Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2001 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 03.10.2001 № 112 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президетнінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2001 жылғы 30 наурыздағы № 578 Жарлығының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және 1983 жылы тұған, сондай-ақ шақырулы кейінге қалдыру құқығынан айырылған одна жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2001 жылғы сәуір-маусымда жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссияның құрамы 1 қосымшаға және облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссияларын құмысын ұйымдастырсын және қамтамасыз естін, әскери комиссариаттарға қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдар бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін әскери комиссариаттарға көлік құралдарын бөлсін және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз естін;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақырушыларды хабарландыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақыруларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, медициналық комиссияға және әскерге жіберу үшін облыстық жинақтау пунктіне жеткізу іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджеттердің есебінен Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңының 35-бабына сәйкес қарастырылған қаражат шегінде жүргізілсін.
Тармақша 5
5) әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пункттерінде жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын;
Тармақша 6
6) әскери комисариаттарға әскери шақыру пункттеріне жабдықталған орындар және белгіленген талаптарға сәйкес әскерге шақыру пункттеріне жөндеу жүргізу және қайта жабдықтау үшін басқа да құрылдарды бөлу жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін 2 қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссиялардың дәрігер-мамандарының еңбекақысын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» РМК Қостанай тасымалдау бөлімшесі (Е.Н. Рахметжанов) облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстары бойынша толықтырушылар бар командаларды қызмет жөнелту үшін жолаушылар поездарында қажетті орындар санын бөлсін (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды және ыстық асты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, ақы төлеу әскерге шақыру кезінде тасымалданғандардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (НМ. Дейхин) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, ұсталғандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізілсін;
Тармақша 2
2) облысытқ жинақтау пунктінде, қалалық және аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау полицияның тәуілік бойғы нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды облыстың әскери комиссариаттарынан жөнелткен кезде, сондай-ақ Қостанай темір жол стансасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін және әскерге шақырушыларды шығарып салу үшін әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша автокөлік бөлсін.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды облыстық әскери комиссариаттың шығыстар сметасында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2001 жылғы 10 шілдеге дейін берілсін.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының Қарылу күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2000 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 4 қазандағы 187 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа, облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Басқа 25. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2001 жылғы 3 сәуірдегі
№ 63 шешіміне 1 қосымша
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Лосьев Игорь Евгеньевич - облыстық әскери комиссар, төрағаның орынбасары
Куванова Бибігуль Төлегенқызы - әскерге шақыру комиссиясының хатшысы
Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері
Абраменко Алексей Иванович - облыстық әскери комиссариаттың 2-бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы
Колесникова Ольга Ивановна - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Садуақасов Тұрсынбай Бақытбайұлы - облыстық ІІБ бастығының орынбасары
Басқа 26. Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2001 жылғы 3 сәуірдегі
№ 63 шешіміне 2 қосымша
Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның
құрамы
Абраменко Алексей Иванович - облыстық әскери комиссариаттың 2-ші бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, комиссия төрағасы
Алдажұманова Ирина Темірбекқызы - дәрігер-терапевт
Андреева Лариса Петровна - дәрігер-психиатр
Бауэр Михаил Иванович - дәрігер-хирург
Гончарова Людмила Константиновна - дәрігер-рентгенолог
Досмұхамбетов Мәлік Седанұлы - дәрігер-психиатр
Жұмабаев Болат Абдолұлы - дәрігер-отоларинголог
Жабаев Әділхан Аңсоғарұлы - дәрігер-нарколог
Кияшко Наталья Валентиновна - дәрігер-терапевт
Осокина Ирина Геннадьевна - дәрігер-стоматолог
Садуақасов Болат Нұралыұлы - дәрігер-травматолог
Садықов Абылай Садықұлы - дәрігер-фтизиатр
Сазонова Валентина Григорьевна - дәрігер-окулист
Укина Айнагуль Төлешқызы - дәрігер-невропатолог
Хван Наталья Сергеевна - дәрігер-дерматолог