Об организации отдыха и оздоровления детей и подростков летом 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
Балалар мен жасөспірімдердің 2001 жылдың жазында демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2004 № 194 қаулысымен.
Казақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылгы 18 сәуірдегі № 504 «Балалар мен жасөспірімдердің 2001 жылдың жазғы кезеңінде демалуын, суықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысын орындауда және балалар мен жасөспірімдердің 2001 жылдың жазғы кезеңінде демалуын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын, олардың шығармашылық жағынан дамуын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ, кәмелетке жасы толмағандардың тәртіп бұзушылығының, қылмысының және қараусыз қалуының алдын алу максатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалар мен жасөспірімдердің 2001 жылдың жазында демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың калалары мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) облыстың калалары мен аудандарында ұқсас комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) мыналарды қамтамасыз етсін:
олардың материалдық-техникалық базасының нығайтылуына баса көңіл бөле отырып, барлық үлгідегі лагерлердің уақытында дайын болуын, жөнделуін және жұмысын, жетім балалардың, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың, көп балалы, аз қамтылған, толық емес және жұмыссыздар отбасыларындагы балалардың, мугедек балалардың демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыруды;
қала сыртындағы, еңбек, сауықтыру, мектеп жанындағы лагерлерде пайдаланылатын су және азық-түліктің сапасын;
Тармақша 3
3) кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс icтeп тұрған санаторий-профилакторийлерімен келісе отырып, олардың базасында, жоғарыда келтірілген санаттағы балалардың сауықтырылуын ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөліміне жазғы сауықтыру науқаның өткізуге дайындықтың барысы туралы 25 мамырға дейін ақпарат түсірсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қостанай облысының білім департаменті (Г.Г. Шек) және оның жергілікті органдары:
Тармақша 1
1) қала сыртындағы лагерлері бар облыстың жоғарғы оқу орындарымен, кәсіпорындар және ұйымдар басшыларымен келісе отырып лагерлерді тәрбиеші кадрларымен, вожатыйлармен және қолданылып журген (еңбек заңнамасына сәйкес басқа да қызметкерлермен жасақтасын;
Тармақша 2
2) облыстың жалпы білім мектептері жанынан демеушілер мен ата-аналардың қаражаты есебінен балалардың күндіз болатын және тамақтанатын сауықтыру лагерлерін құрсын;
Тармақша 3
3) облыстың кәсіподақ, орталығымен келісе отырып балалардың өмірі және денсаулығын қорғау жөніндегі міндетті нұсқаулықпен таныстыра келіп сауықтыру лагерлерінің басшылары және аға вожатыйларымен оқу өткізсін;
Тармақша 4
4) «Юный строитель», «Алау» сауықтыру лагерлерінің балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін сауықтыру мен демалту үшін дайын болуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін және аз қамтылған отбасыларының балаларын сауықтыру мен демалдыруға байланысты іс-шараларды олардың шығыстар сметасы шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов), облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.Ә. Қожмұхаметов) барлық түрдегі жазғы сауықтыру мекемелерінің дайындығы және пайдалану барысына қатаң санитариялық-гигиеналық бақылау орнатсын. Балалардың жазғы демалысына даярланбаған жазғы сауықтыру мекемелерін пайдалануға тыйым салсын.
Тармақ 6
6. Облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.Ә. Қожмұхаметов), облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (Ә.А. Алпысов), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (С.Т. Ахметов) жергілікті жерлердегі комиссиялармен бірлесе отырып 2001 жылғы 10 маусымға дейін мыналарды жүзеге асырсын:
Тармақша 1
1) сауықтыру лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін қабылдап алсын;
Тармақша 2
2) суға түсетін жерлерді, жағажайларды жабдықтасын, оларды құтқару құралдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) олардың әркайсысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жағдайлар жасасын.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (Н.М.Дейхин) балаларды еңбек ететін және демалатын жерлерге жеткізуді жүзеге асыратын көліктерді шығарып салуды қамтамасыз етсін, сауықтыру лагерлерінде, еңбек және демалыс лагерлерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар 2001 жылдың 25 мамырынан 10 маусымына дейін, мүдделі ведомстволардың мамандарын тарта отырып, балаларды сауықтыру мекемелерінің даярлығына байқау және қабылдау өткізсін.
