О кредитовании сельхозтоваропроизводителей для обеспечения горюче-смазочными материалами на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстары кезiнде ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін несиелеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 13.05.2004 № 88 шешімімен.
"2001 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстары кезiнде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттерге несие берудiң бiрқатар мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 503 қаулысына , "2001 жылғы облыс бюджетi туралы" Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаты сессиясының 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 7/2-П шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихаты сессиясының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N-9/2-П шешiмiне сәйкес және ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстары кезiнде қолдау мақсатында ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. 2001 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне жанар-жағар май сатып алуға несиелеудiң iшкi ережелерi мен механизмi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Бағдарлама әкiмшiсi - ауыл шаруашылығы басқармасы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн несиелеуге бөлiнген 200 млн. (екi жүз миллион) теңгенi дизель отынын сатып алуға жұмсасын.
Тармақ 3
3. қалалар және аудандар бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне тауарлы несиенi бөлу егiс танаптарына сәйкес және егiлетiн ауылшаруашылық дақылдардың артықшылықтары ескерiле отырып жүргiзiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң бөлiнген несиенi мақсатты пайдалануына және мерзiмiнде қайтаруына бақылау жасау қала және аудан әкiмдерiне дербес жауапкершiлiк жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары А.Б. Қалиевқа жүктелсiн.
Басқа 6. 2001 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшiн ауыл шаруашылық тауар өндірушiлерiне
жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында
тауарлы несие берудiң iшкi ережелерi
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 8 мамырдағы
N 1045 шешiмiне N 1 қосымша
2001 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшiн ауыл шаруашылық тауар өндірушiлерiне
жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында
тауарлы несие берудiң iшкi ережелерi
Тармақ 1
1. Бұл ережелер "2001 жылға арналған облыс бюджетi туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 7/2-П шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 9/2-П шешiмiнде көзделген "Ауыл шаруашылық тауар өндірушiлерiне 2001 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға несие берудiң" 83 бюджеттiк бағдарламасы бойынша "Ауылшаруашылық басқармасының" 257 әкiмшiсi бағдарламасының коды бойынша 200 млн. (екi жүз млн.) теңге сомадағы несие беру тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджеттiң 200 млн. (екi жүз миллион) теңге сомадағы қаржысы дизель отынын орталықтандыру арқылы сатып алуға жұмсалады.
Бағдарлама әкiмшiсi - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тауарлы несиеге 200 млн. (екi жүз миллион) теңге соманың дизель отынын жұмсайды. қала және аудан әкiмдерiне 200 млн. (екi жүз миллион) сомадағы несие дизель отыны күйiнде тауарлы несие нысаны түрiндегi келiсiмдер негiзiнде ауылшаруашылық тауар өндірушiлерiн көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстары кезiнде жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мақсатында келесi несиелеу үшiн қайтарымды, мерзiмдi, 2001 жылдың 1 қарашасына дейiнгi мерзiмде төлемақының нөлдiк ставкасымен қайтару негiзiнде бағдарлама әкiмшiсi - ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы бөлiнедi.
Тармақ 3
3. қалалар мен аудандар бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушiлерiне тауарлы несиенi бөлу егiс танаптарына сәйкес және егiлетiн ауылшаруашылық дақылдардың артықшылығы ескерiле отырып облыс әкiмiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. қала және аудан әкiмдерi несие алатын ауылшаруашылық тауар өндірушiлерi шеңберiн анықтайды, олармен шарт жасасады.
Тармақ 5
5. қала және аудан әкiмдерi несиелiк шарттарды ауылшаруашылық тауар өндірушiлерi кепiлдiктi қамтамасыз еткен жағдайда жасайды.
Тармақ 6
6. Ауылшаруашылық тауар өндірушiлерi несиенi ауылшаруашылығы басқармасының депозиттiк шотына қайтарады.
Тармақ 7
7. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының депозиттiк шотына түскен ақша облыс бюджетiне аударылады (облыстық салық басқармасы РНН 180100000010, МФО 190901003, есеп шот 80500, "Iшкi несиелеудi қайтару" төлем коды 501510).
Тармақ 8
8. Несиенiң мақсатты пайдаланылуы мен облыстық бюджетке мерзiмiнде қайтарылуына бақылауды қала және аудан әкiмдерi, облыстық ауыл шаруашылығы және қаржы басқармалары жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. қала және аудан әкiмдерi несиенi басқа мақсатта пайдаланған жағдайда оларға заңдарда көрсетiлген тәртiппен санкциялар қолданылады.
Облыс әкiмi аппаратының басшысы
Басқа 16. қалалар және аудандар бойынша облыстың ауылшаруашылық
тауар өндірушiлерiн 2001 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшiн жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге
тауарлы несиенi бөлу
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 8 мамырдағы
N 1045 шешiмiне N 2 қосымша
қалалар және аудандар бойынша облыстың ауылшаруашылық
тауар өндірушiлерiн 2001 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшiн жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге
тауарлы несиенi бөлу
----------------------------------------------------
Аудандар атауы Бөлiнген несиелер (мың.теңге)
----------------------------------------------------
Абай 413
Аягөз 3496
Бесқарағай 5212
Бородулиха 30446
Глубокий 23175
Жарма 3496
Зайсан 3321
Зырян 16622
Катон-қарағай 10202
Көкпектi 18077
Күршiм 4878
Тарбағатай 3115
Ұлан 13116
Үржар 20912
Шемонаиха 36606
Лениногор қ. 747
Семей қ. 3273
Өскемен қ. 2892
Облыс бойынша барлығы 200000
-------------------------------------------------
Облыс әкiмi аппаратының басшысы