О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения Республики Казахстан, на 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің 2001 жылға арналған Ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 167 шешімімен.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» облыстық бюджеттік бағдарламаның орындалуына бақылауды жузеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстық маслихаты, ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының емдеу - сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің 2001 жылға арналған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2000 жылғы 18 шілдедегі «Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген ауруларға жол шығынның өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің 2000 жылға арналған Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 3. 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің
Қостанай облыстық маслихатының
2001 жылғы 26 сәуірдегі
№ 113 шешімімен
бекітілген қосымша
2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емдеуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмекті (әрі қарай-әлеуметтік көмек) аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (әрі қарай — уәкілетті орган) көрсетеді. Әлеуметтік көмек алуға құқылы және емделуге 2000 жылы барып қайтқандар , егер олар 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін уәкілетті органға өтініш жасаған болса, жол жүруге байланысты шығынға өтем алуға құқылы.
Атаулы әлеуметтіқ көмек көрсету жөніндегі комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмекті тағайыңдау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтықтары жоқ адамдар, егер отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы жиынтық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмектің аталған түрі отбасының табысына қарамастан азаматтардың төмендегі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге;
Тармақша 2
2) 1,2,3 топтағы мүгедектерге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысынына қатысушыларға, мүгедектерге;
Тармақша 4
4) Чернобыль АЭС және басқа ядролық апаттардан зардап шеккендерге;
Тармақша 5
5) жасанды иммунды тапшылық вирусы жұққан немесе осы аурумен ауыратындарға;
Тармақша 6
6) онкология , гематология ауруларымен ауыратындарға;
Тармақша 7
7) диабет ауруларына;
Тармақша 8
8) жүректі, бүйректі, бауырды көшіріп отырғызу операциясынан кейінгі жағдайдағыларға;
Тармақша 9
9) инфаркт ауруларына (бірінші алты айда)
Тармақша 10
10) жүрек қақпақшасын протездеу операциясынан жағдайдағыларға (антикоагулянты).
Тармақ 4
4. Сонымен қатар әлеуметтік көмек, егер дәрігерлік-кеңестік комиссияның тұжырымында ауруды алып жүру қажеттілігі көрсетілсе, ауруды алып жүрген бір адамға беріледі.
Аталған жағдай 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тарамайды, өйткені әлеуметтік көмек ауру балаға, оны алып жүрген ата- ананың біреуіне, асырап алушыға, қамқоршыға, немесе кәмелетке толған жақын туысына беріледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу
2. Әлеуметтік көмек алу
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (ары қарай-арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген адамдардың келісімімен отбасының әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын зерттейді. Арыз беруші бас тартса әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады Комиссия тексеру нәтижесі бойынша акт жасайды, актіге комиссия мүшелері қол қояды. Аталған актімен арыз беруші жазбаша түрде қол қойып танысады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына зандылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті түрде қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) облыстық денсаулық басқармасының емделуге емдеу-сауықтыру және Қазақстан Республикасының басқа денсаулық сақтау мекемелеріне берген жолдамасы. Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты түлғаның қолы мөрмен расталады:
Тармақша 2
2) темір жол көлігімен, не автобуспен жүрген қүжаттар ұсынылады.
Тармақ 8
8. Бұдан басқа төмендегі құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 2 тармағында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін: жиынтық табысты есептеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес отбасының кірісінің жоқтығын, не барлығын растайтын құжаттар.
Тармақша 2
2) 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін: туу туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақша 3
3) 1,2,3 топтағы мүгедектер үшін:
медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияның мүгедектікті анықтау анықтамасының көшірмесі.
Тармақша 4
4) Чернобыль АЭС және басқа ядролық апаттан зардап шеккен азаматтар үшін:
азаматтың көрсетілген әлеуметтік дәрежесін растайтын куәліктін көшірмесі.
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары үшін: азаматтың көрсетілген әлеуметтік дәрежесін растайтын куәліктің көшірмесі
Тармақша 6
6) төмендегі аурулары барлар үшін диабет (қантты, қанттысыз), инфарқт (бірінші алты ай); онкологиялық, гематологиялық аурүлар;
жүректі, бүйректі, бауырды көшіріп отырғызу операциясынан кейінгі жағдайдағылар;
жүрек қақпақшасын протездеу операциясынан кейінгі жағдайдағылар (антикоагулянты);
жасанды иммунды тапшылық вирусы жұққан немесе осы аурумен ауыратындар.
Аталған аурулармен ауыратындықтары туралы дәрігерлік кенестік комиссиянын анықтамасының көшірмесі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқаларын, не белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған көшірмелерін тапсыруға болады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Комиссия әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық кұжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді, ол туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 11
11. Жол жүру құжаттары болмаса әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген сырқат адамдарға жүруге байланысты шығынды өтеудегі әлеуметтік көмек, жол жүру құжатының негізіне сәйкес (бару және келу), темір жол көлігі немесе жолаушы автобусымен жол жүру құнының 100 % көлемінде көрсетіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 13
1З. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, есептеп, ай сайын облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді, облыстық басқарма жалпы тізім жасап, ай сайын облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу, тиісті операциялар түріне Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар, заңмен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдар арқылы іске асырылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық), енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қөрғау басқармаларының ұсынылған тізімдеріне сәйкес іске асырулады.