Тармақ 9
9. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалуы бойынша қаржыландырылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін (3 қосымша).
📌 Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.06.2001 № 71 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 22. Балалар мен жасөспірімдердің 2001 жылдың жазында демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 21 мамырдағы
№ 62 қаулысына 1 қосымша
Балалар мен жасөспірімдердің 2001 жылдың жазында демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Ертаева Балбөпе Ғалымжанқызы - облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Ахметов Қазымбек Жармағамбетұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Бақов Ерік Тұрсынбекұлы - облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары
Головко Владимир Иванович - облыстық ІІБ бастығының орынбасары
Дудник Елена Владимировна - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Колесник Василий Николаевич - білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Кудревская Галина Гавриловна - облыстық білім департаментінің бас маманы
Скарбовийчук Вера Пантелеевна - облыстық қаржы департаменті директорының орынбасары
Суханова Хадиша Ақынтайқызы - облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасы балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы бөлімінің меңгерушісі
Шәйкенов Амангелді Бидәулетұлы - ҚР Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 23. 2001 жылдың жазғы сауқтырылу науқанын өткізуге
дайындықтың барысы туралы
есеп
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 21 мамырдағы
№ 62 қаулысына 2 қосымша
2001 жылдың жазғы сауқтырылу науқанын өткізуге
дайындықтың барысы туралы
есеп
Сауықтыру лагері:
- лагерлер саны
- ауысым саны
- бір ауысымның толықтырылуы
Еңбек және демалыс лагері:
- лагерлер саны
- ауысым саны
- бір ауысымның толықтырылуы
Мектеп жанындағы тамақтандыратын сауықтыру алаңдары:
- алаңдар саны
- ауысым саны
- бір ауысымның толықтырылуы
Мектеп жанындағы тамақтандырмайтын сауықтыру
- алаңдар саны
- ауысым саны
- бір ауысымның толықтырылуы
Өндірістік бригадалар:
- бригадалар саны
- ауысым саны
- бір ауысымның толықтырылуы
Жөндеу отрядтары:
- отрядтар саны
- ауысым саны
- бір ауысымның толықтырылуы
Жасөспірімдердің еңбек биржасы:
Жеке еңбекке орналасу:
Демалу мен сауықтырудың басқа нысандары:
- шетелде демалу (адам саны)
- шатырлы лагерлер (саны), олардағы адам
- велосипед жарыстары (адам саны)
- басқа нысандар
Басқа 24. Балалар мен жасөспірімдердің жазға демалуы бойынша
қаржыландырылатын ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкіміятының
2001 жылғы 21 мамырдағы
№ 62 қаулысына 3 қосымша
Балалар мен жасөспірімдердің жазға демалуы бойынша
қаржыландырылатын ұйымдардың тізбесі
📌 Ескерту. Қаулы 3-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 04.06.2001 № 71 қаулысымен.
Тармақ 1
1. «Сосновый бор» - қалалық және селолық жерлердегі
санаторий ААҚ мектеп оқушыларының медициналық
қызмет көрсетіле отырып демалуы.
Тармақ 2
2. «Затобол медицина орталығы» - селолық жерлердегі мектеп
ЖАҚ оқушыларының медициналық қызмет
көрсетіле отырып демалуы.
Тармақ 3
3. «ІІБ» МКК - сауықтырылу демалуы.
Тармақ 4
4. «Дружба» санаторий» МКҚК - селолық жерлердегі мектеп
оқушыларының, дарынды балалардың
медициналық қызмет көрсетіле отырып
демалуы.