О проведении в 2001 году двухмесячников по охране нерестующей рыбы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылы уылдырық шашатын балықты қорғау жөніндегі екіайлық өткізу туралы Ескертуі. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 88 шешімімен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы балық қорларын қорғау және балық шаруашылығын реттеу туралы" 1995 жылғы 05 сәуірдегi N 414 Қаулысымен бекiткен Ережесiн басшылыққа алып және облыстық су айдындарында балықтардың бағалы түрлерiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және үнемдi пайдалануды, сондай-ақ оның уылдырық шашуына барынша ыңғайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында балықтардың көктемде және күзде уылдырық шашатын түрлерін қорғау және өсімін молайту жөнiндегi екіайлықтар үстiмiздегi жылы мына мерзiмдерде жариялансын: Көктемде уылдырық шашатын балық түрлерi үшiн:
Тармақша 1
1) 15 сәуірден 15 мамырға дейiн Бұқтырма су қоймасының көл бөлiгiнде (Қара Ертiс өзенiнiң саласынан Құйған кентiне дейiн);
Тармақша 2
2) 10 мамырдан 10 маусымға дейiн Бұқтырма су қоймасының - таулыжазықтық бөлiгiнде (Құйған кентiнен Бұқтырма ГЭС-iне дейiн);
Тармақша 3
3) 26 сәуірден 26 мамырға дейiн - Алакөл көлдер тобында (Шығыс Қазақстан облысының шекарасындағы Алакөл, Сасықкөл). Күзде уылдырық шашатын балықтар түрлерi үшiн: үстiмiздегi жылғы 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейiн - Бұқтырма су қоймасының таулы-жазықтық бөлiгiнде (Казнаковка өткелiнен Бұқтырма ГЭС-iне дейiн).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк бақылау басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөнiндегi басқарманың Бұқтырма, Шульба су қоймалары мен Ертiс өзенiнде көктемде және күзде уылдырық шашатын балықтар түрлерін қорғау жөнiнде екіайлықтар өткiзу жөнiндегi 2001 жылға арналған бiрлескен iс-шаралар бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлуде).
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесiне мемлекеттiк бақылау басқармасы (Тоқсейiтов Н.Т.), Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқарма (Қалмақов А..):
Тармақша 1
1) уылдырық шашатын кезеңде балық аулауға тыйым салынған мерзiмдердi сақтауға және браконьерлiкке тосқауыл жасауға қатаң бақылау қойсын; 2) облыстық iшкi iстер басқармасымен (Күнғожинов С.Т.) келiсiм бойынша бiрлесiп Бұқтырма және Шульба су қоймаларындағы балықтардың уылдырық шашатын кезiнде табиғат қорғау заңдылығын сақтауға бақылау жасау жөнiнде рейдтiк iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырсын; 3) меншiк түрлеріне қарамастан балық аулайтын кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ балық ұстаумен шұғылданатын жеке тұлғаларды оларға бекiтiлiп берiлген су айдындарында (су айдындарының учаскелерiнде) табиғат қорғау заңдылығын бұзғаны үшiн жауапкершiлiкте болатын туралы ескертсiн; 4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында табиғат қорғау тақырыптарына түсiнiк жасау жұмысы тұрақты жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Адамов Р.Ж.), Ертiс бассейндiк сушаруашылық басқармасы (Мальковский В.А.):
Тармақша 1
1) балықшаруашылық су айдындарының санитарлық жағдайына бақылауды күшейтсiн, балықшаруашылық су айдындарына өндiрiстердiң балық қорларына зиянды әсер ететiн өнеркәсiптiк сарқынды сулары мен басқа да қалдықтарын ағызғандары үшiн өнеркәсiп кәсiпорындары мен ауылшаруашылық басшыларының жауапкершiлiктерiн арттырсын;
Тармақша 2
2) балық қорларын қорғау және өсімін молайту үшiн Ертiс ГЭС-терiнiң каскадтары арқылы суды өткiзу кестесiн сақтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. "2000 жылы уылдырық шашатын балықты қорғау жөнiнде екіайлықтар өткiзу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 28 сәуірдегi N 852  шешiмiнiң  күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесiне мемлекеттiк бақылау басқармасы (Тоқсейiтов Н.Т.) уылдырық шашатын кезеңде балық аулауға тыйым салу жөніндегі өткiзiлген екiайлық қорытындысы бойынша облыс әкімінің аппаратына ақпарат түсiрсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.
Басқа 14. Шығыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсімдіктер дүниесiне мембақылау басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі басқарманың Бұқтырма, Шульба су қоймалары мен Ертiс өзенiнде көктемде және күзде уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөніндегі 2001 жылға арналған бiрлескен iс-шараларының
Облыс әкімінің 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 1026 шешiмiне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсімдіктер дүниесiне мембақылау басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі басқарманың Бұқтырма, Шульба су қоймалары мен Ертiс өзенiнде көктемде және күзде уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөніндегі 2001 жылға арналған бiрлескен iс-шараларының БАДАРЛАМАСЫ