Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2001 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2001 жылғы сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өтеген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметкерлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2001 жылғы сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" N 578 Жарлығына сәйкес:
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке шақырылуды кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1983-1974 жылғы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және 2001 жылғы сәуір-маусымда шақырылғандарды Қарулы Күштерге жіберу өткізілсін.
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) шақыру кезеңінде әскери комиссариаттарға медициналық куәлендіру және шақыру комиссияларының жұмыс жүргізулері үшiн жабдықталған үй-жайлар берсiн және өтінімдерге сәйкес тиiстi санаттағы медициналық қызметкерлердiң, техникалық қызметкерлердiң қажеттi санымен және көлiкпен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін қала және аудан бюджеттерiне сәйкес шығындар сметасы негізінде ақшалай қаражат бөлсiн;
Тармақша 3
3) қала және аудан әкiмдерi орынбасарларының төрағалық етуiмен қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
Тармақша 4
4) мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасылары үшін заңдар арқылы белгіленген жеңiлдiктер мен жәрдемақылардың берілуін қамтамасыз етсiн;
Тармақша 5
5) шақыру және шақырылғандарды әскерге жөнелту кезеңінде шақыру пункттерiнде жұмыстарға тартылған шақыру комиссиялары мүшелерiнiң, медицина мен техникалық қызметкерлердiң жұмыс орындарының, лауазымдарының және орта жалақысының сақталуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 6
6) запасқа шығарылған әскери қызметкерлердің жұмысқа орналастыруға қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Б.Баймаханов) шақыру басталарға қарай қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды білікті дәрігер-мамандармен, орта медицина қызметкерлерімен толықтырсын, емдеу мекемелерінде шақырылғандарды кезектен тыс тексеру және стационарлық емдеу үшін төсек-орындардың қажетті санын бөлсін.
Тармақ 4
4. Облыстық iшкi iстер бас басқармасына (Р.Х.Өзбекғалиев):
Тармақша 1
1) шақыру комиссияларына iшкi iстер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған шақырылушылардың тiзiмiн уақтылы беру;
Тармақша 2
2) шақырылғандарды әскерге жөнелту кезінде облыстық жиналу пунктi мен темiр жол вокзалында полиция жасақтарының кезекшiлiгiн ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстың қаржы департаменті (К.Б.Дүйсембиев) Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 35 бабына сәйкес облыстық бюджеттiң 2001 жылға белгіленген шығындар сметасына мерзiмдi әскери қызметке шақыруды
қамтамасыз етумен байланысты шығындарды төлеуге қажетті қаржы бөлсiн.
Тармақ 6
6. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға
басшылық ету және оның құрамы бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Д.Қ.Мыңбайға жүктелсiн.
Басқа 16. Облыстық шақыру комиссиясының
Құрамы
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 2 сәуiрдегі
N 133 шешiмiне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
Құрамы
1.
Д.Қ. Мыңбай
- облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
2.
Т.М.Нұров
- облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары (келiсiмі бойынша)
3.
И.И.Игамбердиева
- облыстық клиникалық аурухананың медбикесi,
комиссия хатшысы (келiсiмі бойынша)
Комиссия мүшелері:
Ж.А.Әлібеков
- облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы
бөлімінің меңгерушісі
С.О.Тұрсынбеков
- облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының
орынбасары (келiсiмі бойынша)
Д.А.Төлепбергенов
- облыс әкімшілігі денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары
М.А.Жылқышиев
- дәрігер, облыстық әскери-дәрігерлік комиссия
төрағасы (келiсiмі бойынша)