Об утверждении Правил выделения кредитных ресурсов из республиканского бюджета закрытому акционерному обществу "Аграрная кредитная корпорация" для последующего кредитования сельских кредитных товариществ на 2001 год Қолданыста
Басқа 0
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына кейін ауылдық несие серіктестіктерін несиелендіру үшін республикалық бюджеттен 2001 жылға несие ресурстарын бөлу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Аграрлық несие корпорациясы" жабық
акционерлік қоғамына кейін ауылдық несие серіктестіктерін несиелендіру
үшін республикалық бюджеттен 2001 жылға несие ресурстарын бөлу ережесі
бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына
кейін ауылдық несие серіктестіктерін несиелендіру үшін
республикалық бюджеттен 2001 жылға несие
ресурстарын бөлу ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 4 қыркүйектегі
N 1141 қаулысымен
бекітілген
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына
кейін ауылдық несие серіктестіктерін несиелендіру үшін
республикалық бюджеттен 2001 жылға несие
ресурстарын бөлу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы шарттары
1. Жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Осы Ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына сәйкес N 87 "Ауылдық несие серіктестіктерін несиелендіру үшін Аграрлық несие корпорациясының несиелік ресурстарын қалыптастыру" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Корпорация) республикалық бюджеттен 641340000 (алты жүз қырық бір миллион үш жүз қырық мың) теңге сомасында (бұдан әрі - Несие) несие ресурстарын беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Несиені республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржымині) береді.
Тармақ 3
3. Несие Корпорацияның жарғылық капиталына Корпорацияның қатысуымен құрылған ауылдық несие серіктестіктерін (бұдан әрі - Серіктестіктер) несиелендіру үшін Корпорацияға несиенің мерзімділігі, қамтамасыз етілуі және республикалық бюджетке қайтарымдылығы шарттарында, сыйақының нөлдік ставкасы бойынша, бес жыл мерзімге беріледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржымині, Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Әкімші) Корпорацияға республикалық бюджеттен Несие бөлу тәртібін, Корпорацияның республикалық бюджетке несиені қайтаруды қамтамасыз етуін, қайтару тәртібін және мерзімін реттейтін тиісті несие келісімін (бұдан әрі - Несие келісімі) Корпорациямен жасасады. Несие келісімі ол жасалғаннан кейін үш күн мерзімде Қаржыминінде тіркеледі.
Тармақ 5
5. Корпорацияның қаражатты қайтаруы Несие келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын кестеге сәйкес жүзеге асырылады, төлемдердің кезеңділігі мен мөлшері белгіленеді.
Тармақ 6
6. Корпорация мен Серіктестіктер арасында жасалған несие шарттары бойынша борыштық талап ету құқығын кепілге салу шарты Корпорацияның Несиені республикалық бюджетке қайтаруын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 7
7. Корпорацияның Серіктестіктерге несие ресурстарын бөлуі қолданыстағы заңнамаға және Корпорацияның ішкі несие саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, несие ресурстарын бергені үшін Корпорацияның сыйақы ставкасы жылдықтың кемінде 3 (үш) пайызын құрауы және 5 (бес) пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 8
8. Корпорация Несиенің мақсатты пайдаланылуын және оның республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді. Корпорация түпкі заем алушылардың ақша ағынының қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Серіктестік пен түпкі заем алушы арасында жасалған несие шарты қолданылатын кезеңге екінші деңгейдегі банктерде түпкі заем алушыларға өзінің бақылауында болатын шоттар ашуды Серіктестіктердің ішкі несие саясатында көздеуді ұсынсын.
Тарау 2. 2. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
2. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау
Тармақ 9
9. Несие келісімі тіркелгеннен кейін Корпорацияның қаражатты алуға
арналған өтінім негізінде Қаржымині Әкімшінің бюджеттік шотынан Корпорация
шотына несие қаражатын есептеуді жүргізеді.
Тармақ 10
10. Корпорация Қаржымині белгілеген нысандарда:
Тармақша 1
1) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей
Қаржымині мен Әкімшіге бөлінген несие қаражатын пайдалануы туралы есепті
береді;
Тармақша 2
2) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен
кешіктірмей Қаржымині мен Әкімшіге түпкі заем алушылардан түскен төлемдер
туралы есепті береді.
Тармақ 11
11. Несиенің игерілуін, мақсатты пайдаланылуын және республикалық
бюджетке уақтылы әрі толығымен өтелуін бақылауды Қаржымині жүзеге асырады.
Несиенің пайдаланылу тиімділігін бағалауды Әкімші жүзеге асырады.