Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу весной 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылдың көктемінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 29-бабының 11-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2001 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» 2001 жылғы 30 наурыздағы № 578 Жарлығын iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13, 14, 28, 35 бабына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев) шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айрылған жоғары жастағы ер азаматтарды 2001 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке шақырсын және оларды белгiленген мерзiмде әскерге жөнелтсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясы № 1 қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) өздерiнiң шешiмдерiмен мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын:
комиссия төрағасы - қала (аудан) әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелерi - қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi, дәрiгерлiк жұмыстарға басшылық жасайтын дәрiгер және комиссия хатшысы;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезеңiнде әскери комиссариаттарға дәрiгерлiк тексеру жүргiзу үшiн жабдықталған ғимараттар, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi қызметшiлердi, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктiне тасымалдайтын автокөлiктер бөлсiн;
Тармақша 3
3) азаматтардың әскери комиссариаттарға шақыру комиссиясынан дәрiгерлiк тексеруден өтуi үшiн келуiнiң және оларды одан әрi әскери бөлiмдерге жiберуге облыстық жинақтау пунктiне жөнелтудiң барлық шараларын алсын;
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде шақыру (жинақтау) пункттерiндегi жұмыстарға бөлiнген шақыру комиссиясы мүшелерiнiң, техникалық қызметкерлердiң және қызмет көрсететiн қызметшiлердiң негiзгi жұмыс орындарындағы орташа еңбек ақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, меншiктiң нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары азаматтардың шақыру пункттерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Көктемгi шақыру кезеңiне арналған облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның құрамы бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков):
Тармақша 1
1) шақыру кезеңiне арнап қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрiгер-мамандар, медбикелер бөлсiн және облыстық, аудандық әскери комиссариаттардың шақыру пункттерiн медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелерiне жiберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткiзсiн. Осы мақсатқа арнап аудандарда 5-8 төсектiк орын, облыстық емдеу мекемелерiнде 30 төсекке дейiн орындар бөлсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов):
Тармақша 1
1) шақыру кезiнде облыстық жинақтау пунктiнде, қалалық және аудандық шақыру пункттерiнде, шақырылушылар жөнелтiлетiн темiржол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) жетi күн мерзiмде Орал қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға қылмыстық iс қозғалған шақырушылар туралы хабарласын.
Тармақ 8
8. Әдiлет басқармасы (Ахметов) жетi күн мерзiмде әскери комиссариаттарға шақырылушылар аты-жөнiнiң өзгергенi, тiркелген өлiмдер жайлы мәлiметтердi хабарлайтын болсын.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру, дәрiгерлiк тексеруден өткiзу және оларды әскери бөлiмшелерге жөнелту жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарға облыстық бюджеттен ақша қаражатын бөлудi қарастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық әскери комиссар Г.Қ.Мұқатаев шақырудың барысы туралы облыс әкiмiне дер кезiнде мәлiмдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2001 жылдың 15 шiлдесiнде тапсырсын.
Тармақ 11
11. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә.Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 20. Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
6 сәуірдегі № 84 шешiмiне
№ 1 қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Геннадий Қадырұлы Мұқатаев - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Ишанғали Иманбайұлы Әубәкiров - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Николай Борисович Дмитриенко - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Мәрия Мұқанқызы Жауымбаева - дәрiгерлiк комиссия төрағасының орынбасары
Анатолий Павлович Губанов - облыстық бiлiм басқармасы бастығының орынбасары
Маржан Балжұмақызы Мерғалиева - комиссия хатшысы
КОМИССИЯНЫҢ РЕЗЕРВТIК ҚҰРАМЫ:
Комиссия төрағасы - облыс әкiмiнiң орынбасары
Төрағаның орынбасары - облыстық әскери комиссардың орынбасары
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Орынғали Мүбәрәкұлы Биссалиев - қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы
Қуаныш Қосаманұлы Орынбасаров - облыстық әскери комиссариаттың 2-шi бөлiмiнiң бастығы
Сұлушаш Сатыбалдықызы Тоқжанова - комиссия хатшысы
Басқа 21. Көктемгi шақыру кезеңiне арналған дәрiгерлiк комиссия дәрiгер-мамандарының
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
6 сәуірдегі № 84 шешiмiне
№ 2 қосымша
Көктемгi шақыру кезеңiне арналған дәрiгерлiк комиссия дәрiгер-мамандарының
ҚҰРАМЫ
Батырбек Идиатұлы Байдиев - "Талап" АҚ көз дәрiгерi
Нұрлан Нұрғалиұлы Баиров - облыстық психикалық орталықтың психиаторы
Арон Ақмурзинұлы Бақтыгереев - облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның хирургы
Татьяна Николаевна Бутько - 1-шi емхананың құлақ, мұрын, тамақ ауруларының дәрiгерi
Нәйля Болатқызы Ғұбашева - облыстық терi-мерез аурулары диспансерiнiң дәрiгерi
Олег Васильевич Глотов - облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның дәрiгер-рентгенологы
Мәрия Мұқанқызы Жауымбаева - дәрiгерлiк комиссия төрағасының орынбасары, дәрiгер-терапевт
Софья Ғұбашқызы Жүсiпова - 1-шi емхананың жүйке аурулары дәрiгерi
Зайдолла Қабенұлы Қабенов - облыстық тубдиспансердiң дәрiгерi
Мария Ивановна Ключко - 86717 әскери бөлiм госпиталiнiң терапевi
Ольга Степановна Чернова - облыстық стоматологиялық орталықтың тiс дәрiгерi