О поддержке сельхозтоваропроизводителей на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2001 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңіне ауылшаруашылық тауарөндірушілерді қолдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 503 «2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағар май материалдармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында Қостанай облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұқым, тыңайтқыш, гербицидтерді сатып алу, 2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына ауылшаруашылық машиналарды жалдау немесе сатып алу үшін «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облысының бюджет қаражаты есебінен несиелеу ережелері бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. 2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына тұқым, тыңайтқыш, гербицидтерді сатып алу, ауылшаруашылық машиналарды жалдау немесе сатып алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу бойынша агенті болып Қостанай облысы әкімінің Қостанай инвестициялық компаниясы» МКК белгіленсін.
Тармақ 3
3. Гербицидтерді, ауылшаруашылық машиналар үшін бөлшектерді сатып алуға облыс аудандары үшін несие қаражаттарының көлемі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 5. Қостанай облысының жергілікті бюджет қаражатынан «2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу Ережелері
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 18 маусымдағы № 81 шешіміне 1 қосымша Қостанай облысының жергілікті бюджет қаражатынан «2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша несиелеу Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін тұқым, тыңайтқыш, гербицидтерді, ауылшаруашылық машиналарғабөлшектерді сатып алу, ауылшаруашылық техникасын сатып алу немесе жалдау үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Ережелер).
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде айтылған несиелеу: беру нысаны бойынша – жедел және қайтармалы; мерзімі бойынша – қысқа мерзімді; сыйлықақы беру мөлшері бойынша – пайыссыз.
Тармақ 3
3. Несиені қайтару мерзімі, тәртібі, нысаны (ақшалай, тауармен, бидаймен және т.б.) бойынша шарттары мен міндеттемелерді қамтамасыз ету Агент және ауылшаруашылық тауар өндіруші араларында жасалатын несиелік келісім-шартта және олардың арасындағы кепіл келісім-шартта анықталады.
Тармақ 4
4. Кепіл келісім-шартқа отыруды қамтамасыз ету және оны несие алушылар есебінен мемлекеттік органдарда тіркеу аудан әкімдеріне жүктеледі.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру негізі
2. Қаржыландыру негізі
Тармақ 5
5. Несиелеу үшін қаражат облыс бюджеттеріне республикалық бюджеттен (бұдан әрі – РБ) бөлінеді.
Тармақ 6
6. Мәслихаттар шешімдері негізінде көрсетілген мақсаттарға жергілікті бюжеттерден қосымша қаражаттар бөлінуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі
3. Қарыз алушыларды несиелеу тетігі 7. Облыс (аудан) әкімі РБ-тен түскен ақшалай қаражатты және жеке қаражаттарын бюджеттік бағдарлама әкімгері арқылы аудан әкімібекіткен тізбекке сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірушілерге ақшалай қаражатты бөлуді тікелей жүзеге асыратын Агентке бөледі.
Тарау 4. 4. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу жөніндегі Агентті анықтау және оның функциялары
4. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу жөніндегі Агентті анықтау және оның функциялары
Тармақ 8
8. Тұқым, тыңайтқыш, гербицидтерді, ауылшаруашылық машиналарға бөлшектерді сатып алу, ауылшаруашылық техникасын сатып алу немесе жалдау үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ақшалай қаражатты бөлу жөніндегі Агентті, облыс әкімі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың арасынан анықтайды.
Тармақ 9
9. Агенттің функциялары:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылық тауар өндірушілер - потенциалды қарыз алушылар туралы облыстың аудандары әкімдерінен ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) ауылшаруашылық тауар өндірушілермен несиелеу келісім-шарттарына отыру;
Тармақша 3
3) несиелеу бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қаражаттық қаржыны тікелей бөлу;
Тармақша 4
4) қарыз алушылардың несиені қайтаруын қамтамасыз ету және мемлекеттік бюджетке аударуболып табылады.
Тарау 5. 5. Несие алушы-ауылшаруашылық тауар өндірушілерді анықтау
5. Несие алушы-ауылшаруашылық тауар өндірушілерді анықтау
Тармақ 10
10. Тұқым, тыңайтқыш, гербицидтерді, ауылшаруашылық машиналарға бөлшектерді сатып алу, ауылшаруашылық техникасын сатып алу немесе жалдау үшін несиелі қаражатты алуға және оларды несиелеу шектеріне құқығы бар ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізбесі, қаржылы көмек алушы үміткер осы Ережелердің 11-тармағының талаптарына сәйкес болған жағдайда аудан және қала әкімдерімен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Ауылшаруашылық тауар өндіруші, іс-әрекеті ауылшаруашылық өнім өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты және өндірістің негізгі құралы жер болып табылатын, заңды немесе жеке тұлға болып табылу керек.
Тарау 6. 6. Несиелеу шегін анықтау
6. Несиелеу шегін анықтау
Тармақ 12
12. Аудандар бойынша несиелі қаражаттардың ең көп көлімі облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттарды есепке ала отырып, бекітілген облыс үшін жоғары шектер шеңберінде облыс әкімімен бекітіледі.
Тармақ 13
13. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін несиелеу шегі осы ауданға белгіленген шегінен туындата отырып анықталады.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Агенттің бөленетін несиелі қаражаттарды мақматты пайдалануға және оларды белгіленге мерзімдерде өтеуіне бақылау жасауды бағдарламалардың әкімгері жүзеге асырады, соңғы қарыз алушының несиелік қаражаттарды мақсатты пайдалануына және өтеуіне бақылау жасауды Агент жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет қаражатты есебінен жасалатын несиелік келісім-шарттары, жасалғаннан кейінгі үш күндік мерзімде, Қостанай облысының қаржы департаментінде міндетті түрде тіркелуге жатады.
Басқа 31. Гербицидтер мен ауылшаруашылық машиналар үшін бөлшектерді сатып алуға арналған несиелік қаражаттардың көлемі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 18 маусымдағы № 81 шешіміне 2 қосымша Гербицидтер мен ауылшаруашылық машиналар үшін бөлшектерді сатып алуға арналған несиелік қаражаттардың көлемі № Аудан атауы Несиелеу көлемі мың теңге 1 Алтынсарин 7000 2 Сарыкөл 5000 Барлығы 12000