Об организации и проведении предупредительных мер по защите области от весеннего паводка 2001 года Қолданыста
Басқа 0
Облысты 2001 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі алдын-алу шараларын ұйымдастыруды және өткізу туралы.
Күтілетін өр суының сипаты мен мөлшерін есепке ала отырып және тұрғындардың, елді мекендердің, шаруашылық нысандарының, коммуникациялардың, жер аумағының, автомобиль мен темір жолдарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Өр суының облыс өзендері бойымен апатсыз өткізілуіне басшылық жасау және үйлестіру үшін облыстық штабтың құрамы бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала мен аудандар әкімдері 2001 жылға облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары осы мазмұндас жұмыстарды өткізу үшін сәйкес штабтар құрсын.
Тармақ 3
3. Облыс өзендерінде өр суының апатсыз өткізу мен қабылдау жөніндегі шаралар бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Атырау қаласының және аудандар әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары Жайык-Каспий басейндік су-шаруашылығы бірлестігі, «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, ауылшаруашылық басқармасы облыстық автомобиль жолдары басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармасы:
Тармақша 1
1) өткен жылдардағы су тасқындарына талдау жүргізіп және өр суы басу аймағына жататын елді мекендерді, бүлінуге және шайылуға ұшыраған автомобил мен темір жолдарды; тасқын су мен өр суынның зардабына ұшыраған жергілікті учаскілер, байланыс және электр бөлініс желілерін; дамбылардың, су өткізгіш құрылыстардың жағдайын; эвакуация орындары мен бағыттарын; жүзу құралдарының саны мен жағдайын анықтасын;
Тармақша 2
2) материалдық құндылықтар мен тұрғындарды уақытылы құтқару үшін барлық қажетті күш пен қаражатты тартсын; хабар беру схемасы мен байланыс нақтылау құралдарын төтенше апатты-құтқару және зілзаланың зардаптарын жою жұмыстарына қатыстырылатын кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтасын;
Тармақша 3
3) тұрғындарды табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында іс-әрекеттерге дайындалу жөнінде оқуын өткізіп; нақты жергілікті жағдайда қолданылатын қызметтердің өзара іс-әрекетін жаттықтырсын;
Тармақша 4
4) жүргізілетін жұмыс пен жедел жағдай туралы күн сайын төтенше жағдай жөніндегі облыстық комиссияға баяндап отырсын.
Тармақ 5
5. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорының «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес бастығы (Ғ.Кенжеғалиев) гидрометерологиялық бекеттерді дайындау мен су тасқыны жөніндегі болжамдарды барлық мүдделі тұлғаларға уақытты жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Ж.Бисенов), «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны Атырау филиалының директоры (С.Ақтанов), «Қазақстантеміржолы» республикалық кәсіпорны Атырау тасымалдау бөлімшесі (Б.Зиганшин) теміржол мен автомобиль тасымалдарының қауіпсіз және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін жасанды су өткізгіш құрылыстарды, теміржол және автожол көпір өткелдерін зерттеп, қалыпқа келтірсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (Қ.Мырзабаев), көлік бақылау басқармасы (Е.Құрманғалиев) су тасқынына байланысты жұмыстар кезеңінде осы жұмыстарға тартылған техникалардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Атырау-Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (А.Рахманов) су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің сенімді электрмен жабдықталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (А.Ибрашев) облыстағы су тасқынының зардабына ұшырайтын елді мекендерді сенімді байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әжіғалиева) су тасқынына қарсы шараларға қаражаттың облыс әкімінің төтенше жағдайларға байланысты резерв қорынан бөлінуін қарастырсын (№3 қосымша).
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсін.
Басқа 16
Облыс әкімінің 2001 жылы
«21» наурыздағы
№108 шешіміне
№1 қосымша
Өр суын апатсыз өткізу жөніндегі іс-қимылға басшылық жасау мен үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы
Тармақ 1
1. Нұрпейіс Мақашұлы Мақашев облыс әкімнің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Арыстанғали Қуанайұлы Әшімғалиев Облыстық құрылыс және коммуналдық тұрғын үй басқармасының бастығы
Тармақ 3
3. Серік Қасымбекұлы Ақтанов «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Рзабек Дәулетұлы Артығалиев Жылыой ауданының әкімі
Тармақ 5
5. Ғибадолла Ғалиаскерұлы Жұмағалиев Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Ұзаққали Биялайүлы Елеубаев Махамбет ауданының әкімі
Тармақ 7
7. Борис Харесүлы Зиганшин «Қазақстантеміржолы» РМК Атырау тасымалдау бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Ғизат Кенжиғалиев «Казгидромет» РМК «Атырау гидрометорология орталығы» еншілес бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Бисен Отарұлы Қуанов «Атыраусушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. Сағидолла Саламатұлы Құлғалиев Индер ауданынң әкімі
Тармақ 11
11. Самат Сембайұлы Қошқалиев «Атырау халықаралық аэропорты» ААҚ-ның бас директоры (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Ризуан Мұғаепов «Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы» бірлестігінің бастығы
Тармақ 13
13. Нұртас Мұхтарұлы Мухтаров Исатай ауданың әкімі
Тармақ 14
14. Әлібек Ибатоллаұлы Наутиев Қызылқоға ауданың әкімі
Тармақ 15
15. Рысқали Ғабдығапарұлы Сисатов Құрманғазы ауданың әкімі
Тармақ 16
16. Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов Атырау қаласының әкімі
Басқа 33
Облыс әкімінің 2001 жылы
«21» наурыздағы
№108 шешіміне
№2 қосымша
2001 жылғы өр суын апатсыз өткізу жөніндегі шаралар
№
Атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1.
