Об утверждении внутренних Правил кредитования и потребности в кредитных средствах сельхозтоваропроизводителей области для проведения весенне-полевых и уборочных работ 2001 года Қолданыста
Басқа 0
Облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2001 жылғы көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн несие бөлудiң iшкi ережесi мен несиелiк қаржы жөнiндегi қажеттiлiктi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң 2001 жылғы 10 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржы бөлу туралы" № 485, 2001 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 сәуiрдегi № 485 және 2001 жылғы 18 сәуiрдегi № 503 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" № 652 қаулыларына сәйкес және облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуын, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2001 жылғы
көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн несие бөлудiң iшкi
ережесi бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерiне бөлiнетiн несиелiк қаржы
қажеттiлiгi 61300 мың теңге сомасында бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Несиенi өтеу мерзiмi 2001 жылғы 15 қарашаға дейiнгi мерзiмге
белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р. С.
Халмұрадовқа жүктелсiн.
Басқа 5. Облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2001 жылғы
көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн несие
бөлудiң iшкi ережесi
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
28 мамырдағы № 164
шешiмiне № 1 қосымша
Облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне 2001 жылғы
көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн несие
бөлудiң iшкi ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржы бөлу туралы" № 485 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 сәуiрдегi № 478 қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 сәуiрдегi № 485 және 2001 жылғы 18 сәуiрдегi № 503 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" № 652 қаулылары негiзiнде әзiрлендi және 2001 жылға арналған облыстық бюджеттiң "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзуге несие бөлу" бағдарламасында қарастырылған несиелiк ресурстар есебiнен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн уақытша қаржылай қолдаудың тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
несие берушi - облыс қалалары мен аудандарының әкiмияттары;
бағдарламаға әкiмшiлiк етушi - облыстық ауыл шаруашылығы департаментi;
қаржы органы - облыстық қаржы департаментi;
бюджет несиесi - аудандық және қалалық әкiмияттардың бюджеттен мерзiмдiлiк, қайтармалы және қамтамасыз ету шарттарымен беретiн ақшасы;
заемшы - түпкi заемшы бюджеттен несие алған заңды немесе жеке тұлға;
бюджет несиесi бойынша берешек - заемшының бюджет несиесiн өтеу мен қызмет көрсету кестесiне сәйкес белгiлi мерзiмде төлемеген қаржы мөлшерi.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелендiру қаржы департаментiнiң несиелiк қаржыны облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне беруi арқылы жүзеге асады, ал ауыл шаруашылығы департаментi несиелiк қаржыны түпкi заемшыларға беру үшiн аудандық, қалалық әкiмияттарға аударады. Бюджеттiк несиелердi беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес несиелiк шартпен ресiмделедi.
Тармақ 3
3. Бағдарламаға әкiмшiлiк етушi - облыстық ауыл шаруашылығы департаментi облыс аудандары мен қалаларының әкiмдерiмен несиелiк қаржы бөлу және оның белгiленген мерзiмде қайтарылатындығын қамтамасыз ету туралы келiсiмге отырады.
Тармақ 4
4. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi несиелiк қаржыны түпкi заемшыларға аудару және шоттарына келiп түсуi үшiн қазынашылық органдарында ағымдағы бюджеттiк шот ашады.
Тармақ 5
5. Түпкi заемшыларға несие сыйақының нөлдiк ставкасымен берiледi.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиелендiрудiң мiндеттi шарты несие берушiнiң мүддесiн қорғау, несие тәуекелiнiң туындауын төменгi деңгейге жеткiзу болып табылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттiк несиелендiру процесiнде аудандар мен қалалар әкiмдерi мен түпкi заемшылар арасында несие шарты жасалынады.
Тарау 2. 2. Бюджеттiк несиелендiрудiң бағыттары
2. Бюджеттiк несиелендiрудiң бағыттары
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несиелер ағымдағы жылға арналған тиiстi бағдарламада қарастырылған қаржы мөлшерiнiң шегiнде берiледi. Осы Ережеде қарастырылған бюджеттiк несиелендiрудiң бағыты ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн жанар-жағармай материалдарымен, тұқым, тыңайтқыш, гербицидпен, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектермен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары
3. Бюджеттiк несиелердiң түрлерi мен нысандары
Тармақ 9
9. Бюджеттiк несиелердi беру нысаны бойынша бюджет қаржысының шығыстар нұсқасына сәйкес аудандар мен қалалар әкiмияттарына бюджеттiк несиенi бiр жолға аудару жолымен берiлетiн мерзiмдi несие болып табылады.
