О состоянии и перспективах развития сельскохозяйственного производства Акмолинской области и задачах по успешному проведению весенне-полевых работ 2001 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағдайы мен келешегі және 2001 жылғы көктемдегі егіс жұмыстарын ойдағыдай жүргізу жөніндегі міндеттер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровтың «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағдайы мен келешегі және 2001 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай жүргізу жөніндегі міндеттер туралы» баяндамасын тындап, талқылай келіп облыстық мәслихат осы бағытта белгілі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді. Ауыл шаруашылығында жекешелендіру процесі түгел дерлік аяқталды. Ауылдықтар негізінен өздерінің жер үлестері мен мүліктік пайларын белгілеп алды. Жер пайдаланушылар қалыптасты, жаңа құрылған ауыл шаруашылық кәсіпорындары оңтайлы жер көлемдерін алды. Бүгінгі таңда облыста заңды тұлға құқығы бар 464 агроқұрылымдар және 3836 шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылықтар есепте бар. Ауыл шаруашылық жерлері 13,2 миллион гектар құрайды немесе облыс аумағының 90,6 %, соның ішінде 4,5 миллион гектар егістік. Бірақ, өкінішке орай, егін егуге жарамды жерлердің барлығы ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін қолданылып отырған жоқ. Жер ресурстарын басқару қызметтері жүргізген егістік жерлерді түгендеу нәтижесі қазіргі уақытта тыңайған жер 1 миллион 285 мың гектарға жетіп, оның көбею беталысы сақталып отырғанын көрсетті. Ол жерлердің көпшілігі Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын, Астрахан, Зеренді аудандарының үлесінде, іс жүзінде облыстағы тынайған жердің 70 % солардікі. Облыстағы бонитет балы 35-тен жоғары қолданылмай жатқан жер 700 мың гектарға жетіп отыр. Жыртылмаған жерде оның табиғи өнімділігі азайып, су эрозиясы дамып, жылдан-жылға топырақтың құнарлылық элементтері қайтарылмай жойылып келеді. Осыған байланысты облыс әкімінің шешімімен егістікке жарамды жерлерді жақсартуға және оларды ауыл шаруашылық айналымына еңгізуге бағытталған арнайы шаралар бекітілді. Облыстың аграрлық саласының негізі астық өнімдері болып табылады. 2000 жылы дәнді-дақылдардың негізгі өндірісі 3 миллион тоннадан асып, атық өндірісінің тиімділік деңгейі 2000 жылы 18 % құрады. Соңғы екі жылда облыстың егістік көлемі 410 мың гектарға өсті, 2001 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер дәнді-дақылдарды 3 миллион 142 мың гектарға егуді көздеп отыр. Астық өндірісіндегі басымдылық бұрынғыдай бидай егу, ол 2756 мың га немесе 88 % алқапқа себіледі. Облыста астықтың тиімділігін арттыру мақсаттарында тұқым шаруашылығы жүйесін дамыту бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізілуде. Облыс әкімінің осы мәселе бойынша арнайы шешімі қабылданды. Бірақ, кейбір аудандарда бұл шешімді жүзеге асыру жөнінде нақты бақылау жоқ. Қолда бар 414 мың тонна тұқымның тек 72 % ғана лабораториялық сараптамаға тапсырылған. Еңбекшілдер, Зеренді, Жақсы, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының шаруашылықтары тұқымдық материалдарын 24%-дан 46 %-ға дейін ғана сараптамалық тексеруге тапсырды. Тұқымдық материалды басқа мақсаттарға қолдану жағдайлары орын алып отырғандығы байқалады. Әсіресе фермерлік шаруа қожалықтарында тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өте нашар жағдайда. Мол астық жинаудың ең қажетті шарттарының бірі егістікті арам шөп, ауру және зиянкестерден қорғаудың кешенді шараларын жүргізу. Облыста дәнді-дақылдардың өте қауіпті жаулары колорада қоңызының, сұр астық көбелегінің үлкен ошақтары, тотығу аурулары, дәнді-дақылдардың эпифитотилері, септориоз, гальминспориозы таралуы орын алуда. Бірақ ауыл шаруашылық дақылдарыны ең басты қауіп шегірткеден төніп тұр. Онымен күрес 2000 жылы мақсатты түрде жүргізілді, соның нәтижесінде егістіктің бірде-бір гектары шегірткеге жем болмады және ағымдағы жылғы жұмыстардың көлемін азайтуға мүмкіндік берді. Мысалы 2000 жылы химиялық әдіспен нақты өңделген жер 1,8 миллион гектар және басқа да өңдеу, әдістерінің нәтижесінде қорғалған егістік ауданы 2,1 миллион гектар құраса, биылғы жылы күзгі зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша тек 0,9 миллион гектар егістік алқабын химиялық әдіспен өндеу жоспарланып отыр. Арнайы техника жетіспеушілігін, әсіресе Еңбекшілдер, Ерейментау, Қорғалжын, Жақсы аудандары бастан кешіріп отыр. 2000 жылғы егін орағы ауыл шаруашылығында машина-трактор паркін жаңарту мен қайта жабдықтау бойынша