Өр суын қабылдау және өткізу жөніндегі жасақталған шаралар жоспарын жасақтаумен бірге су тасқынына қарсы қалалық штабтар құру
15 наурызға дейін
қала мен аудан әкімдері
2.
Су басу және су астында қалу қаупіне үшырған қорғаныс бөгеттерді, құрылыстар мен елді мекендерді түгендеу
20 наурызға дейін
Барлық дейңгейдегі әкімдер
3.
1) қала мен аудандар, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын су тасу қаупі жөнінде хабардар етудің схемасын нақтылау
2) көшіру бағыттарын қайта қарау
3) тұрғындарды табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындыққа оқыту
4) қызметтерді жергілікті жағдайдағы қолданылатын іс-қимылға жаттықтыра отырып оқыту
5) кәсіпорындар мен ұйымдарды су тасқынына қарсы шүғыл жұмыстарға тарту схемасын нақтылау
25 наурызға дейін
Облыс төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, барлық деңгейдеге әкімдер
4.
Облыс бойынша су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты күнделікті
Су тасқыны кезенде
«Казгидромет» РМК Атырау гидрометеорология орталығы еншілес кәсіпорны, «Жайык-Каспий» бассейндіқ су шаруашылығы басқармасы
5.
Ылғал қорын анықтау мақсатымен Жем, Ойыл, Сағыз өзендері бассейнін тінкшақпен айналып үшып өту
Жағдайға қарай
Облыстық штаб
6.
Барлық көпір өткелдерді апаты су жинақтаушылар мен айналма жолдарда жиналып қалған қоқыстардан тазарту
-көпірлерді салу мен қайта жаңғыртуда салынған уақытша айналма жолдарды және арналар мен өзектердегі қосқыш құрылғыларды жобалық қималаға дейін жеткізіп, түсіріп, ажырату;
-жер жұмыстарын жүргізу үшін техниканы дайындау және республикалық, жергілікті маңызы бар автожолдарда материалдарды дайындау.
25 наурызға дейін
Атырау автомобиль жолдары басқармасы, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалы, «Облыс жолдары» КМК
7.
Жайық өзені бойындағы Махамбет пен Шароновка өзені бойындағы Ганюшкин гидробекеттерін қалпына келтіру. Жем өзені бойында Ақмешіт гидробекетін ашу
15 наурызға дейін
«Казгидромет» РМК Атырау гидрометеорология орталығы еншілес кәсіпорны
8.
Өр судын өтуі мен елді мекендердегі қорғаныс бөгеттерін күшейту жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін валдары тосқауылдар мен жалғамаларды алып тастау
20 наурызға дейін
Барлық дейңгейдегі әкімдер
9.
