Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам (семьям) Атырауской области на 2001 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 2001 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережесін бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен келесі төлем түрлерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету мынадай төлем түрлерінде белгіленсін:
Тармақша 1
1) балалы отбасына берілетін жәрдемақылар;
Тармақша 2
2) бала туғанда берілетін әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берілетін материалдық көмек;
Тармақша 4
4) жұмыссыз азаматтарға көрсетілетін материалдық көмек;
Тармақша 5
5) аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін материалдық көмек.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек мынадай мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) балалары бар отбасыларына: 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға берілетін бірыңғай жәрдемақы - 1,0 айлық есептік көрсеткіш; мерзімді әскери қызметшілер балаларына берілетін жәрдемақы - 1,0 айлық есептік көрсеткіш; жетi жасқа дейінгі 4 және одан да көп баласы бар жұмыссыз аналарға берілетін жәрдемақы - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) бала туғанда берілетін әлеуметтік көмек - 4,0 айлық көрсеткіш
Тармақша 3
3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек - 10,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) жұмыссыз азаматтарға берілетін материалдық көмек - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін материалдық көмек - 10,0 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 3
3. Жәрдемақылар "2001 жылға арналған Республика бюджеті туралы" заңда көрсетілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері ескеріліп төленеді.
Тармақ 4
4. Мына түрдегі Атаулы әлеуметтік көмек: балалы отбасыларына берілетін бірыңғай жәрдемақы, бала туғанда берілетін әлеуметтік көмек, жұмыссыз азаматтарға берілетін материалдық көмек пен аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін материалдық көмек отбасының жиынтық табысы жанбасына шаққанда заңмен белгіленген кедейлік шегі мөлшерінен аспаған жағдайда ғана көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін (ереже тіркеледі).
Тармақ 6
6. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы шешіммен бекітілген ережеге сай жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы шешім бойынша облыс жұртшылығы арасында түсінік жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) 2001 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен атаулы әлеуметтік көмектің уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Мұрсалиеваға жүктелсін.
Басқа 20
Атырау облысы әкімінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 37 шешімімен бекітілді Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеудің тәртібі туралы ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелерін бекіту туралы" қаулысы мен қолданыстағы заң актілері негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі міндеті аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) уақытша қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Тармақ 3
3. Балалы отбасыларына берілетін бірыңғай жәрдемақы, бала туғанда берілетін біржолғы әлеуметтік көмек, жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін материалдық көмек отбасының жиынтық табысы жанбасына шаққанда заңмен белгіленген кедейлік шегі мөлшерінен аспаған жағдайда ғана көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығын анықтаған кезде отбасы құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 "Балалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" ережені бекіту туралы және 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 292 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 наурыздағы N 382 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларына сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Отбасының жанбасына шаққандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі N 2 және Қазақстан Республикасы ұлттық санақ агенттігі директорының 1997 жылғы 26 наурыздағы N Р-1-14/124 Қазақстан Республикасының экономика, қаржы министрліктерімен келісілген бұйрықтарымен бекітілген табысты есептеу тәртібі туралы нұсқауы бойынша анықталады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті қала, аудандар әкімдері құратын әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссиялар тағайындайды.
Тармақ 7
7. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыз барлық қажетті құжаттармен түскен күнінен бастап 10 күн мерзім ішінде комиссияда қаралуға тиісті.
Тармақ 8
8. Атаулы көмек тағайындалмайтын жағдайда комиссия оның себебін көрсеткен шешімін қосып, барлық құжаттарды арыз иесіне қайтарады.
Тармақ 9
9. Атаулы көмекті тағайындайтын комиссия тағайындалған әлеуметтік көмектің дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 10
10. Комиссияның атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан шешіміне заңмен қаралған тәртіп бойынша шағым берілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Атаулы көмекті тағайындау туралы арыз бен оған тіркелген құжаттар, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім, не оның көшірмесі әлеуметтік көмек алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 2. 2. Балалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау тәртібі
2. Балалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау тәртібі
Тармақ 12
12. Балалы отбасыларына берілетін жәрдемақылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 "Балалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" және 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 292 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларына, сонымен бірге осы ережеге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Тарау 3. 3. Бала туғанда берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Бала туғанда берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 13
13. Аз қамтылған отбасыларына баланың тууына байланысты берілетін әлеуметтік көмек бала туылғанда баланың шешесіне не әкесіне бір рет төленеді. Екі және одан көп бала туылғанда бір дүркін берілетін әлеуметтік көмек олардың әрқайсысына төленеді.
Тармақ 14
14. Алушының өліміне байланысты төленбеген баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек баланың қалған ата-анасының біріне, не баланы нақты тәрбиелеп отырған басқа адамға беріледі.
Тармақ 15
15. Бала өлі туған жағдайда баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек төленбейді.
Тармақ 16
16. Баланың тууына байланысты берілетін әлеуметтік көмекті тағайындату үшін төменде көрсетілген құжаттарды қосып арыз беріледі. (Арызда арызға тіркелген отбасы табыстары жөніндегі анықтамаларда көрсетілген табыстардан өзге табыс көздері жоқ екені көрсетілуі қажет):
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілерін тіркеу органы берген баланың туылғаны туралы анықтама және баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) отбасының өткен тоқсандағы табысы туралы анықтама. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама, ал жұмыссыздар тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органнан жұмыссыздығы жөнінде алатын жәрдемақысының мөлшері көрсетілген анықтама. Баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек осы көмекке құқық беретін күннен бастап алты ай мерзім ішінде өтініш жасалған жағдайда ғана беріледі.
