О кредитовании сельхозпроизводителей области для приобретения горюче-смазочных материалов, семян, удобрений гербицидов, запасных частей для сельскохозяйственных машин, аренды или покупки сельскохозяйственной техники, на проведение уборочных работ 2001 г. Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылдың егін орағын өткізу үшін облысқа керекті жану-жағар майларын тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшін керекті бөлшектерді, жерді арендаға пайдалану және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие беру туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2001 жылдың көктемгi-далалық және егiн орағы кезiндегi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн жану-жағар маймен тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн керектi бөлшектердi, жердi арендаға пайдалану және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттен несие беру мәселелерi туралы" 2001 жылдың 18 сәуiрiндегi N 503 қаулысына сәйкестi және облыстық мәслихаттың "Батыс Қазақстан облысы мәслихатының шешiмiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" 2001 жылғы 5 маусымдағы N 12, облыстық мәслихаттың "2001 жылғы облыс бюджетi туралы" 2001 жылдың 17 қаңтарындағы N 9-2 шешiмдерiне сәйкестi ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "2001 жылдың егiн орағын өткiзуге ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне несие беру" бағдарламасының Әкiмшiлiгi болып облыстық ауыл шаруашылығы департаментi (Жәкиев) бекiтсiн.
Тармақ 2
2. 2001 жылдың егiн орағын өткiзу үшiн Батыс Қазақстан облысы бойынша жану-жағар майлары, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына керектi бөлшектердi жалға немесе сатып алуды несиелеудiң Ережелерi бекiтсiн.
Тармақ 3
3. 2001 жылдың көктемгi-далалық және егiн орағын өткiзу үшiн Республика бюджетiнен бағдарламаға сәйкестi 146,6 млн. теңге ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне несие берiлiп, олардың жану-жағар майларға деген сұраныстары осы жұмыстарды атқару үшiн ауыл шаруашылығы департаментi Әкiмшiлiгi бағдарламасына бөлiнсiн.
Тармақ 4
4. Бағдарлама Әкiмшiлiгiне ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне оператор арқылы, бөлiнген несиенiң өз мақсатына пайдалануына бақылау орнатып және оның уақытылы қайтарылуына жауапты екендiгi тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Бюджет қаражатын пайдаланудағы комиссия облыстың өнеркәсiп кешенiн қолдау бағытында операторларға ерiктi заңдылыққа сай iрiктеу жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 6
6. Аудандар әкiмдерiне - несие алушы шаруашылықтарды анықтау, олардың егiс көлемiн және егiн ору көлемiн сондай-ақ қолда бар өтiмдi мүлiктерi, құрал-жабдықтарын анықтау; - ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң алған несиелерiнiң мақсатты пайдалануына қатаң тәртiп орнату.
Тармақ 7
7. Әкiмдердiң жауапкершiлiгiне жүктеу: - ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң несиенi уақытылы қайтаруына жеке жауап бередi.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов), облыстық ауыл шаруашылығы департаментi (Жәкиев) құжаттардың уақытылы толтырылуын, республикалық бюджеттен қаражаттың уақытында алынуына және көрсетiлген мерзiмге керi қайтарылуына бақылау орнатсын.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жүргiзу облыс әкiмiнiң орынбасарлары А.К. Есенғалиев және А.К. Нұрғалиевтерге жүктелсiн.
Басқа 10. Батыс Қазақстан облысында 2001 жылдың егiн орағын өткiзу үшiн керектi жану-жағар майларын тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн керектi бөлшектердi, жердi арендаға пайдалану және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне несие беру ЕРЕЖЕЛЕРI
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы N 144 шешiмiне қосымша Батыс Қазақстан облысында 2001 жылдың егiн орағын өткiзу үшiн керектi жану-жағар майларын тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн керектi бөлшектердi, жердi арендаға пайдалану және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне несие беру ЕРЕЖЕЛЕРI
Тарау i. I. Жалпы жағдайлар
I. Жалпы жағдайлар Осы Ереже несие алудың шартты жағдайы мен тәртiбiн анықтайды, Қазақстан Республикасының "2001 жылдың республикалық бюджетi туралы" 2000 жылдың 22 желтоқсандағы заңында қаралғандай бюджеттiң 83 бағдарламасында "Жергiлiктi бюджеттi несиелеу егiн орағын өткiзуге керектi жану-жағар майларын тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн керектi бөлшектердi, жердi арендаға пайдалану және ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн жану-жағар майлармен 2001 жылғы көктемгi-далалық және егiн орағы кезiндегi жергiлiктi бюджетке несиелер беру туралы" 2001 жылдың 18 сәуiрiндегi N 503 қаулысына сәйкестi жұмыстар жүргiзедi.