Су тасқынына байланысты койылған Жайық өзені арқылы өтетін мүнайқұбырлары өткелдерінің жай-күйін зертеу;
Өзен-Атырау-Самара мүнай құбырының су өткізгіш құбырларын тазалау; Мунай құбырлары мен су жүйелер бойындағы барлык желінді бурандамаларды тексеру. Каналдарда, өзекте және табигі арналар арқылы салынған уақытша өткелдердің инженерлік коммуникацияларды, газ құбырларды өр суының өтуіне кедергі келтірмейтін қимаға дейін тазартып, алып тастау
20 наурызға дейін
«Казтрансойл»ЖАК, АББ «Атырау ҒО», «Орта Азия интергаз» ЖАҚ, «Қазақстантеміржолы» РМҚ
10
Қызылқоға ауданындағы Ералиев гидротарабын өр суын қабылдауға дайындау
20 наурызға дейін
«Атыраусушар»РМҚ
11
Тасқын суды көлтабандар мен шабындық алқаптарды толтыру үшін жоғары дәрежеде пайдалану
Су тасқыны кезеңде
Облыстк ауылшаруашылық басқармасы, аудандар әкімдері
12
Өзендердегі теплоходтарды, брандталарды, насосты станциаларды, паром өткелдері мен басқада жүзбелі жабдықтарды көктемгі су тасқыны кезінде жоғары дәрежде пайдалануға дайындау
Су тасқыны кезенде
«Атырауөзенпорты» АҚ, көлік бақылау басқармасы теплоходтар, насосты станциалар, паромдар және бранд бахтылар иелері
13
Елді мекендерді су басу қауіпінен құтқару мақсатында тасқын судың табиғи арналар мен каналдар арқылы кедергісіз өту мүмкіндігін қарастыру
Су тасқыны кезеңде
Облыстық штаб, қала мен аудандар әкімдері, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Атыраусушар» РМК Облыстық санэпидемстансасы
14
Облыстың негізгі су қоймаларындағы судың сапасын айыруға тұракты бақылауды жүзеге асыру
Тұрақты
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы
15
Су тасқынына ұшырайтын аудандармен және облыс орталығымен автомобиль қатынастары үзіліп қалу каупі бар елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік пункттерді медикаментермен қамтамасыз ету
20 наурызға дейін
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
16
Қаупті жұқпалы аурулардың болдырмау мақсатында су басу және мәйіттердің су асында қалу аймағында қорғаныс құрылыстардың қорғау мен қорғаныс ғимараттарды жасақтау жұмыстарын жүргізу
25 наурызға дейін
Барлық деңгейдегі әкімдер обаға қарсы күрес стансасы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Атырау облыстық төтенше
жағдайлар жөніндегі басқарма
бастығы полковник Ғ.Жұмағалиев
«7» наурыз 20011 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Атыраусушар»
РМК директоры Б.Қуанов
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Казгидромет» республикалык
мемлекеттік кәсіпорның Атырау
гидрометеорология орталығы еншілес
кәсіпорының бастығы Ғ. Кенжеғалиев
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
Облыстық ішкі істер басқарма
бастығы полиция полковнигі Қ. Мырзабаев
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Атырау-Жарық» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
А. Рахманов
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Жайық-Каспий бассейндік
су шаруашылығы» бірлестігінің бастығы
Р.Мұғаепов
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
Облыстық телекоммуникация
дирекциясының бастығы А. Ибрашев
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Қазақавтожол» республикалық
мемлекеттік кәсіпорының Атырау
филиалының директоры С. Ақтанов
«14» наурыз 2001 ж
«СОГЛАСОВАНО»
Начальник Атырауского отделения
перевозок Республиканского государственного
предприятия «Казахстантемиржолы» Б. Зиганшин
«14» марта 2001 г
«СОГЛАСОВАНО»
Начальник областного управления
транспортного контроля Е. Курмангалиев
«14» марта 2001 г
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Атырауөзенпорты»
Ақционерлік қоғам президенті
М.Четырин
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
Атырау облыстық автомобиль
жолдары басқармасының
міндетін атқарушысы Ж. Бисенов
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Қазақстантеміржолы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорының
Атырау тасымалдау бөлімшесінің бастығы
Б. Зиганшин
«14» наурыз 2001 ж
«КЕЛІСІЛГЕН»
Облыстық көлік бақылау
басқармасы бастығы
Е.Құрманғалиев
«14» 2001 ж
Басқа 34
Облыс әкімінің 2001 жылы
«21» наурыздағы
№108 шешіміне
№3 қосымша
2001 жылғы су тасқынына қарсы шараларды өткізуге қажетті қаражат
№
Атауы
Қаражат
1.
Атырау қаласы (қорғаныс бөгеттерді бекітуге)
5,8 млн.теңге
2.
Махамбет ауданы (қорғаныс бөгеттерді бекітуге)
2,3 млн.теңге
3.
Индер ауданы (қорғаныс бекітуге)
1,2 млн.теңге
4.
Жылыой ауданы (қорғаныс бекітуге)
2,5 млн.теңге
5.
Қызылқоға ауданы (қорғаныс бекітуге жөніндеге жұмыстарды жүргізуге)
1,8 млн.теңге
6.
Құрманғазы ауданы (қорғаныс бекітуге)
2,5 млн.теңге
7.
Су тасқынына ұшыраған елді мекендерді айналып ұшып өту
2,5 млн.теңге
8.
«Казгидромет» РМҚ «Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес кәсіпорны (үзіліссіз жұмыс істеу және қосымша гидробекеттер ашу үшін)
1,4 млн.теңге
9
Махамбет ауданының Таңдай участгіндегі Бақсай каналының бойындағы суағар қондырғыларын салу және Бақсай каналының өзекшелерін тазалау
18,13 млн.теңге
10
Индер ауданыдағы Алғабас-Жарық каналының өзекшелерін тазалау
5,2 млн.теңге
Барлық қажетті қаражат көлемі
43,33 млн.теңге