Об утверждении тарифов на оказание гарантированного объема стационарной и амбулаторно-поликлинической медицинской помощи с комплексом диагностических услуг населению города Алматы на 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы халқына 2001 жылғы стационарлық және амбулаторлық-емханалық медициналық көмектi диагностикалық қызмет кешенiмен қоса көрсету тарифiн бекiту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
ҚР Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемiн бекiту жөнiндегi" Қаулысына сәйкес және Алматы қаласы тұрғындарына стационарлық, амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсету шығынын қайтару мақсатында Алматы қаласының Әкiмi шешiм қабылдады:
Тармақ 1
1. Әрбiр емделген адамға тегiн медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемiн көрсетуге - 10503,00 теңге базалық ставка бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Емделген адамға тегiн стационарлық медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемiн көрсетуге тариф бекiтiлсiн.(N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Тегiн амбулаторлық-емханалық медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемi жан басына шаққанда әрбiр тұрғынға 697,99 теңге бекiтiлсiн, оның iшiнде:
Тармақша 1
1) отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияда алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсетуге - 404,60 теңге;
Тармақша 2
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмектi консультативтiк- диагностикалық қызмет кешенiмен түгел көрсетуге, акушерлiк- гинекологиялық көмектен басқа, ересек тұрғындарға - 349,92 теңге;
Тармақша 3
3) әрбiр ересек әйел тұрғынға алғашқы акушерлiк-гинекологиялық көмектi екiқабат әйелдер патронажын қоса есептегенде консультативтiк- диагностикалық қызмет көрсетуге - 100,40 теңге;
Тармақша 4
4) алғашқы педиатриялық медициналық санитарлық көмектi педиатриялық және стоматологиялық қамтуды қоса есептегенде ашық мектеп-мектепке дейiнгi мекемелерге консультативтiк-диагностикалық көмек кешенiмен бiрге бiр балаға - 917,00 теңге;
Тармақша 5
5) педиатриялық көмектi жабық мектеп-мектепке дейiнгi мекемелерде бiр балаға көрсету - 1331,00 теңге;
Тармақша 6
6) әрбiр ересек тұрғынға стоматологиялық көмек көрсету - 15,54 теңге;
Тармақша 7
7) бекiтiлiп берiлген балаларға стоматологиялық көмек көрсету бiр балаға - 103,93 теңге.
Тармақ 4
4. Арнаулы амбулаторлық-емханалық тегiн көмектiң кепiлдемелi көлемiн көрсетуге мынадай тариф бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) отбасылық дәрiгерлiк амбулатория аумағының тұрғындарына консультативтiк-диагностикалық қызмет көрсету - 83,45 теңге;
Тармақша 2
2) тереңдетiлiп жеке-жеке мамандар көрсететiн әрбiр қызмет - 171,91 теңге;
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау департаментi (В.Девятко) тегiн медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемiн көрсетуге шығатын шығынды Алматы қаласы Әкімінің 2001 жылғы 22 қаңтар N 44 шешімінің 6 тармағына сәйкес бекiтiлген тарифтер мен жанбасылық нормативтер деңгейiнде жүргiзетiн болсын:
Тармақша 1
1) емделген бiр адамға клиникалық-шығындық группа бойынша - стационарлық медициналық мекемелер үшiн;
Тармақша 2
2) жанбасылық норматив бойынша - амбулаторлық-емханалық медициналық мекемелер қала халқының статистикалық есептелуi және бөлiнген қаражат деңгейiнде;
Тармақша 3
3) атқарылған жеке-жеке мамандандырылған амбулаторлық-емханалық қызмет қалалық және ауданаралық медициналық орталықтарда тариф және жалпы саны бойынша.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 19
2001 жылғы 19 сәуiрдегi
N 240 Әкiмнiң шешiмiне
N 1 қосымша
Жабдықтаушының кесiмi бойынша емделген
сырқатқа тегiн стационарлық медициналық
көмектiң кепiлдеме көлемiн көрсетудiң
ТАРИФI
-------------------------------------------------------
N ! Медициналық қызмет ! Тариф
көрсетушiнiң аты-жөнi
-------------------------------------------------------
1. Жедел медициналық көмек ауруханасы 7961
2. Медбикелер күтiмiндегi аурухана 32361
3. N 1 Қалалық клиникалық аурухана 12345
4. N 4 Қалалық клиникалық аурухана 10999
5. N 5 Қалалық клиникалық аурухана 8802
6. N 7 Қалалық клиникалық аурухана 8926
7. Қалалық адам репродукциясы орталығы 8262
8. N 4 Қалалық балалар сауықтыру орталығы 9818
9. N 3 "Алау" балалар санаториi 9818
10. N 1 Темiр жол ауруханасы 6329
11. Хирургия ғылыми орталығы 8263
12. Клиникалық оқу орталығы 7592
13. ХОСПИС 24777
14. Орталық қалалық клиникалық аурухана 7982
15. "Iскер-сау" сауықтыру орталығы 6999
16. ҚР Президентiнiң басқару iстерi
медициналық орталығының орталық
клиникалық ауруханасы 21038
17. Онкологиялық диспансер 16664
18. Қалалық наркологиялық
медициналық-әлеуметтiк түзету орталығы 23664
19. Терi-венерология диспансерi 8052
20. N 1 балалардың қалалық клиникалық
ауруханасы 15217
21. N 2 балалардың қалалық клиникалық
ауруханасы 8665
22. Темiржол балалар ауруханасы 7685
23. "Ақсай" аймақтық балалар клиникалық
ауруханасы 35881
24. Перинаталдық орталық 13975
25. N 1 Перзентхана 11646
26. N 2 Перзентхана 11723
27. N 4 Перзентхана 11701
28. N 5 Перзентхана 11780
------------------------------------------------------
Барлығы: 10503
------------------------------------------------------