О проведении призыва граждан на срочную военную службу в апреле–июне 2001 года Қолданыста
Басқа 0
2001 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 19 мамыры және 14 қарашасындағы Заң күші бар Жарлығында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 30 наурыздағы N 578 "Белгіленген әскери қызметі мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 2001 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында тұратын, шақыру күніне дейін 18 жасқа толған 1983 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1974-1983 жылы туған азаматтар 2001 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес қала және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) өз шешімін шақыру комиссиясын құрсын /14-бап, 1-тармақ/, оның төрағалығына өзінің орынбасарларының бірін тағайындасын және шақыру кезінде комиссия мүшелерін өздерінің қызмет міндетін атқаруынан босатсын /35 -бап, 3-тармақ/;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды тиісті Әскери комиссариаттар арқылы ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін /13-бап, 2-тармақ/;
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды тұрғылықты орыннан аудандық /қалалық/ шақыру пунктке дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай, тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге әскери комиссариаттар жолдамасымен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп әкелуді (13-бап, 2-тармақ, 35-бап, 1-тармақ) қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) бағыныш және меншікті түрлеріне қарамай кәсіпорын, мекеме, ұйым, оқу орындары, тұрғын үй пайдалану және үй басқармаларының басшыларынан Қазақстан Республикасы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңының 13 бабының 3 тармағы, 27, 28, 33 баптарына, 35-баптың 3 тармағына сәйкес өз міндеттерін орындауын талап етсін;
Тармақша 5
5) тиісті әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автокөлікпен, байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіпті қорғаумен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметшілер, қызмет көрсетуші адамдармен бірге азаматтардың дәрігерлік тексеруден өтуі үшін емдеу профилактикалық мекемелерден орындар бөлінсін (35-бап, 1-тармақ).
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссариаты (Текеғалиев Н.Б.):
Тармақша 1
1) алынған тапсырмалар есебінен шақыру комиссияларынан дәрігерлік тексерулердің, әскерге шақырушылардың шақыру пункттеріне келіп-кету мерзімі белгіленсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және шақырылған азаматтарды әскерге жөнелту шаралары өткізілсін;
Тармақша 3
3) қалалық және аудандық әскери комиссариаттардан емдеуге бармаған әскери шақырушыларға шара алу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына басшылық етіп, сонымен бірге олардың қызметіне бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясын құрсын (N 1 қосымша) және әскери шақыру жөніндегі мерзімде оның мүшелерін қызметтік міндеттерін орындаудан босатсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әжіғалиева) 2001 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Х.Сағын):
Тармақша 1
1) облыстық дәрігерлік комиссия құрамына тиісті дайындығы бар, тәжірибелі маман дәрігерлер және орта білімді медицина қызметкерлерін (N 1 қосымша), сонымен бірге азаматтардың дәрігерлік тексеруден өтуі үшін емдеу-профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлінсін (N 2 қосымша);
Тармақша 2
2) қала және аудан денсаулық сақтау орындары мен мекемелерінің әскерге шақырушылардың комиссияға келген күнінен бастап қан тобын, резус-факторын, СПИД вирусын анықтау, кеуде орындарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, ЭКГ, бруцеллезге қарсы тексеру жөніндегі шараларды ұйымдастырып орындалуына бақылау жасасын ("Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына, "әскерге шақыруды дайындау және өткізу жөніндегі Ережелердің" 88-бабына сәйкес);
Тармақша 3
3) әскери комиссариаттар тапсырысына сәйкес аудандарға (қалаға), қажет деген жерлерге облыс емдеу мекемелерінен дәрігер мамандар жіберсін;
Тармақша 4
4) қала және аудандардың дәрігерлік комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тәжірибелі маман дәрігерлермен іріктелуі және тиісті шақыру пункттерінің қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-саймандармен, мүліктермен қамтамасыз етілуін бақылауға алсын (35-бап, 1-тармақ);
Тармақша 5
5) денсаулығына байланысты әскерге шақырылу мерзімі кейінге қалдырылған дімкәс жастарды емдеу-сауықтыру, сонымен бірге ауру шақырушыларды есепке алу кабинеттерін, шақырылушылармен сауықтыру шараларын өткізуді ұйымдастырсын (Заңның 8, 11-бап, 2-тармақ).
Тармақ 7
7. Ішкі істер басқармасы (Қ.Мырзабаев):
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде әскери комиссариаттармен бірге пункттерде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырсын, әскерге шақыру комиссияларына белгіленген мерзімде келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, сонымен бірге әскери қызметтен бой тасалау әрекеттеріне тосқауыл қойып, әскери комиссариаттарға жеткізілсін;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариаттың жинақтаушы пункттерінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның күшейтілген нарядын бөлсін, командаларды көлікке отырғызу, жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырылушылар колоннасын (шақырылушылар санына қарамастан) Жол полициясы басқармасы нарядымен бастап шығарып салсын.
