Об определении размера расходов на содержание жилища и нормативов потребления коммунальных услуг Атырауской области на 2001 год Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысының 2001 жылға тұрғын үйді ұстауға арналған және коммуналдық қызмет көрсетуді тұтыну шығыны нормативтерінің мөлшерін белгілеу туралы
Облыс әкімінің 2001 жылғы 15 ақпандағы N 68 "2001 жылы Атырау облысының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйлерден басқа) және пайдаланған коммуналдық қызметтер төлемдерін өтеуге көмек көрсету туралы" шешімін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік шиеленістер жағдайын болдырмауды ескеріп, қолданыстағы тарифтер мен нормативтерді сақтауға бағытталған және коммуналдық қызмет көрсету бағасының күрт өсуін болдырмау мақсатында, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есепке алынатын тұрғын үйді ұстау шығыны мөлшерін және коммуналдық қызметті пайдалану нормативтерін (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, лифтімен пайдалану) өзгеріссіз қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау облыстық
басқармасы (Қайрешев С.) тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығын мөлшері мен коммуналдық қызметті пайдалану нормативтерін 2001 жылы тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есепке алынатын облыс әкімінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 437 шешіміндегі тиісті көрсеткіштерге сәйкес жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Т.Мұрсалиеваға жүктелсін.