Тармақ 10
10. Бюджеттiк несиелер беру мерзiмi бойынша 2001 жылғы 15 қарашаға дейiн өтелуi тиiс қысқа мерзiмдi несие түрiнде берiледi.
Тармақ 11
11. Бюджеттiк несиелер ұлттық валюта түрiнде берiледi.
Тармақ 12
12. Нақты бюджет бағдарламаларының шеңберiнде бюджеттiк несиелендiрудiң шарттары:
бюджет есебiнен несиелендiрiлетiн жобалардың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн көктемгi дала және егiн жинау жұмыстары үшiн жанар-жағармай материалдарымен, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектермен, сондай-ақ олардың ауыл шаруашылығы техникасын жалға және сатып алуын қамтамасыз етуге бағытталуы;
түпкi заемшының банк мекемелерiнде несиелер бойынша, қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған салық, зейнетақы және басқа да төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы;
түпкi заемшының бағдарламаларға әкiмшiлiк етушi және аудандар мен қалалар әкiмияттарының белгiлеген тiзбесi бойынша құжаттар пакетiн ұсынуы;
берiлетiн несие сомасының лимитi аудандар мен қалалар әкiмияттарының белгiлеген жұмыс көлемiне қарап белгiленедi.
Тарау 4. 4. Бюджет несиесiн берудi ұйымдастыру
4. Бюджет несиесiн берудi ұйымдастыру
Тармақ 13
13. Аудандар мен қалалардың әкiмияттары:
түпкi қарыз алушыларды iрiктеп, олардың тiзiмiн бекiтедi;
көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн - заемшыларды жанар-жағармай материалдарымен, тұқыммен, тыңайтқышпен, гербицидтермен, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу немесе сатып алу үшiн қажеттi бюджет несиесiнiң мөлшерiн анықтайды;
заемшылардың бөлiнген бюджет несиесiн пайдалануына бақылау орнатады;
бюджет несиесiнiң өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. Аудандар мен қалалардың әкiмияттары заемшымен несиелiк шартқа
тұрады және оған қатысты құжаттарды (кепiл туралы шартты, кепiлдiктi,
бюджеттiк несиенi өтеу кестесiн, т.б.) жасайды;
Тармақ 15
15. Тізiлген несие шарттары сол күннен бастап үш күндiк мерзiмде
қаржы органдарында тiркелуi тиiс.
Тармақ 16
16. Несиелiк шартта мiндеттi түрде несие берудiң және оны өтеудiң
нысаны, мөлшерi, мерзiмi мен басқа да шарттары, мiндеттемелерi, несиенi
қайтаруды қамтамасыз ету тәсiлдерi, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi,
шарт талаптары орындалмаған жағдайдағы санкция, дауларды шешу тәртiбi,
шарттың әрекет ету мерзiмi қарастырылуы керек.
Тармақ 17
17. Тараптардың бюджеттен несие беру барысында туындаған барлық
даулары мен түсiнбеушiлiктерi несиелiк шартта белгiленген тәртiппен және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Тарау 5. 5. Бюджет несиесiн өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң
тәртiбi
5. Бюджет несиесiн өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң
тәртiбi
Тармақ 18
18. Негiзгi қарызды өтеудi жасалынған несиелiк шартқа сәйкес заемшы
жүзеге асырады.
Бұл орайда мынадай төлемдер ретi белгiленедi:
есептеп шығарылған айыппұлдар мен өсiмдер;
негiзгi қарыздарды өтеу.