Тармақ 8
8. Атырау тасымалдау бөлімшесі (Б.Х.Зиганшин) облыстық әскери комиссариатпен бірлесіп әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жерінен аудандық (қалалық) шақыру пункттеріне және облыстық жинақтау пунктіне дейін және кері қарай, тұрғылықты жерінен қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге дейін және кері қарай әскери комиссариаттар бағытында тасуды жоспарлап, жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, меншіктің барлық түріндегі кооперативтер мен кәсіпорындар басшылары:
Тармақша 1
1) облыстық әскери комиссариат қарамағына әскери міндеттілер арасынан (ер адам) 2001 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанға дейін техникалық қызметкер бөлсін (N 3-қосымша), өазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңының 35-бабының
3-тармағына сәйкес олардың қызмет орны мен орташа айлық жалақысы сақталсын;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариатқа техникалық қызметкерлерді таңдап
алуға рұқсат етілсін. Облыстық әскери комиссариаттың келісімінсіз оларды
басқа адаммен алмастыруға рұқсат етілмесін.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.
Басқа 28
Облыс әкімінің
2001 жылғы 10 сәуірдегі N 135
шешіміне N 1 қосымша
Облыстық әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы
Мақашев Нұрпейс Мақашұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Текеғалиев Нұрболат Бакуұлы - облыстық әскери комиссар, төраға орынбасары
Нұрсейтова Тамара Сәнімқызы - облыстық әскери комиссариат бөлім бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Балғожин Ерлан Әміртайұлы - облыстық әскери комиссариат бөлім бастығының аға көмекшісі
Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы - ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Өтепқалиев Мұса Ризуанұлы - денсаулық сақтау басқармасы бастығының
орынбасары
Облыстық медициналық комиссия құрамы:
Балғожин Ерлан Өміртайұлы - облыстық әскери комиссариаттың дәрігері, төраға
Аққұлова Светлана Әнуарбекқызы - терапевт, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
1. Әбілдиева Шара Жағалбайқызы - тіс дәрігері
2. Қойшығұлова Бибігүл - психиатр
3. Бұлтақова Балғаным Идиатқызы - терапевт
4. Досанова Орынша - фтизиатр
5. Рақымов Қанат Ташуұлы - рентгенолог
6. Сағынәлиев Ибраhим Атынашұлы - мұрын, құлақ, тамақ аурулары
дәрігері
7. Сарыбаев Рустем Сисенғалиұлы - тері аурулары дәрігері
8. Тасқалиев Шалқар Бақтығалиұлы - хирург
9. Темірханова Гүлмира Маратқызы - көз дәрігері
10. Төленова Зәуреш Сиражқызы - жүйке-тамыр ауруларының дәрігері
Емшібике - 4 адам
Басқа 29
Облыс әкімінің
2001 жылғы 10 сәуірдегі N 135
шешіміне N 2 қосымша
әскер қатарына шақырылушылардың стационарлық және
амбулаториялық медициналық тексеруден өтетін емдеу-
профилактикалық мекемелерінің тізбесі
1. Облыстық аурухана, диагностикалық-консультациялық орталығы
(Атырау қаласы, Авангард).
2. Облыстық психиатриялық аурухана (Атырау қаласы, Авангард).
3. Облыстық тері-қан диспансері (Атырау қаласы, Авангард).
4. Облыстық біріккен өкпе аурулары ауруханасы (Атырау қаласы, Қара
өзек аймағы).
5. N 2 қалалық аурухана (Атырау қаласы, Авангард).
6. Облыстық тіс емдеу емханасы, (Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 32).
Басқа 30
Облыс әкімінің
2001 жылғы 10 сәуірдегі N 135
шешіміне N 3 қосымша
2001 жылдың күзгі әскер қатарына шақыру кезеңіне дайындалу және
өткізуге және Қазақстан Республикасы қарулы Күштері қатарын жастармен
толықтырушыларды шығарып салу үшін облыстық әскери комиссариатқа
техникалық қызметкерлер бөлудің кестесі:
№
Ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар атаулары
Бөліну уақыты
Саны
Ескерту
1.
Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасы
1.04-нен-30.06. дейін
1
2.
N 99 құрылыс басқармасы АҚ механизация және байланыс басқармасы
1.04-нен-30.06. дейін
1
3.
"Полиграфия" АҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
4.
ВДЧ-6 вагон депосы
1.04-нен-30.06. дейін
1
5.
"Атыраубалық" АҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
6.
Атырау мұнай құбыры
басқармасы
1.04-нен-30.06. дейін
1
7.
"Ембімұнайқұрылыс" АҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
8.
"Ритхимнефть" АҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
9.
"АтырауЖарық" ААҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
10.
"Атырау жылу және жарық
орталығы" ААҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
11.
"Атырау жолдары" АҚ
1.04-нен-30.06. дейін
1
12.
Қалалық су құбыры
1.04-нен-30.06. дейін
1
Ескерту: Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік
және әскери қызмет туралы" заңына сәйкес әскер қатарына шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлердің, техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетушілердің негізгі жұмыс орнындағы орташа айлық жалақысы сақталады.