO2\P980000711_ - 0Қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесiн бекiту туралы" 1996 жылғы 04 желтоқсандағы № 1480 Қаулысын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау лимиттері мен квоталарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, Комитеттің бұйрықтары мен өкімдерін және тендер (конкурс) өткізудің осы Ережелерін басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі тендерді өткізу құқығы облыс Әкімінің шешімімен құрылатын тендерлік комиссияға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Тендерді (конкурсты) Қазақстан Республикасы Үкіметінің балық және басқа су жануарларын аулауға арналып бекіткен лимиттері мен квоталары бойынша, табиғатпайдаланушылардан тапсырыстар болған жағдайда тендер комиссиясы өткізеді. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы тендерді (конкурсты) ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 4
4. Бұқтырма су қоймасының таулы, таулы-жазықты, көлді-өзенді бөлігі бойынша балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және лимиттерді бөлу табиғатпайдаланушының рейтингтік есебіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Тендер өткізу мерзімдері туралы хабар мүдделі тұлғаларға ол өткізілетінге дейін бір айдан кем емес уақыт бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі.
Тармақ iii. III. Тендер шарттары
III. Тендер шарттары
Тармақ 1
1. Бұқтырма су қоймасы (көл бөлігі) бойынша балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және лимиттерді бөлу жөніндегі тендер (конкурс) алты лот бойынша жүргізіледі (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Табиғатпайдаланушының қажетті құжаттарды қосып белгіленген нысан бойынша берген тапсырысы балықшаруашылық учаскелерін бекіту және балық аулауға лимиттер бөлу жөніндегі тендерге қатысу үшін негіздеме болып табылады. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе патент;
Тармақша 2
2) бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы салық инспекциясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) қаржылық жағдайы туралы банк анықтамасы (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 4
4) аулау құралдарының, балықкәсіпшілік қостарының, өндірістік орынжайларының санитарлық жағдайы туралы санэпидемстанция анықтамасы;
Тармақша 5
5) тоңазытқыш қондырғыларының, аулау құралдарының (ау, тор), жүзу құралдарының, кәсіпшілік механизмдерінің іс жүзіндегі қолда бары, балықшылар саны туралы анықтама (балыққорғау органдарының өкілдері қол қойған);
Тармақша 6
6) үдемелі өсіру және мелиорация жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жұмсалған іс жүзіндегі шығындар туралы балыққорғау органдарының өкілдері қол қойған актілері, анықтама;
Тармақша 7
7) тапсырыс берілген учаскенің ҚазБШҒЗИ Алтай филиалымен келісілген карта-сызбасы;
Тармақша 8
8) табиғатпайдалану жобасы: бизнес-жоспар, табиғатқорғау іс-шаралары, соның ішінде: су айдынының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі балықшаруашылық-мелиоративтік жұмыстар, гидробионттардың тіршілік жағдайлары және балық қорларын үдемелі өсіру;
Тармақша 9
9) табиғатпайдаланушының рейтингтік коэффициенті;
Тармақша 10
10) бұрынғы жылдың келісім шарттарының орындалуы туралы орман және биоресурстар жөніндегі басқарманың қорытындысы;
Тармақша 11
11) тең рейтингтік коэффициент кезінде учаскені бекіту мен лимитті бөлудегі артықшылық жергілікті тұрғындар - кәсіби балықшыларға беріледі.
Тармақ iv. IV. Тендерлік комиссияның шешімі
IV. Тендерлік комиссияның шешімі
Тармақ 1
1. Тендер комиссиясының шешімі комиссияның мүшелерінің үштен екісінен кем емесі қатысқан жағдайда жай ғана көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда тендер комиссиясының төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі. Қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімі негізінде тендер комиссиясының ұсынымдық шешіміне сәйкес арнайы уәкілетті орган балық аулауға бөлінген лимит (квота) үшін ақы төлеу шартымен бөлінген лимитті, ол үшін ақы төленгенін көрсете отырып 1 жылдан (маусымнан) артық емес мерзімге табиғатпайдаланушыға кәсіпшілік балық аулауға рұқсат береді. Бұл ретте рұқсат лимиттің төлем төленген бөлігіне ғана беріледі. Кейін төлемдердің енгізілуіне қарай қалған лимитті (квотаны) игеруге рұқсат беріледі.
Тармақ 3
3. Табиғатпайдаланушылардың Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармамен келісім-шарты, оларға берілген рұқсат пен ақы төленгені туралы түбіртек кәсіпшілік жүргізуге негіздеме болып табылады. Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы А. Қалмақов
Басқа 35. Бұқтырма су қоймасы көл бөлігінің айдынындағы 2001 жылға арналған балықтандыру көлемдерін, балықшаруашылық-мелиоративтік жұмыстарды бөлу
Тендер (конкурс) өткізу Ережелеріне қосымша Бұқтырма су қоймасы көл бөлігінің айдынындағы 2001 жылға арналған балықтандыру көлемдерін, балықшаруашылық-мелиоративтік жұмыстарды бөлу Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма бастығы А. Қалмақов
Басқа 36. Облыстың балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және балықшаруашылық су айдындарында балық аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі облыстық тендер комиссиясының
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 1015 шешіміне № 2 қосымша Облыстың балықкәсіпшілік учаскелерін бекіту және балықшаруашылық су айдындарында балық аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерін (квоталарын) бөлу жөніндегі облыстық тендер комиссиясының ҚҰРАМЫ Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т. Ибраев