проблемалардың көлемі мен маңызын тағы да бір көрсетті. Сонғы жылдары техника мүлдем жаңартылған жоқ, содан ескірген машиналардың қолданылу пайызы өсті. Барлық агротехникалық шараларды толық көлемде және тиімді мерзімде жүргізу үшін облыс ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 24885 трактор қажет, яғни қолда бардан екі есе көп. Сонымен бірге топырақ өңдеу техникалары, дәнді-дақылдар сепкіші, атжалдау дестелегіштері және басқа да машиналар жеткіліксіз. Облыс бойынша тізімдегі әрбір комбайнға орта есеппен 385 га салмақ түседі, ал кейбір аудандарда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Машина-трактор паркінің ескіруі оларды жөндеуге арналған жұмыстарға шығындарды көбейте түседі. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу жұмыстарының қарқыны көктемгі егіс жұмыстары басталуына дейін өткен жылғы деңгейден едәуір жоғары. Қолда бар 14887 трактордың 12052-і дайын тұр, ол 81 % құрайды. Сонымен қатар, Ерейментау, Шортанды, Бұланды аудандарында машина-трактор паркінің дайындығы 75-77 пайызды құрайды. Мал басы мен кұс саны көбейіп, мал өнімдерінің барлық түрлері бойынша өндіріс көлемі артты. 2000 жылдың басында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде тез өнім беретін сала - құс шаруашылығы жедел қарқынмен дамыды, соның нәтижесінде жұмыртқа өндіру 22,7 %, құс етін өндіру 15 % жоғарылады. Селекциялық тұқымдық жұмыстарды жақсарту мақсаттарында облыста 2001-2005 жылдарға арналған селекциялық тұқымдық жұмыстар жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары дайындалды, облыс әкімінің арнайы шешімі қабылданды. Бірақ жергілікті жерлерде бұл шешімді жүзеге асыру мәселесі нашар қолға алынып отыр, көптеген аудандарда бұл тапсырманы орындауға тиісті жауапкершілікпен келген жоқ. Малдарға дәрігерлік қызмет көрсетуде, проблемалар аз емес. Көптеген аудандарда қажетті малдәрігерлік профилактикалық іс-шаралар жүргізілмейді. Облысымызда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу кәсіпорындарының жұмыстарын ұйымдастыру бойынша нақты қадамдар жасалуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тек өңделген түрінде ғана өткізуге бағытталған нық және нақты бағыт алынды. 2000 жылы барлық өндеу кәсіпорындарының иелерін анықтау және өндірістік күштерінің техникалық жағдайларын тексеру үшін жұмыстар жүргізілді. Облыстың кейбір өндеу кәсіпорындары жұмыстарын қайта бастады. Өндеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсаттарында 25 мал өнімдерін сатып алу пунктері ашылған, соңғы жылдары бірінші рет тұрғындардан сүт сатып алу көлемі 25 мың тоннаға жетті. Өндеу кәсіпорындарына салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер бойынша мерзімдерін ұзарту мүмкіндіктері берілді. Бірақ, қолданылған шаралар өндеу кәсіпорындарының жұмыстарын жүйелендіруде оң нәтиже бермей отыр. 2000 жылы Ақмола облысының аграрлық секторына мемлекет тарапынан салық жүйесін жеңілдету, үстеме ақы төлеу, лизинг бойынша техника сатып алу, жанар жағар майды арзанға беру, несие ресурстарын жеңілдікпен беру сияқты жәрдемдер арқалы барлығы 5579,5 миллион теңге сома шамасында қолдау көрсетілді. Дүниежүзілік банктік кредит жүйесі бойынша біраз көмек алынды, жалпы сомасы 114,1 миллион теңге құрайтын жеті жоба мақұлданып, несиелендірілді. Облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарына екінші деңгейдегі банктер 463,5 миллион теңге несие берді. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 450,1 миллион теңге жоғары. Бүгінгі таңда облыста 58 инвесторлар жұмыс жүргізуде, олардың қарамағында 119 шаруашылық бар. Олардың салған инвестициясының жалпы сомасы 3,8 миллиард тенге құрайды. Қазіргі кезде көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің оранбасары Қ.М.Отаровтың «Ақмола облысының ауыл шаруашылық өндірісін дамыту жағдайы мен келешегі және 2001 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу жөніндегі міндеттер туралы» баяндамасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдеріне мынадай ұсыныстар жасалсын:
Тармақ 2.1
2.1. егістікке жарамды жерлерді тиімді пайдалану, «Жер туралы» Заңға сәйкес жер ресурстарын сақтауға мемлекеттік бақылауды күшейту жөнінде іс-шаралар қолдансын. Егістікке жарамды жерлерді пайдалануды жақсарту мақсаттарында, ауыл шаруашылық товарларын өндірушілерге аларды егін егу айналысына толық қосып алуға және тыңайған жерлердің одан әрі кеңейуіне жол бермеуіне қолдау жасасын;
Тармақ 2.2
2.2. топырақтың құнарлылығын арттыру бойынша барлық қолдан келетін шараларды қолдасын;
Тармақ 2.3