Тармақ 19
19. Несиелiк шартта тараптардың қалауы бойынша қарызды мерзiмiнен
бұрын өтеу құқығы қарастырылуы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Аудандар мен қалалардың әкiмияттары бюджет несиесiнiң мақсатсыз жұмсалу фактiсi анықталған жағдайда заемшыдан дұрыс пайдаланылмаған несие мөлшерiн өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 21
21. Бюджет несиесi белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда, облыстық қаржы департаментi бағдарламаға әкiмшiлiк етушiнiң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы "Республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен берiлген бюджеттiк несиелер бойынша өтелмеген қарыздар мөлшерiн жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен шығару ережесiн бекiту туралы" № 46 бұйрығына сәйкес бюджеттiк несиенiң мөлшерiн аудандық және қалалық әкiмияттардың есебiнен шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Заемшы бюджеттiк несие бойынша негiзгi қарыздарын несиелiк шартта көрсетiлген мерзiмде қайтармаған жағдайда, жинақталған қарызға кешiктiрiлген әрбiр күн үшiн несие бойынша қарыздың 0,1 пайызы мөлшерiнде айыппұл қосылады.
Тармақ 23
23. Заемшыда бюджеттiк несие бойынша қарыз жинақталған жағдайда және оны несиелiк шартта белгiленген мерзiмде өтей алмаса, аудандар мен қалалардың әкiмияттары қарызды қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай тиiстi шараларды қолданады:
кепiлгерге (тапсырушыға) заемшының қарыздарын заңдарда белгiленген тәртiпте өтеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi құжаттарды жiберудi;
қолданыстағы заңдарға сәйкес кепiл жөнiндегi шарт негiзiнде заемшының кепiлге қойған мүлкiн өткiзудi;
заемшының төлем талабын заемшы несие берушiнiң пайдасына шешу үшiн жолын берген өзге тұлғаға ұсынуды;
қарызды өндiрiп алуды сот тәртiбiмен жүзеге асыруды, сот арқылы заемшыны Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес банкрот деп жариялауға дейiн баруды.
Тармақ 24
24. Бюджет есебiнен берiлген несие аудандар мен қалалар әкiмияттарының облыс бюджетiне бюджеттiк несие мөлшерiн толық қайтарғаннан кейiн өтелдi деп саналады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиенi есепке алу және бақылау
Тармақ 25
25. Барлық бюджеттiк несиелер аудандық және қалалық әкiмияттардың жасалынған несиелiк шарттар жөнiндегi, бюджеттiк несиелердiң қаржы департаментi белгiлеген нысанда және мерзiмде нақты берiлуi, қызмет көрсетiлуi және өтелуi туралы жүйелi беретiн есептерiнiң негiзiнде
облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң орталықтандырылған есебiне
алынуы тиiс.
Тармақ 26
26. Бюджеттiк несиелердiң игерiлуiне, мақсатты пайдаланылуына,
уақтылы және толық қайтарылуына бақылау жасауды бағдарламаға әкiмшiлiк
етушi жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Бюджеттiк несиелердiң тиiмдi пайдаланылуына баға берудi облыстық
ауыл шаруашылығы департаментi жүргiзедi.
Тармақ 28
28. Бағдарламаға әкiмшiлiк етушi бақылау мақсатында аудандық және
қалалық әкiмияттардан бюджеттiк несиеге байланысты қажеттi ақпараттарды
талап етуге құқылы.
Тармақ 29
29. Несиелердi қайтару тәртiбi 501510 "Жергiлiктi бюджеттен берiлген
түрлi несиелердi жабу" коды бойынша аудару арқылы жүргiзiледi.
Басқа 41. Аудандар мен қалалардың 2001 жылғы көктемгi дала және егiн
жинау жұмыстарын өткiзуi үшiн жанар-жағармай, тұқым,
тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы
бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға
немесе сатып алуға несие қаржысының қажеттiлiгi
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
28 мамырдағы N 164
шешiмiне № 2 қосымша
Аудандар мен қалалардың 2001 жылғы көктемгi дала және егiн
жинау жұмыстарын өткiзуi үшiн жанар-жағармай, тұқым,
тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы
бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға
немесе сатып алуға несие қаржысының қажеттiлiгi
№
Аудандар мен қалалардың аты
мөлшерi
(млн. теңге)
1.
Бәйдiбек
4.0
2.
Қазығұрт
5.0
3.
Ордабасы
5.0
4.
Отырар
2.7
5.
Сайрам
6.0
6.
Сарыағаш
6.0
7.
Созақ
2.0
8.
Төлеби
5.0
9.
Мақтарал
8.0
10.
Түлкiбас
4.0
11.
Шардара
6.0
12.
Арыс қаласы
2.0
13.
Кентау қаласы
0.6
14.
Түркiстан қаласы
5.0
Облыс бойынша
61.3