Тарау 4. 4. Жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмекті және аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетен материалдық көмекті тағайындау тәртібі
4. Жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмекті және аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетен материалдық көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 17
17. Жұмыс жасаған немесе ресми түрде жұмыссыз деп танылған аз қамтылған азаматтар қайтыс болған жағдайда олардың отбасына, немесе оларды жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған әлеуметтік, немесе материалдық көмек төленеді.
Тармақ 18
18. Қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік немесе материалдық көмекті тағайындауға және төлеуге мына құжаттар тіркелген арыз негіз бола алады:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілері тіркеу органы берген қайтыс болғандығы туралы анықтама және өлім туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) қайтыс болған азаматтың қайтыс болғанға дейін жұмыста болғандығын сендіретін анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;
Тармақша 3
3) қайтыс болған аз қамтылған жұмыссыз азаматтың қайтыс болғанға дейін жұмыссыз ретінде есепте тұрғандығын сендіретін жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органның анықтамасы.
Тармақ 19
19. Қайтыс болған жұмыс жасаған азаматты жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек пен қайтыс болған аз қамтылған жұмыссыз азаматты жерлеуге берілетін материалдық көмек осы көмектерді тағайындауға қажетті құжаттар мен арыз олардың қайтыс болған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей тапсырылған жағдайда ғана төленеді.
Тарау 5. 5. Жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек тағайындау тәртібі туралы
5. Жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек тағайындау тәртібі туралы
Тармақ 20
20. Жұмыссыз азаматтарға берілетін материалдық көмек жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген аз қамтылған азаматтарға көрсетіледі. Материалдық көмек он екі ай мерзім ішінде алты айдан аспайтын мерзімге ғана тағайындалуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Материалдық көмекті тағайындау үшін төменде көрсетілген құжаттар тіркелген арыз беріледі (арызда отбасының арызға тіркелген құжаттарда көрсетілгендерден басқа табыстары жоқ екендігі көрсетілуге тиісті):
Тармақша 1
1) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөніндегі жұмыспен қамту органы берген анықтама;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) Өткен тоқсандағы отбасының табысы туралы анықтамалар. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама, жұмыссыз ретінде есепте тұрғандарға жұмыспен қамту органынан алған материалдық көмегінің мөлшері туралы анықтама.
Тармақ 22
22. Жұмыссыздарға берілетін материалдық көмек осы көмекті тағайындауға қажетті барлық құжатты тіркеп арыз берген айдан бастап тағайындалады.
Тарау 6. 6. Атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу тәртібі
6. Атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 23
23. Балалы отбасыларына берілетін жәрдемақылар, бала туғанда берілетін әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға берілетін материалдық көмек және жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек пен жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін материалдық көмектер екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.
Тармақ 24
24. Қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері (бұдан әрі - қалалық, аудандық бөлімдер) ай сайын әр айдың 5 жұлдызына дейін өткен айдағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын және тағайындалған әлеуметтік көмек сомасын анықтайды. Тағайындалған атаулы көмектерді түрлеріне қарай топтап әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық тізімін жасақтайды және олардыә айдың 10 жұлдызына дейін екінші деңгейдегі атаулы көмекті төлеумен айналысатын банктерге жолдайды, сондай-ақ облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әлеуметтік көмекті төлеуге қажетті қаржыға сұраныс жасайды.
Тармақ 25
25. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы қалалық, аудандық бөлімдерден түскен сұраныстардың негізінде облыс бойынша өткен айға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектерді төлеуге қажетті қаржы көлемін көмек түрлері бойынша анықтап, әр айдың 10 жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына атаулы әлеуметтік көмектерді қаржыландыруға сұраныс жолдайды.
Тармақ 26
26. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының сұранысы бойынша облыстық бюджетте атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қаралған қаржы есебінен облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қаржы бөледі. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы атаулы әлеуметтік көмекті және оны төлеумен айналысушы банкке төлейтін комиссиялық сыйақыны төлеу үшін ағымдағы шотына түскен қаржыны екі күннің ішінде екінші деңгейдегі банктермен жасасқан агенттік келісімге сәйкес тиісті банктер шотына аударады.
Тармақ 27
27. Атаулы әлеуметтік көмектерді қалалық (аудандық) бөлімнен келіп түскен әлеуметтік көмек алушылар тізімі бойынша әр алушының жеке басын куәлендіретін төлқұжат, жеке бас куәлігі құжаттары негізінде екінші деңгейдегі банктер төлейді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жеке істерінде алажақ атаулы әлеуметтік көмектерін екінші деңгейдегі банктен арнаулы салымдарға салу жолымен алуға жазбаша арыздары болуы қажет.
Тарау 7. 7. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
7. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
Тармақ 28
28. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша есеп беру және бақылау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мен оның жергілікті құрылымдарына жүктеледі.
Тармақ 29
29. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әр тоқсанның бірінші айының 10 жұлдызына дейін өткен тоқсанда төленген атаулы әлеуметтік көмектер бойынша оларды көмек түрлеріне жіктеп екінші деңгейдегі банктермен салыстырмалы акт жасайды.
Тармақ 30
30. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әр тоқсанның бірінші айының 10 жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына өткен тоқсанда төленген атаулы әлеуметтік көмек бойынша көмек түрлерін жіктеп, оны алушылардың санын көрсетіп жиынтық есеп береді.
Тармақ 31
31. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуын және уақытылы төленуін бақылауды өкілетті органдар жүзеге асырып отырады.
Тармақ 32
32. Өкілетті органдар тексеруі кезінде анықтаған қате тағайындалу салдарынан заңсыз төленген деп табылған атаулы әлеуметтік көмек сомалары қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес бюджетке қайтарылуға жатады.