Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 2001 года Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің
демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды
ұйымдастыру туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.01.2002 № 3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы» 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 504 қаулысын орындау үшін және балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамту, олардың шығармашылық дамуына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ 2001 жылдың жазғы кезеңінде кәмелетке толмаған балалардың бақылаусыздығының, құқық бұзушылығы мен қылмыс жасаушылығының алдын алу мақсатында әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық білім басқармасы:
Тармақша 1
1) 2011 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени шаралар өткізуге қаралған қаржы есебінен сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектер тарту арқылы ұйымдастырып, өткізсін;
Тармақша 2
2) 2001 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнінде қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
Тармақша 3
3) барлық лагерлер мен демалыс аймақтарын есепке алуды жүргізсін, бос тұрған және иесіз лагерлердің болуына жол бермесін;
Тармақша 4
4) 2001 жылдың жазғы кезеңіне балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтыру және жұмыспен қамту бағдарламасын облыстың, қала мен аудандардың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа қажеттілігін ескере отырып, әзірлесін және бекітсін;
Тармақша 5
5) жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балаларын, көп балалы, толық емес отбасылардың балаларын, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балаларды, мүгедек балаларды бірінші кезекте демалтуды және сауықтыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) балалар мен жасөспірімдердің күндіз болатын сауықтыру лагерлері желісін дамытуға жәрдемдессін;
Тармақша 7
7) жалпы білім беретін мектептер, мектептен тыс ұйымдар жанынан лагерлер, еңбек және демалыс лагерлерін, мектеп орманшылықтарын ұйымдастырсын;
Тармақша 8
8) жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, оларға каникул кезінде еңбек заңнамаларына сәйкес жеңіл жұмыстардан уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде шаралар алсын;
Тармақша 9
9) жазғы каникул кезінде барлық мектептен тыс ұйымдарда үйірмелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 10
10) балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, олардың судағы қауіпсіздігін, сондай-ақ балаларды сауықтыру ұйымдарында өрт қауіпсізідігін қамтамасыз етсін;
Тармақ 2
2. Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы:
Тармақша 1
1) балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңіндегі демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды өткізуге мәдениет мекемелерінің қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтуға әзірлік пен өткізу барысын жарияласын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы:
Тармақша 1
1) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балаларды сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) жазға каникул кезінде жолдарда балалардың жарақаттануын азайтудың алдын алу шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық туризм және спорт басқармасы жазғы каникул кезінде:
Тармақша 1
1) спорт ұйымдарының балалармен және жасөспірімдермен жұмысқа қатысуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) балалар және жасөспірімдер үшін бұқаралық спорт сауықтыру шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне тексеру ұйымдастырсын, балалар орналасқан орындардың санитарлық-экологиялық қолайлығын тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) балалар және жасөспірімдерге дәрігерлік қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыру және сауықтыруды ұйымдастыруды бақылауды қамтамсыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма жазғы каникул басталғанға дейін балалардың демалысы, сауықтыру және жұмыспен қамту ұйымдастырылатын жерлерде өртке қарсы жағдайларға тексерулер жүргізсін, оларды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірленсін.
Тармақ 7
7. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссия құрамы қосымшадағыға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Өтемісовке жүктелсін.
Басқа 27. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыстық әкімияттың
2001 жылғы 24 мамырдағы
№ 12 қаулысына
қосымша
Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Шавхат Әнесұлы Өтемісов – облыс әкімінің орынбасары, төраға
Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков – облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Ишанғали Иманбайұлы Әубәкіров – облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Алексей Иванович Бирюков – облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының бастығы
Қайреден Есенғалиұлы Жәкиев – облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығының міндетін атқарушы
Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин – облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Николай Андреевич Маштаков – облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бастығы
Александр Федорович Маючий – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы
Бекет Тельманұлы Мырзахметов – облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Марат Балғазыұлы Нұрғалиев – облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы
Айболат Самиғоллаүлы Сейтақов – «Балдырған» қоғамдық балалар қорының атқарушы директоры
Елена Ивановна Тарасенко – Орал қаласы әкімінің орынбасары
Мақсот Константинұлы Омарғалиев – облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Асқар Шәнгерейұлы Хамитов – облыстық қаржы басқармасының бастығы