Тарау 2. 2. Несие беру тәртiбi
2. Несие беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен түскен несие қорлары бағдарлама әкiмшiлiгi - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне бюджеттiк бағдарламаның 83-шi "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге 2001 жылғы көктемгi-далалық жұмыстарды және егiн орағын өткiзу үшiн несие беру" пунктi бойынша оларға жану-жағар май, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникалары үшiн қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшiн уақытында керi қайтаруды қамтамасыз ететiн жағдайда 146,6 миллион теңге несие берiледi.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне несие беру - операторлар арқылы - қарыз алушы(лар)мен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердi заим есебiнде республикалық бюджеттен несие беруге Әкiмшiлiк және Оператор қатысады. Аудан әкiмдерi несие алатын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң тiзiмiн жасап, оларға кепiлдiк бередi.
Тармақ 4
4. Әкiмшiлiк бағдарламасы: - бағдарламаға сәйкестi оператормен шарт жасасады, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң келесi және несие алуы үшiн; - жану-жағар май материалдарының, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер және ауыл шаруашылығы техникаларын жалға және сатып алуды бақылап оларды заим алушыларға бөлiп бередi, алынған несиенiң облыс бюджетiне қабылдануын қамтамасыз етедi; - несиенi уақытылы қайтармаған жағдайда, операторға байланысты қуыну-талап жұмыстарын жүргiзедi; - ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен өндiрiлген астықпен оператор арқылы жұмыстар жүргiзiледi, бөлiнген қаржы түгелдей қайтарылғанша, операторға келiсiлген құнымен астықты таратуға ұлықсат бередi.
Тармақ 5
5. Аудандар әкiмдерi: - бағдарлама Әкiмшiлiгi мен операторға ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң тiзбесiн келiсу үшін береді; - келіп түскен жану-жағар майдың, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алуды өз мақсаттарына жұмсауды бақылау және алған тауарлы несиенi ақшалай немесе астықпен (егерде шартта көрсетiлген жағдайда) 2001 жылдың 10 қарашасына дейiн қайтаруды қамтамасыз ету; - ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi облыстық ауыл шаруашылығы департаментiне хабарлама бередi.
Тармақ 6
6. Оператор: - бағдарламаның Әкiмшiлiгiмен несие қаражатын алуға шарт жасасады, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн тауармен несие беру, тез өтетiн тауарлар арқылы немесе басқалай қамтулар, облыстық комиссияның бюджеттi пайдалануына байланысты, немесе шарттағы тауарлай несиемен қайтаруға байланысты шешедi, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге бөлiнген несие қорларын белгiленген мақсатқа пайдалануын қамтамасыз ету және жану-жағар майларды, тұқымды, тыңайтқышты, гербицидтердi, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектердi, егiн орағы жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу немесе жалға алуды қамтамасыз етiп отырады; - алынған несиенiң қорларын сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердi тауармен несиелеу және жану майларымен, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн керектi бөлшектердi, егiн орағы үшiн ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алып отырады; - жану майлары, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына керектi бөлшектердi төмен бағамен қамтамасыз етушiлермен бағасына мониторингi жүргiзедi, шарт жасасады; - аудан әкiмдерiнiң кепiлдiк берген және несиенi қайтаруға кепiлдiкке мүлiк салған несие келiсiм-шарт жасаған ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге жану-жағар май, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып немесе жалға алу үшiн нөлдiк ставка көлемiнде жiберудi қамтамасыз етедi; - тауарлы несиенiң дәнмен қайтарылуын АҚШ-тың 80 доллары мөлшерiнде бiр тонна жұмсақ үшiншi класс бидайы көлемiнде жүргiзiледi; - Әкiмшiлiкпен алынған несиенi шартта көрсетiлген мерзiмiнде қайтаруын қамтамасыз ете отырып, уақытында қайтармаса қаржылай жауапты болады, сондықтан шартта көрсетiлген мерзiмде қайтарылуын қамтамасыз етедi; - егер ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi уақытылы тауар несиесiн қайтармаған жағдайда талап-қуыну жұмысын жүргiзедi; - тауар несиесiн қайтарғанда дәндi тарату барысында көрген шығынын келесi дәндi тарату есебiнен жүргiзедi (егер несие дәнмен қайтарылған жағдайда) келiсiлген құнымен Әкiмшiлiктiң ұлықсатымен ғана жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi: - Оператормен тауарлы несие алуға және оны уақытылы қайтаруға шарт жасасады; - жану-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер, егiс орағына ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу немесе жалға алу үшiн бөлiнген тауар несиесiн белгiленген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етедi, егерде несие белгiленген мақсатқа жұмсалмаса келiсiм-шартта көрсетiлгендей қаржылай жауапкершiлiкке тартылады; - несиенiң тауар астық күйiнде немесе ақшалай қайтарылуын қамтамасыз етедi (ол шартта көрсетiлген болса), егер уақытында қайтарылмаса шарттағы келiсiмге байланысты қаражаттай жауапкершiлiк тартатын болады.