О проведении призыва граждан на срочную военную службу в 2001 году Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңына сәйкес, 2001 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу үшін:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларын құрсын, комиссиялардың төрағалары етіп тиісті қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларын тағайындасын, әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және 2001 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын 1975-1983 жылдары туған барлық азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық әскерге шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін облыстық әскерге шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын: Тоғжанов Е.Л - облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы Дарманкұлов М.Е. - облыстық әскери комиссар – Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Әуезов А.Т. - ОӘК 2-ші бөлімі бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы Кенжебаев Н.Ж. - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынабасары Походяев А.С - ішкі істер Бас басқармасы бастығының орынбасары Шинкорук Г.В. - комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) әскери комиссариаттармен бірлесіп әскери-патриоттық және тәрбие шараларын өткізу үшін әскерге шақырылатын жастармен әскери-спорттық жиындар өткізсін, соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаменті (Омарбекова Р.К.) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнепаздар мен шығармашылық ұжымдардың өнерін, әскери-патриоттық тақырыптарға қөркесм фильмдері көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облсанэпидстанциясы (Сәтеков С.Т.) Қарағанды қаласының облыстық жиын пункті мекен-жайларының күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Аманов Б.Р.) облыстық жиын пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық әскери комиссариат (Дарманқұлов М.Е.) шақыру мәселелері бойынша көзделген шараларды орындау үшін (медициналық комиссияларды қамтамасыз ету, шақырылушырарды жеткізужәне оларды тамақтандыру, мекен- жайларды санитарлық өңдеу, үздіксіз байланыс, ғимараттарды жөндеу және тағы басқалар) Қазақастан Республикасының 1997 жылғы 19 шілдедегі “Мемлекеттік сатып алулар туралы” N 163 Заңына сәйкес тиісті ұйымдармен және мекемелермен келісім-шарттар жасасын.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (ермекбаев Қ.К.) жасалған келісім шарттардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырсын, облыстық, аудандық және қалалық медициналық шақыру комиссияларын мамн-дәрігерлермен және орташа медициналық құраммен жасақтасын (мемлекеттік кәсіпорындар бойынша – келісім шарттар негізінде).
Тармақ 9
9. Ішкі істер Бас басқармасы (Симачев В.В.) Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндеттелік және әскери қызмет туралы” Заңының 28-бабына сәйкес әскерден жалтарғандарды іздестіру мен ұстаудың және әскерге шақырылғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын
Тармақ 10
10. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру және оларды: -мекен-жайынан қалалық, аудандық әскери комиссариаттарының шақыру комиссияларына дейін және кері қарай; -мекен-жайынан Қарағанды қаласының облыстық жиын пунктіне - облыстық медициналық комиссияға дейін және кері қарай; -мекен-жайынан Қарағанды қаласының облыстық жиын пунктіне дейін - әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. Аталған шараларды қаржыландыруды жергілікті бюджеттер және келісім шарттар жасау есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Нүгербеков С.Н.) Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндеттелік және әскери қызмет туралы” Заңының 35-бабы негізінде осы мақсатқа бөлінген қаржылар шектерінде жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз етумен байланысты шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.