Об организации отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в летний период 2001 года Қолданыста
Басқа 0
2001 жылдың жазғы маусымында балалар
мен жас өспірімдердің демалысын,
суықтырылуын және жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2002.04.30 N 79 шешімімен.
Балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын нығайтуды, қауіпсіздігін, кәмелетке толмағандардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын, бақылаусыз қалуын, құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында:
Тармақ 1
1. Балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдеріғ басқармалар, кәсіпорындар басшылары кәсіподақ, жастар, балалар және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, 2001 жылдың жазғы маусымына уақытында дайындалуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері:
- жергілікті бюджетте көзделген қаржылар, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектер қатыстыру есебінен балалар мен жас өспірімдердің демалуын және сауықтырылуын ұйымдастырсын және өткізсін;
- ата-анасының қамқорынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының, толық емес және жұмыссыздар отбасылары балаларының демалуы мен сауықтырылуын бірінші кезекте қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Н.Нүгербеков) облыстың білім беру мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалардың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылуы үшін мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасы шегінде қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов), облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) жазғы каникул кезінде балалармен және жас өспірімдермен жұмыс істеудегі барлық мектептен тыс ұйымдар мен спорт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е.Әбілаев) заңнамаға сәйкес каникул кезінде жас өспірімдер үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) жазғы каникул кезінде балалар және жас өспірімдер туризмін дамыту үшін жағдай жасасын.
Тармақ 8
8. Облыстық санитарлық-эпидемиялық станция (С.Т.Сәтеков) балалардың демалу және сауықтыру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды тиісті бақылаумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар жазғы каникул кезінде кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
Тармақ 10
10. Балансында қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары:
- қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен, сапалы тамақтануды қамтамасыз ететін азық-түлікпен, өрт қауіпсіздігі құралдарымен, спорттық және мәдени бұйымдармен қамтамасыз етуге;
- кәсіподақ комитеттері және еңбек ұжымдарының келісімімен ақысыз жолдамалар немесе құны жартылай өтелетін жолдамалар санын анықтауға;
- облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов). облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.Қ.Ермекбаев), облыстық мәдениет департаментімен (Р.К.Омарбекова) бірлесе отырып, келісім-шарт негізінде қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін білікті мамандармен толықтыруға назар аударсын.
Тармақ 11
11. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін:
- облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) спорттық, ойын алаңдарының, туристік сапалар, экскурсиялар, серуендер бағыттарының уақытында тексерілуін жүзеге асырсын;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет (В.М.Козлов) балалардың сауықтыру лагерьлеріндегі өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етсін;
- облыстық судан құтқару қызметі (В.Д.Фаст) суға түсетін орындардың қауіпсіздігіне бақылау орнатсын;
- Ішкі істер Бас басқармасы (В.В.Симачев) сауықтыру лагерьлері орналасқан жерлерде құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етсін, учаскелік инспекторлар бекітіліп, белгіленген тәртіп бойынша балаларды демалыс орындарына және кері қарай автокөлікпен шығарып салуды жүзеге асырсын.
- Облыстық “Қазақтелеком” ААҚ телекомуникациялар дирекциясы, кәсіпорындар және ұйымдар басшылары қала сыртындағы лагерьлерді телефон байланысымен және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Қарағанды облыстық теле-радио хабарларын тарату компаниясы (Ә.Ә.Әбдәкімов), “Индустриальная Караганда” (С.М.Кемелбаев), “Орталық Казақстан” (М.С.Сембай) газеттерінің редакциялары балалар мен жас өспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын кеңінен жарияласын.
Тармақ 13
13. Облыс әкімінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі “2000 жылдың жазғы маусымында балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы” N 58 шешімінің күші жойылған деп табылсын.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат 2001 жылғы 1 қыркүйекке тапсырылсын.
Тармақ 15
15. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Облыстық балалар мен жас өспірімдердің
демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру және өткізуді бақылау жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2001 жылғы 16.04
N 64 шешіміне N 1 қосымша
Облыстық балалар мен жас өспірімдердің
демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру және өткізуді бақылау жөніндегі комиссия
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Тоғжанов Ералы
Лұқпанұлы
- облыс әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы
Тармақ 2
2. Бекметов Евгений
Петрович
- облыстық білім беру департаментінің
директоры
Тармақ 3
3. Бекшенова Бағдат
Мұхамедәліқызы
- облыстық “Қарағанды” қоғамдық балалар
қорының атқарушы директоры (келісім
бойынша)
Тармақ 4
4. Ермекбаев Қанат
Кәртайұлы
- облыстық денсаулық сақтау басқармасының
бастығы
Тармақ 5
5. Кулагина Татьяна
Петровна
- облыс әкімі аппаратының ішкі саясат
және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
Тармақ 6
6. Сәтеков Серікбай
Түгелбайұлы
- облыстың бас мемлекеттік санитарлық
дәрігері
Тармақ 7
7. Самойлюк Татьяна
Филипповна
- облыстық білім беру және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)