Об обеспечении сельхозтоваропроизводителей горюче-смазочными материалами на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын
өткізу кезеңіне ауылшартауарөндірушілерін жанар-жағармай
материалдарымен камтамасыз ету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2004 № 194 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 503 "2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын өткізу кезеңіне ауылшартауарөндірушілерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындау мақсатыңда Қостанай облысының әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстары үшін ауылшартауарөндірушілерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендірудің ережесі бекітілсін (1қосымша).
Тармақ 2
2. Ауылшартауарөндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстары үшін жанар-жағармай материалдарымен камтамасыз ету мақсатында несиелеу жөніндегі агент болып "Қостанай инвестициялау компаниясы" МКК белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жанар-жағармай материалдарын жеткізуді анықтау үшін конкурстық комиссия кұрамы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Облыстың аудандары үшін несиелік қаражат көлемі бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 6. Ауылшартауарөндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және
жиын-терін жұмыстары үшін оларды жанар-жағармай
материалдарымен камтамасыз ету мақсатындағы несиелеу
ережелері
Қостанай облыстық әкімиятының
2001 жылғы 26 сәуірдегі № 47
қаулысына 1 қосымша
Ауылшартауарөндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және
жиын-терін жұмыстары үшін оларды жанар-жағармай
материалдарымен камтамасыз ету мақсатындағы несиелеу
ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер ауылшартауарөндірушілерін 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстары үшін оларды жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелеу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы ережелерде айтылған несиелеу,мыналар болып табылады:
беру нысаны бойынша - мерзімді және қайтарымсыз;
мерзімі бойынша - қысқа мерзімді;
сыйлықақы мөлшері бойынша — пайыссыз
Тармақ 3
3. Мерзімі, тәртібі, нысаны (ақшамен, тауармен, астықпен және т.б.) қайтарылу шарты және міндеттемелердің қамтамасыз етілуі Агент пен малшаруашылық тауарөндірушінің арасындағы келісім-шартта және олардың арасындағы кепілдік келісім-шартында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Кепілдік келісім-шарттың қамтамасыз етілуі және мемлекеттік органдарда ЖЖМ алушылары есебінен оны тіркеу аудан әкімияттарына жүктеледі.
Тарау 2. 2. Каржыландыру көздері
2. Каржыландыру көздері
Тармақ 5
5. Несиелеу үшін қаражат облыстар бюджеттеріне республикалық бюджеттен (бүдан әрі -РБ) бөлінеді.
Тармақ 6
6. Облыстық мәслихат шешімінің негізінде көрсетілген мақсаттарға облыс бюджетімен қосымша қаражат бөлінуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Карыз алушыларды несиелеу тетігі
3. Карыз алушыларды несиелеу тетігі
Тармақ 7
7. Облыстық әкімият РБ түскен ақша қаражаттарын және өз каржыларын қаржы департаменті арқылы ауылшартауарөндірушілеріне олар үшін ЖЖМ жеткізушілеріне жанар-жағармай материалдары үшін төлеу жолымен акша каражаттарын бөлуді тікелей жүзеге асыратын Агентке бөледі.
Тармақ 8
8. Несиенің сомасы оны толығымен өтегенге дейін Агент алдындағы қарыз берушінің берешегі болып табылады.
Тарау 4. 4. Ауылшартауарөндірушілерін ЖЖМ сатып алу үшін несиелеу жөніндегі Агентті белгілеу және оның функциялары
4. Ауылшартауарөндірушілерін ЖЖМ сатып алу үшін несиелеу жөніндегі Агентті белгілеу және оның функциялары
Тармақ 9
9. Ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ЖЖМ сатьш алу үшін ақшалай
қаражат бөлу жөніндегі агентті облыс әкімияты мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорындар арасынан белгілейді.
Тармақ 10
10. Агенттің функциялары болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) облыс аудандары әкімдерінен ауылшаруашылық тауарөндірушілері әлеуетті қарыз алушылар туралы ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) ЖЖМ жабдықтаушылар және қарыз алушылармен ЖЖМ төлем төлеу мен жабдықтауға келісім-шарттар жасау;
Тармақша 3
3) ЖЖМ құнын жабдықтаушыларға төлеу арқылы ауылшаруашылық тауарөндірушілерін несиелеу жөніндегі қаржылық қаражатты тікелей бөлу;
Тармақша 4
4) қарыз алушылардың несиелерін қайтаруды және оны мемлекеттік бюджетке аудартуды қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. ЖЖМ жабдықтаушыларды анықтау тәртібі
5. ЖЖМ жабдықтаушыларды анықтау тәртібі
Тармақ 11
11. ЖЖМ жабдықтаушылар (бұдан әрі —Операторлар) конкурстық негізде анықталады.