2.3. ауданның тұқым шаруашылығындағы жағдайға сараптау жасасын, тұқым шаруашылығы жүйесін дамыту жөнінде іс-шаралар дайындасын. Тұқымның шығымдылығын, шаруашылық бағалылығы мен сорттық қасиеттерін жоғары деңгейде ұстау мақсаттарында орттарды жаңарту және алмастыру жүргізсін. Жыл сайын өз өндірісінен тұқым дайындауды және сапалы тұқым материалы дайындалуын қамтамасыз етсін. Тұқым өндірумен айналысатын базалық шаруа қожалықтарын белгілесін;
Тармақ 2.4
2.4. Қазақстан Респубикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып шегірткеге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың толық көлемде және уақытында жүргізілуін қамтамасыз етсін. Арнайы техниканың дайындалуына, жетіспейтін химиялық препараттарды сатып алуға, химиялық өңдеу мен ауқымды агротехникалық іс-шаралардың жүргізілуіне ерекше көңіл аударсын;
Тармақ 2.5
2.5. облыс әкімінің «Облыстағы селекциялық тұқымдық жұмыстарды және ауыл шаруашылығы малдарына малдәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту туралы» шешімін орындау бойынша барлық іс-шараларды қолдансын;
Тармақ 2.6
2.6. облыс әкімінің 1.06.2000 жылғы № 499 «Облыстың өндеу кәсіпорындарын қолдау жөніндегі іс-шаралар туралы» шешімін орындау жөніндегі жұмыстарды жандандырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы аудан әкімдерімен бірлесе отырып:
Тармақ 3.1
3.1. үстіміздегі жылдың 20 сәуіріне дейін ауыл шаруашылық субъектілерін дәнді-дақылдардың тұқымдарымен қамтамасыз ету, оларды жоғары тұқымдық дәрежеге жеткізу жөніндегі іс-шаралар қолдансын. Несие алушылармен тұқымдық несие алу туралы келісім шарттар жасау және оларды жедел түрде астық қабылдау пункттерінен тасып алу жұмыстарын жеделдетсін;
Тармақ 3.2
3.2. ауыл шаруашылық техникаларын, әсіресе тракторлар мен топырақты өндеу техникаларын жөндеу жұмыстарының қарқынын күшейту жөнінде іс-шаралар жүргізсін, олардың үстіміздегі жылдың 20 сәуіріне дейін 100 % дайын болуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 3.3
3.3. көктемгі егіс жұмыстарын жанар-жағар май материалдарымен толық көлемде қамтамасыз ету үшін барлық іс-шараларды қолдансын, оларды сатып алу үшін инвесторлармен жұмысты жандандырсын және өз мүмкіндіктерімен басқа да түсім көздерін қарастырсын;
Тармақ 3.4
3.4. облыстағы ауыл шаруашылығы товарларын өндірушілерді мемлекеттік қорға астық сатып алудың екі деңгейлі бағдарламасына қатыстыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізсін;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасына төмендегідей ұсыныстар жасалсын:
Тармақ 4.1
4.1. аудан әкімдерімен және облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. әрбір елді мекенде бір-бірден қолдан ұрықтандыру пунктін ашу және мүйізді ірі қара малдың аналаған қолдан ұрықтандыруды 90 % жеткізу бойынша іс-шаралар қолдансын;
Тармақ 4.1.2
4.1.2. ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларына қарсы толық диагностикалық зерттеулер мен профилактикалық вакцинациялар жүргізсін;
Тармақ 4.2
4.2. инспекциялық қызметтердың тұқым шаруашылығын жүргізуді бақылауын, селекциялық тұқымдық жұмыстарын, ауыл шаруашылық малдарына малдәрігерлік қызмет көрсету жұмыстарын жандандырсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетіне төмендегідей ұсыныстар жасалсын:
Тармақ 5.1
5.1. аудандар мен қалалардың әкімдерімен бірлесе отырып:
Тармақ 5.1.1
5.1.1. жыл сайын егістікке жарамды жерлерді түгендеп, жоғары өнімді жерлерді егін себу айналысына енгізіп отырсын;
Тармақ 5.1.2
5.1.2. егістікке жарамды жерлердің тиімді және мақсатты пайдаланылуына жер инспекциясының бақылауын күшейтсін.
Тармақ 6
6. Ғылыми зерттеу институттарына, тәжірибе жүргізу мекемелеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету, зерттеудің басым бағыттарын айқындау және агроөнеркәсіп кешенің дамытуда ғылымның басты ролін көтеру ұсынылсын. Жергілікті табиғи климаттық жағдайларға бейімделген ауыл шаруашылық малдарының түрлерін, жаңа жұмыс технологияларын практикаға енгізу жүйесін жетілдіру, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық қорын сақтау және көбейту жөніндегі ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық телерадиокомпаниясына, облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакцияларына ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту проблемаларын және оларды шешу жолдарын кеңінен жариялап отыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселер, өнеркәсіпті дамыту, көлік, байланыс, құрылыс, кәсіпкерлік, азық-түлік және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.