О квоте иммиграции на 2001 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылғы 11 маусымдағы «2001 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы» № 628 жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 22 маусымдағы Қауыпсіздік кеңесіне облыс, қала және аудан әкімдеріне берген тапсырмасына сәйкес, өзінің тарихи Отаныны оралуға тілек білдерген оралмандар отбасыларын көшіру және орналастыруды ұйымдастыру мақсатында:
Тармақ 1
1. 2001 жылға арналған көшіп-келу квотасы №1 қосымшаға сәйкес Монғолиядан 10 отбасы көлемінде қабылдасын.
Тармақ 2
2. 2001 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сәйкес және №2 қосымшаға сәйкес квотадан тыс Өзбекстаннан және Түркменстаннан 100 отбасы қабылдансын.
Тармақ 3
3. 2001 жылға арналған квотаға сәйкес және квотадан тыс келетін оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі шаралар бекітілсін (№ 3 Қосымша).
Тармақ 4
4. Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сран, Сатпаев, Шахтинск қалалары және Абай ауданының әкімдері: - осыған ұқсас шешім қабылдасын және бір апталық мерзімде облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармаға оралмандар отбасыларын жинақы орналастыруға арналған елді-мекендер, сонымен қатар олардың жұмысқа орналастыруын қамтамасыз ететін меншік нысанына байланыссыз шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының тізімін қарау үшін ұсынсын, - қабылдау және орналастыру жұмыстарын жүргізсін, оралмандардың беймделуіне ықпал жасасын, тұрғын үй құрылысына және шаруашылық іс қимылдарын дамытуға жер төлемдерінің бөлінуін қамтамасыз етсін, квотадан тыс келген оралмандарға жергілікті жердегі тұрғын үй қорынан пәтер бөлінүіне, жұмысқа арналастыруға, оқытуға және мамандық иеленуіне ықпал жасасын.
Тармақ 5
5. Облыс бойынша көші-қон және демография басқармасы 2002 жылғы 20 қантар мерзіміне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат тапсырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. 2001 жылға алыс шет елден көшіп келу квотасы
№ 1 Қосымша 2001 жылға алыс шет елден көшіп келу квотасы N Оралмандар отбасыларын қабылдайтын аймақтар Монғолия Барлығы 1 Қарағанды 3 3 2 Жезқазған 5 5 3 Сатпаев 2 2 Барлығы 10 10
Басқа 2. ТМД елдерінен квотадан тыс келетін оралмандар отбасыларын қабылдау жобасы
№ 2 Қосымша ТМД елдерінен квотадан тыс келетін оралмандар отбасыларын қабылдау жобасы N Оралмандар отбасыларын қабылдайтын аймақтар Өзбекстан, Түркменстан Барлығы 1 Қарағанды 26 26 2 Теміртау 30 30 3 саран 10 10 4 Шахтинск 24 24 5 Абай 10 10 Барлығы 100 100
Басқа 3. 2001 жылға арналған квотаға сәйкес және квотадан тыс келетін оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі ШАРАЛАР
Облыс әкімінің 2001 жылғы 31.07 № 158 шешіміне № 3 қосымша 2001 жылға арналған квотаға сәйкес және квотадан тыс келетін оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі ШАРАЛАР № Шаралар атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 Квота шегінде және квотадан тыс қабылдау жоспарына байланысты өз Отанына қайтып оралуға тілек білдерген оралмандардың көшіп келуін ұйымдастыру, оралман статусының және куәліктердің берулуін қамтамасыз ету Жыл бойына Облыс бойынша көші-қон және демография басқармасы 2 Квотадан тыс келген оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру Келуі бойынша Қала, аудан әкімдері 3 Оралмандар отбасыларының жұмысқа қабілетті мүшелерін олардың біліктігі және мамандағы бойынша жұмысқа, орналастыру жөніндешаралар қабылдау, сондай-ақ, қажетті мамандықтар бойынша дайындау, қайта дайындау жөнінде жұмыстар ұйымдастыру Келуі бойынша Облыстық еңбек, халықты жұмысқа арналастыру және әлеуметтік қорғау басқармасы; көші-қон және демография басқармасы. Қала, аудан әкімдері 4 Облысқа тұрақты тұрғылықты жерге келген оралмандардың зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлеу бөлігінде әлеәметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу Өтініштері бойынша Облыстық еңбек, халықты жұмысқа арналастыру және әлеуметтік қорғау басқармасы 5 Тұрғын үй құрылысына және шаруашылық іс қимылдарын дамытуға жер телімдерінің бөлінуін қамтамасыз ету Өтініштері бойынша Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет 6 Республикалық бюджет есебінен квота шегінде келген оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыруға арналған (бір жолғы жәрдем ақылар, көлік шығындарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, беймделу пункттерін ұстау және ұыймдастырушылық шығыстар) шығыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз ету Көшіт келу шараларына арналған шығыстар сметасына сәйкес Облыс бойынаша көші-қон және демография басқармасы 7 Квотадан тыс келген оралмандар отбасыларының жүгін тасымалдауын, баспамен қамту, жұмысқа орналастыру және азаматтық алу жұмыстарын ұйымдастыру Келуі бойынша Қала, аудан әкімдері 8 Облыс бойынша көші-қон және демография басқармасын квота шегінде келген оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру үшін қажетті көлік пен қамтамасыз ету Келуі бойынша Облыстық «Жолаушылар көлігін басқару қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіп орын 9 Облыс аймағында және орналасу орындарына барар жолда оралмандардың жеке және мүлектік қауыпсіздігін қамтамасыз ету Қабылдау мерзімінде Облыстық ішкі істер бас басқармасы 10 Келген оралмандарды тіркеу, облыс және республика аумағында жүріп – тұруға арналған тиісті құжаттарды рәсімдеу жөнінде жұмыстар ұыймдастыру Келгеннен кейін бір ай мерзімінде Облыстық ішкі істер бас басқармасы 11 Облысқа келген оралмандарға ақысыз медициналық тексеруді уйымдастыру, медициналық көмек көрсетужөніндегі қызметтер тізімін анықтау Келуі бойынша Облыстық көші-қон полиция басқармасы 12 Білім беру мекемелерінде оралмандар балаларын оқытуды және тәрбиелеуді, сондай-ақ қажетіне қарай қосымша сыныптар аша отырып, халақтың жасы үлкен бөлігін сауаттылыққа, кәзіргі кездегі қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастыру Үнемі Облыстық білім беру департаменті 13 Оралмандарға кәсіпкерлік қызметті, ұлтық кәсіпті қайта жаңғыртуды, фермелік және шаруашылық қожалықтарын ұйымдастыруда көмек көрсету Үнемі Қала, аудан әкімшіліктерінің аппараттары 14 Бұқаралық ақпарат құралдарында оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру мәселелерін жариялау Үнемі Телерадио хабарларын таратушы компания, облыстық «Орталық қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінің редакциялары