Тармақ 12
12. Конкурсты, оның құрамын облыс әкімияты бекітетін, конкурстық комиссия өткізеді. Операторларды конкурсқа қатысуы үшін негізгі талаптар мұнай өнімдері жеткізуге, сақтауға және босатуға арналған қажетті материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымның барлығы немесе оған қол жеткіізушілік (жалға алу, лизинг, жауапты сақтау және тағы сондайлар
туралы келісім - шарт) больш табылады. (Сондай-ақ, конкурстық құжаттамалар
анықтайтын баска талаптарды да ұсынулары мүмкін.
Тармақ 13
13. Тауардың бағасы мен жабдықтау мерзімі жеңімпаздарды анықтаудың
негізгі өлшемдері болып табылады, Конкурстық комиссияның, кажет болған жағдайда жеңімпаздарды анықтаудың басқа да өлшемдерін белгілеуге құқы бар.
Тармақ 14
14. Конкурстың қорытындысы бойынша Агент және Оператор өздерінің арасындағы катынастарды ретке келтіретін Келісім жасайды.
Тарау 6. 6. Жанар –жағармай материалдарын алушы ауылшаруашылық тауарөндірушілерін анықтау
6. Жанар –жағармай материалдарын алушы ауылшаруашылық тауарөндірушілерін анықтау
Тармақ 15
15. ЖЖМ сатьш алуға арналған несиелік каражатты алуға құқы бар ауылшаруашылық тауарөндірушілердің тізбесін және оларды несиелендірудің шегін, үміткердің каржылық көмек алуға сәйкестігі осы Ереженің 16 тармағының талаптарына сай болған жағдайда, аудандар мен қалалардың әкімияттары бекітеді.
Тармақ 16
16. Ауылшаруашылық тауарөндірушісі, ол үшін жер өндірістің негізгі құралы болып табылатын немесе оның қызметі жерді ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін пайдалануымен байланысты, заңды немесе жеке тұлға болуға тиіс.
Тарау 7. 7. Несиелендіру шегін анықтау
7. Несиелендіру шегін анықтау
Тармақ 17
17. Аудандар бойынша несиелік каражаттың ең көп көлемін облыс әкімияты облыстык бюджеттен бөлінген каражатты есепке ала отырып облысқа арнала бекітілген жоғарғы шегінің шеңберінде белгілейді.
Тармақ 18
18. Ауылшартауарөндірушілеріне арналған несиелеудің шегі осы аудан үшін белгіленген шегінен туындата отырып анықталады.
Тармақ 19
19. Қарыз алушы несиесінің сомасы оған жанар-жағармай материалдары Агентінің конкурс нәтижесінде белгіленген баға бойынша төлеген кұны ретінде анықталады.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 20
20. Осы Ережелерді Қостанай облысының әкімияты бекітеді.
Тармақ 21
21. Бөлінетін несиелік қаражаттың мақсатты пайдалануына және оның белгіленген мерзімде қайтарылуына бақылау жасауды Агент жүзеге асырады.
Басқа 40. 2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын жүргізу
кезеңіне жанар-жағармай жеткізуді анықтау жөніндегі конкурстык
комиссияның құрамы:
Қостанай облыстық әкімиятының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
№ 47 қаулысына 2 қосымша
2001 жылғы көктемгі дала және жиын-терін жұмыстарын жүргізу
кезеңіне жанар-жағармай жеткізуді анықтау жөніндегі конкурстык
комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Толыбаев Марат Еркінұлы - Қостанай облысы бойынша меммүлік және жекешелендіру департаментінің директоры, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Сағындықов Бақытжан Нүрмағамбетүлы - Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Мұңжасаров Жұмағали - Қостанай облысы бойынша қаржы департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі
Тармақ 4
4. Рыжова Татьяна Васильевна - Қостанай облысы бойынша меммүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы, комиссия мүшесі
Тармақ 5
5. Хамитова Эльмира - Қостанай облысы бойынша қаржы департаментінің бөлім бастығы, комиссия мүшесі
Басқа 46
Қостанай облыстық әкімиятының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
№ 47 қаулысына 3 қосымша
Калалар мен аудандар атауы
Несиелеу көлемі мың тенге
1. Алтынсарин
33 000
2. Әулиекөл
62 000
3. Арқалық қ.
48 000
4. Денисов
35 000
5. Жітіқара
51 850
6. Қамысты
105 000
7. Қарасу
140000
8. Қостанай
89 000
9. Қарабалық
50 500
10. Меңдіқара
61 000
11. Сарыкөл
88 000
12. Таран
53 000
13. Ұзынкөл
67 000
14. Федоров
33 000
Жиынтығы:
916350